Фонетика Буын

Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі.

Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер: 1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды; 2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.). Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп); 4) Буында мағына болмайды; 5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді); 6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі); 7) сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды). Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып Буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың Буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде). Мысалы, Буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанмен, әрқайсысы бір-бір Буынды сөздер ретінде қаралады. Ондай дауыссыздарды Буын құраушы дауыссыздар деп атайды. Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін Буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт. Қазақ тілінде Буын құрамындағы дыбыстардың басын құрап тұратын фонетикалық заң — үндестік заңы (сингармонизм). Үндестік заңының әсерімен Буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз дыбыстар біркелкі жуан Буын (шана, жұлдыз) не жіңішке Буын (кө-мір, кү-шік), еріндік (жү-зүм, бү-күр) не езулік (қы-зық, жә-бір) болып айтылады. Егер тілімізде аралас (жуан, жіңішке) Буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Мысалы, педагог, параллелипипед, т.б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.

Tags:

Ашық буынБітеу буынДауыссыз дыбыстарДауысты дыбысЖуанЖіңішкеСингармонизмСөйлеуТұйық буынФонемаФонетикаФонетикалық заңдылықтарҮндестік заңы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖаңбырИнфрақұрылымАлкандарЖүктілікБіріккен Араб ӘмірліктеріӘлемдегі ең танымал кітапханаларЭлектр тогыХимия өнеркәсібіМетонимияҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміҚазақстан халқының бірлігі күніҚұнанбай ӨскенбайұлыКүн (жұлдыз)АйтысМаңғыстау облысыКартопЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОХақназар ханЖеңіс күніКітапханаТуризмМұқағали Сүлейменұлы МақатаевТемірСинонимҚазақстан көлдеріТайландҰлы Отан соғысыАнтонимҚазақ мәдениетіСөйлемнің бірыңғай мүшелеріАдам өмірінің негізгі кезеңдеріЖер құрылымыҚой шаруашылығы38-атқыштар дивизиясыЖүйке жасушаларыҚазақстан аудандарыҚазақстанның тұңғыш мектептеріКүн жүйесіҚазақстанның экономикалық аудандарыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыБатыс ҚазақстанЖәнібек ханҚыпшақтарЭндокриндік жүйеЖылқыҚазақстандағы жануарлар әлеміБейбіт СейдуалиеваҰшқан ұяАшық тұқымдыларҚазақстан географиясыЖұлдызды аспанЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріХолециститАдайҒарышқа ұшқан жануарларАбортСинтаксисЭлектромагниттік толқындарҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақстан 2030РоботҚан мен терМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміНАТОЖеті қазынаӘбілхан ҚастеевЭкологиялық апатБатыс Түрік қағанатыЕліктеу сөзҚазақ әліпбиіҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміБронхитБейімбет Жармағамбетұлы МайлинАрыстанбабАйша бибіБесеудің хатыТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріСалт-дәстүр🡆 More