Гваделупа

61°35′00″ б. б. / 16.25000° с. е.

61.58333° б. б. / 16.25000; -61.58333 (G) (O) (Я)

Гваделупа (фр. Guadeloupe) — Кіші Антиль топаралындағы (Кариб теңізі) Францияның территориясы. Ол өзіне жақын орналасқан бірнеше ұсақ аралдармен бірігіп, Францияның “Теңіз сырты департаментін” құрайды. Жалпы жер аумағы 1,8 мың км². Халқы 411 мың (1997). Әкімш. орталығы — Бас-Тер қ. Тұрғындары, негізінен, зәңгілер мен мулаттар. Ресми тілі — француз тілі, бұған қоса креол, ағылшын тілдері де қолданылады. Тұрғындары католиктер. Француз үкіметіне тікелей бағынатын префектура мен жергілікті өзін өзі басқару органдары (Бас кеңес пен аймақтық кеңес) бар. Бұл аралдар тропиктік белдеуде орналасқан. Жауын-шашын мөлшері жоғары (жылына 8000 мм). Топырағы құнарлы, өсімдіктер дүниесі мәңгі жасыл ормандардан тұрады. Аралдың өте бай ерекше табиғатын сақтап қалу үшін Гваделупа табиғи қорығы құрылған. Аралдарды Х. Колумб 1493 ж. ашқан. 1635 ж. Францияның отарына айналды. 17 — 18 ғ-ларда Африкадан құлдар әкелінді. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың бас кезінде аралды Ұлыбритания басып алды, бірақ 1816 жылғы келісім бойынша Францияға қайтарылды. 1846 ж. құлдыққа тиым салынды. 1946 жылдан бері Францияның департаменті. Экономикасының негізін а.ш., туризм, жеңіл өнеркәсіп салалары құрайды. Жан басына шаққанда орташа табыс мөлш. 8600 долл. Экономикаға негізінен француз компаниялары үстемдік жүргізеді (импорттың 64,4%-і, экспорттың 63%-і). Бұдан басқа сауда серіктестері: Германия, Италия, Жапония, АҚШ.

Гваделупа
Серіктен көрініс

Tags:

Географиялық координаттар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіАнтигитлерлік коалицияТабиғатты қорғауЖоғары молекулалы қосылыстарӘбілхан ҚастеевҚант диабетіҚайыңҚазақстанның пайдалы қазбаларыҚазақстан экономикасыМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыЗат есімКөксерек (әңгіме)ӨзгергіштікХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыТабиғи сұрыптауКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысАндроново мәдениетіЕсімдікЕтісКүкіртҚазақ мәдениетіХалықаралық ұйымдарШанхай Ынтымақтастық ҰйымыКәсіпкерлікЖасанды интеллектСюрреализмЛеонардо да ВинчиЭлектромагниттік индукцияЖеті жарғыОнтогенез1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанБауыржан МомышұлыКөмірМагмалық тау жыныстарыЖарықтың шағылуыТәттімбет ҚазанғапұлыМюнхен келісіміМұнай өнеркәсібіҒабиден МұстафинНесіпбек Тұрысбекұлы АйтОтын-энергетикалық кешенСталинград шайқасыАлаш ОрдаАс қорыту жүйесіМитозСудың ластануыДәруменӘл-ХорезмиЭкспрессионизмЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)ШыршаҚарақұмықЭлектр тогыЖалаң сөйлемЕсім хан саясатыГенетикаСарқылатын ресурстарҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыРахат кондитер фабрикасыӨкпеҚазақстан аудандарыТұрар РысқұловЖарықҚазақстан халқының бірлігі күніАнықтауышИсламАқпарат технологиясыЭндемикАй (серік)Әл-Фатиха сүресіАзаматтық іс жүргізу құқығыТөлеу сөзМәтінКонсументтерГерманияРимЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріЭмбриогенезКайнозой🡆 More