Аналды Секс

Аналды секс немесе аналды жыныстық қатынас - эрекцияланған жыныстық қатынас мүшесін сексуалды ләззат алу мақсатында адамның анусына немесе анусы мен тік ішегіне енгізу.

Аналды секстің бұдан басқа түрлеріне секс-ойыншықтарды қолдану, анус аймағында орындалатын оралды секс (анилингус), фингеринг жатады. Аналды секс ұғымы көбіне пенис-анус енгізілуіне қолданылғанымен, ақпарат көздері пенис-анус енгізілуін сипаттау үшін тек аналды жыныстық қатынас ұғымын қолданып, аналды секс ұғымын жалпы аналды сексуалды белсенділікті сипаттауға қолданады, және аналды мастурбацияға кері қойып, көбіне жұптар арасындағы белсенділікті сипаттайды.

Аналды секс көбіне ер гомосексуалдылықпен байланыстырылғанымен, зерттеулер көрсеткендей, барлық гей-ерлер аналды секспен айналыспайды, және гетеросексуалды жұптар арасында да жиі кездеседі. Аналды секстің кей түрлері тіпті лесбияндық сексуалды белсенділіктерде де кездеседі. Адамдар аналды секстен анустық жүйке ұштарының стимуляциясының әсерінен сексуалды ләззат алуы мүмкін, ал оргазм аналды енгізілудің , ер адамдарда қуық асты безінің стимуляциясының арқасында, әйел адамдарда деліктінің және қынаптың екінші реттік стимуляциясның арқасында тууы мүмкін. Дегенмен, кей адамдар аналды сексті ауыратын белсенділік түрі деп есептейді,, бұл көбіне психологиялық факторлармен байланысты.

Басқа да сексуалды белсенділік түрлеріндегідей, аналды секс барысында қатысушылар жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ/ЖЖБА) жұқтырту қауіпі бар. Анус пен тік ішектің осалдылығына байланысты, аналды секс жоғарғы қауіптегі сексуалды тәжірибе түріне жатады. Аналды және ректалды ұлпалар өте нәзік, және қынап тәрізді майланбайды, сол себепті оңай жарылып, инфекцияның берілуіне жол ашады, әсіресе майлаушы агент қолданылмаса. Мүшеқапсыз орындалған аналды секс сексуалды белсенділіктің ең қауіпті түріне жатады,, сондықтан денсаулық сақтау ұйымдары, мысалы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДҰ), қауіпсіз аналды секс тәжірибелеріне нұсқаулық етеді .

Мәдени көзқарас

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

АнилингусАнусЖыныстық қатынас мүшесіОралды сексФингеринг

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тыныс алу жүйесіЖыныс мүшелерінің құрылысыБейбітшілікКөксерек (әңгіме)Отырар кітапханасыМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)РоботСаркомерлерСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайФизикалық-географиялық аудандастыруМал шаруашылығыЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Қазақстанның экономикалық аудандарыКорея РеспубликасыҚарахан мемлекетіТұмар ханшаАқуызТемекіХалел ДосмұхамедовСинтаксисҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріКварцКөктемҚазақстан Республикасының КонституциясыНүкте (тыныс белгісі)БуддизмЖерПайдалы қазбаларАшық тұқымдыларКүй аңызы (әңгіме)Желтоқсан көтерілісіФерменттерҚазақстан мемлекеттік рәміздеріОрбұлақ шайқасыАлтынемел ұлттық паркіҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыДомбыраЕсім ханКонсументтерДемографияНАТОДүниежүзінің табиғат ресурстарыҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыМезозой2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріҚызмет көрсетуСпартак көтерілісіМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыДін философиясыКүрішСелекционерПедагогикаНафтаАлюминийХолециститФутуризмБактериялар1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанСалт-дәстүрҚазақстанның Қызыл кітабыАғзалар арасындағы байланыс түрлеріКітапТүркістан облысыБасынқы сөйлемҚазақстан өзендеріТемекі шегуҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіАтом ядросыҚызыл кітапМагмалық тау жыныстарыТоғыз-құмалақЖай механизмГлюкозаЭкономикалық қатынасҚазақ мәдениетіПлагиат🡆 More