Жайын

Жайын (Sіlurus glanіs) – жайынтәрізділер отрядына жататын жыртқыш балық.

Жайынның майдасы лақа деп аталады. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде және бұларға құятын өзендерде кездеседі. Балқаш көлі мен Талас өзенінде жерсіндірілген. Аталығы аналығынан біраз үлкен. Ұзындығы 5 м-дей, салмағы 300 кг-ға жетеді. Жайынның түсі, әдетте, жасыл тектес ашық қоңыр, арқасы қара, бауыры ақ, бүйірінде түрлі дақтары болады. Басы жалпақ, үлкен, кеудесі қысқа, ұзын құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, арқа қанаты кішкентай, құйрық қанаты астыңғы-үстіңгі қалақшаға бөлінбеген, ал құйрық асты (аналь) қанаты өте ұзын келеді. Жақтарында өте майда, көп қатарлы тістері бар. Үстіңгі жақтарында екі ұзын, ал астыңғысында қысқалау төрт мұртшалары болады. Жайын 40 жылдай тіршілік етеді. 3 – 4 жасында (ұзындығы 45 – 60 см болғанда) жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (11 – 480 мыңдай) су температурасы 18 – 20°С болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Бұлар ұсақ балықтар, бақа, моллюскілермен қоректенеді. Кейде су құстарына да шабуыл жасайды. Жайынның еті семіз, майлы болғандықтан кәсіптік маңызы бар. Торсылдағын желім жасауға пайдаланады.

Жайын

Жайын еті

Жайын еті ақ, жұмсақ, майлы, ұсақ қылтанағы болмайды. Жайынды сауда орындарында жастай тоңазытып, мұздатыл, кейде тұздал сатады. Оның етін көкөністің нәрлі суына қайнатқан жөн.

Дереккөздер


Tags:

АралБалқашКаспийЛақаТалас өзеніҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қанның артериялық қысымыАқсу-Жабағылы қорығыАндроново мәдениетіЛейкозБайтұрсыновтың ұрпақ сауатын ашудағы қосқан үлесіКейс әдісіАлаш партиясының бағдарламасыШұғаның белгісіТеатрТүркістан автономиясыҮндістанЭпитетЕркіндікОралхан БөкейЖүсіп БаласағұниМетафораЕуропаПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіТүргеш қағанатыТарауих намазыҒабит Махмұтұлы МүсіреповҚадір түніҚызыл кітапКүкірт қышқылыДара сөздер мен күрделі сөздерМағжан Бекенұлы ЖұмабаевАсқазан ауруларыСақтарЖер құрылымыМұхаметжан ТынышбайұлыАтрофияАқтөбе облысыСаясаттануФонетикаСолтүстік ҚазақстанТүрік қағанатыФутболЦиститШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовАбайдың қара сөздеріБронхитКөнерген сөздерПайдалы қазбаларДулатҚан жасушаларыБуын (фонетика)ВирустарХақназар ханЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыБалдырТеңіз балдырларыПсихологияның зерттеу әдістеріЖатыр ауруларыҚұстар1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҚұқықЖатырдан тыс жүктілікИнвестицияӘн-Нас сүресіҚазақстан аудандарыӘбілхайыр хандығыMicrosoft ExcelРезус-факторТөл сөзҚызбаАйқапГенетикаБесеудің хатыАлаш партиясыАнтропогендік факторАғылшын революциясыҚазақстан астанасыЭкзистенциализмЖапырақҚыстырма сөзБуддизмАвтомобиль маркаларының тізімі🡆 More