Александр Гамильтон

Александр Гамильтон — Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қайраткері, алғашқы қаржы министрі (1789—95), «негіздеуші әкелердің» бірі.

Александр Гамильтон
Alexander Hamilton
Джон Трамбулл салған портрет, 1806 жыл
Туған күні

11 қаңтар 1757 (1757-01-11)

Туған жері

Чарлстаун (Сент-Китс және Невис)

Қайтыс болған күні

12 шілде 1804 (1804-07-12) (47 жас)

Қайтыс болған жері

Гринвич-Виллидж, Нью-Йорк

Азаматтығы

АҚШ

Діні

Пресвитериандық

Партиясы

Федералистер партиясы

Мансабы

Экономист, банкир, юрист, саясаткер, әскери офицер

Жұбайы

Элизабет Гамильтон

Балалары

8

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Тәуелсіздік жолындағы соғыс (1775—1783) кезінде шешендігімен әрі публицистігімен көзге түсті. Гамильтонның құн, ақша, баға мәселесі жөніндегі зерттеулері АҚШ-тың саяси экономиясын ілгері дамытуға ықпал етті.

Ол мықты федералдық үкіметтің, қуатты экономика мен армияның, мануфактуралық өндірістің қолдаушысы болған. Өзі алғашқы екі банктың құрылуына себепші болған.

1789 жылы ол Американың алғашқы саяси партиясы болып саналатын Федералистер партиясының негізін қалады.

Конституция және «Федералист жазбалары»

1787 жылы Гамильтон Нью-Йорк штатының заң шығару жиналысының депутаты болып сайланды, ол Конституциялық жиналыстарға делегат болып қатысты. Алғашқы ұсыныстардың бірі президенттің билігін өмір бойына жеткізу керек деген ойы болды.

Жаңа Конституцияны жақтайтын эсселер жинағының негізгі авторы болды (Джеймс Мэдисон мен Джон Джеймен бірге). «Федералист жазбаларына» кірген 85 мақаланың ішінен Гамильтон 51-н жазған.

Қаржы министрі

1789 жылдың мамырында Джордж Уошингтон президент міндетін атқара бастағандықтан, жаңа министрлер кабинетін құруға кірісті. Қаржы министрі лауазымын Александр Гамильтонға ұсынды. 11 қыркүйекте ол алғашқы қаржы министрі болып тағайындалды.

Гамильтон өз күш-жігерін әсіресе мемлекеттік қарыз мәселесін шешуге бағыттады. Сондай-ақ ол кедендік алымдар жүйесін реттеді және Ұлыбританиямен сауда қарым-қатынастарын тиімді қалпына келтірді. 1791 жылы ол мемлекеттік ақша сарайын құру жоспарын ұсынды, АҚШ ақша сарайы келесі жылы құрылды.

Александр Гамильтон 
Александр Гамильтон
10-долларлық банкнотада

Дереккөздер

Tags:

Америка Құрама ШтаттарыАмерика Құрама Штаттарының негізін қалаушылар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ағзалардың жеке дамуыОрталық ҚазақстанҚазақстан өзендеріБесеудің хатыЖүсіпбек АймауытовКаспий экологиясыРесейҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыЖамбыл ЖабайұлыАшық тұқымдыларКенесары ханАҚШ экономикасыӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықАктинАйнұр ТұрсынбаеваҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріКүш моментіТабиғи газОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыФилософияХақназар ханАвтокөлік шығаратын елдер тізіміТұқым қуалаушылықМұхтар ШахановРобототехникаАнтигитлерлік коалицияМәлік ҒабдуллинҚазақстандағы «қайта құру» саясатыПайдалы қазбаларІлияс ЕсенберлинМұражайМал шаруашылығыАсық ойыныТемірхан МедетбекГенетикаАрқарМюнхен келісіміЖүктілікҚазақтың ұлттық тағамдарыСәбит Мұқанұлы МұқановЖер сілкінуВирустарТылҚожа Ахмет Ясауи кесенесіСырым ДатұлыГүлді өсімдіктерКөксерек (әңгіме)ТеріТүркістан облысыҚорқыт атаМагнит өрісіШыңғыс ханАллитерацияМәскеу шайқасыРоботҚорғансыздың күні (әңгіме)МетонимияМемлекетФерменттерМагмалық тау жыныстарыАлаш қозғалысыАлматы облысыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыУнитарлы мемлекетҚарағайАйша бибі кесенесіАмерика Құрама ШтаттарыАлкандарҚазақстан 2030Тәуекел ханТөле биЮНЕСКОҚазақстан аудандарыТүрік қағанатыТөл сөз🡆 More