Бірінші Балқан Соғысы

Бірінші Балқан соғысы (түр: Birinci Balkan Savaşı; грек: Αʹ Βαλκανικός πόλεμος; болг: Балканска война;) — Балқан одағы (Болгария, Сербия, Грекия және Черногория) мемлекеттері мен Түркия арасындағы соғыс.

1912 ж. Аустрия-Германия блогына қарсы тұра алатын Балқан одағының құрылуын Антанта елдері қолдады. Осман империясының әлсіреуі, Балқан түбегіне Аустрия-Мажарстан тарапынан келер қауіптің күшеюі Балқан елдерінің белсенді әрекет етуіне әсерін тигізді. Балқан одағындағы Болгария Салоники мен Батыс Фракияны өзіне қосып алу арқылы Эгей теңізіне шығуды көздесе, Сербия Грекиямен бірлесе отырып, Албанияны бөліске салуды, сонан соң Адрия теңізіне шығуды мақсат етті. Болгария мен Сербия Македонияның барынша көп бөлігін иемденуге ұмтылды. Македония мен Албаниядағы көтерілістер және Италия-Түркия соғысы (1911 – 12) Бірінші Балқан соғысының тұтануын тездетті.

Бірінші Балқан соғысы
Сағат тілімен жоғарғы оң жақта: Серб әскерлері Митровица қаласына кіреді; Куманово шайқасында Османлы әскерлері; грек королі Джордж I мен Болгар патшасы Фердинанд I-нің Салоникиде кездесуі; Болгар ауыр артиллериясы

Сағат тілімен жоғарғы оң жақта:

Серб әскерлері Митровица қаласына кіреді; Куманово шайқасында Османлы әскерлері; грек королі Джордж I мен Болгар патшасы Фердинанд I-нің Салоникиде кездесуі; Болгар ауыр артиллериясы
Дата

8 қазан 191230 мамыр 1913

Орын

Балқан түбегі

Нәтиже

Балқан одағының жеңісі

Аумақтық
өзгерістер

Балқандағы Осман империясының қол астындағы аумақ Балқан мемлекеттері арасында бөлінген.

Қарсыластар

Балқан одағы:
Бірінші Балқан Соғысы Болгария патшалығы
Бірінші Балқан Соғысы Сербия патшалығы
Бірінші Балқан Соғысы Грекия патшалығы
Бірінші Балқан Соғысы Черногория патшалығы
қолдауымен:
Бірінші Балқан Соғысы Албан еріктілері
Бірінші Балқан Соғысы Ресей империясы

Бірінші Балқан Соғысы Осман империясы
қолдауымен:
Черкес еріктілері
Бірінші Балқан Соғысы Албан еріктілері
Бірінші Балқан Соғысы Аустрия-Мажарстан

Қолбасшылары

Бірінші Балқан Соғысы I Фердинанд
Бірінші Балқан Соғысы Васил Кутинчев
Бірінші Балқан Соғысы Никола Иванов
Бірінші Балқан Соғысы Радко Димитриев
Бірінші Балқан Соғысы Георгий Тодоров
Бірінші Балқан Соғысы I Георг †
Бірінші Балқан Соғысы I Константин
Бірінші Балқан Соғысы I Петер
Бірінші Балқан Соғысы I Александер
Бірінші Балқан Соғысы I Никола
Бірінші Балқан Соғысы Риччото Гарибальди

Бірінші Балқан Соғысы V Мехмет
Бірінші Балқан Соғысы Кәміл паша
Бірінші Балқан Соғысы Махмұт Шевкет паша
Бірінші Балқан Соғысы Әнуар паша
Бірінші Балқан Соғысы Назым паша
Бірінші Балқан Соғысы Зеки паша
Бірінші Балқан Соғысы Мехмет Есат паша
Бірінші Балқан Соғысы Абдулла паша
Бірінші Балқан Соғысы Әли Риза паша
Бірінші Балқан Соғысы Ысмайыл Хаккы паша
Бірінші Балқан Соғысы Хасан Риза паша †
Бірінші Балқан Соғысы Мехмет Шүкрү паша
Бірінші Балқан Соғысы Эссад Паша Топтани
Бірінші Балқан Соғысы Рауф Орбай паша

Тараптар күші

749,500

436 742

Шығындар

108 000

340 000

Түркияның Македония мен Фракияға автономия беруден және олардың халқын түрік армиясы қатарына алудан бас тартуы соғысқа сылтау болды. Черногория 1912 ж. 8 қазанда Түркияға қарсы соғыс жариялап, 35 мың әскер, Болгария шамамен 300 мыңдай, Сербия 280 мыңнан астам, ал Грекия 110 мыңға тарта әскер шығарды. Әскери қимылдар 1912 ж. 9 қазанда басталды. Түркия оларға тек 300 мыңдай ғана әскер қарсы қоя алды. Бірінші Балқан соғысы одақтастар үшін сәтті болды. Болгария әскерлері Константинопольге бет түзеп, Эгей теңізіне шықты және Фракиядағы Эдирне қаласын (Адрианополь) қоршады, грек армиясы Салоникиді басып алды.

Сербия күштері Македонияның басым бөлігін, Косовоны және Нови-Пазарды жаулап алды. Албаниядағы черногориялықтар сербтермен бірлесе отырып, Адрия теңізіне шығып, Шкодерді (Скутари) қоршауға алды. Ал, грек флоты Дарданелл бұғазының шығар аузын жауып тастап, Эгей теңізінде үстемдік етті.

Түркия ауыр жағдайда қалып,1912 ж. қарашада ұлы державаларға ара ағайындық жасау жөнінде өтініш білдірген соң, солардың араласуымен 1912 ж. 3 желтоқсанда әскери қимылдар тоқтатылды. 1912 ж. 17 желтоқсанда Лондонда басталған келіссөздер нәтижесінде Түркия Балқан елдері қойған талаптарды қабылдауға келісімін берді. Түркия өзінің тек Константинопольден басқа барлық еуропалық иеліктерінен бас тартқан соң, шекарасы Мидье-Радосто шебі арқылы ғана өтетін болды.

Бірақ, 1913 ж. қаңтарда Түркиядағы төңкеріс нәтижесінде билік басына келген Жас түріктер кабинеті Германияның қолдауымен Балқан одағы елдерінің талаптарын қабылдамай тастады. 1913 ж. 3 ақпанда соғыс қимылдары қайта жанданды, бірақ 6 наурызда келіссөз қайта басталды.

1913 ж. 30 мамырда қол қойылған Лондон келісім-шарты бойынша Балқан түбегінің құрылымы белгіленіп, Балқан елдері мен Түркия арасындағы шекара Мидье-Энез бойымен өтті. Түркия өзінің бүкіл еуропалық иелігінен (Стамбұл мен Фракияның шағын бөлігінен басқа) айырылды. Бірінші Балқан соғысы нәтижесінде Осман империясының жеңіліске ұшырауы, бір жағынан, Албанияның тәуелсіздік алуын (28.11.1912) тездетсе, екінші жағынан, Балқан одағы елдерінің арасындағы қайшылықтарды шиеленістіре түсті.


Tags:

Болгар тіліГрек тіліТүрік тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шығыс Рим империясы1921-1922 жылдардағы ашаршылықӘз-Жәнібек ханЭнеолитАристотельАвтомобиль түрлеріСоқырішекМайларЖаһандануАбай облысыҚазақ әліпбиіСаясатЖәннәтпен сүйіншіленген он сахабаӘмір ТемірТүйелерМеталдарДін философиясыРайымбек батырАбай Құнанбайұлының шығармаларыМексикаҚазақстан 2050Тәуекел ханЭкологиялық проблемаОралхан БөкейALEM (Ninety One)Зат алмасуӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіБіләл СүлеевШығыс Түрік қағанатыБесін намазыЕр ТөстікШығыс Қазақстан облысыМезолитНоғай ордасыДебатМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚытайСабақтас құрмалас сөйлемҚазақстан халқы ассамблеясыСалауатСолтүстік АмерикаҚұнанбай ӨскенбайұлыГерманияАқан серіХадишаПессимизмХолециститПсихологияның зерттеу әдістеріДемократияБауырымен жорғалаушыларЖанқожа НұрмұхамедұлыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаZaQ (Ninety One)ГенетикаҚарлығаш Төлегенқызы МұхамеджановаЖоңғар шапқыншылығыКөңіл толқыны (күй)Ұлы жүзЖалғаулық шылауларБиосфераМысықӘл-хамду ли-ЛләһБайғазыЭрих Мария РемаркАбай және оның орыс достарыҚазақстан астанасыThe Goddess BunnyӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Намазды бұзатын нәрселерӨсімдік ұлпасыАбылай ханКіші жүзӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановФерменттерФосфорБесеудің хатыКөкпарХристофор Колумб🡆 More