Қозықұйрық

Қозықұйрық (Agarіcus) – агарикалар тұқымдасына жататын қалпақты саңырауқұлақ туысының бірі.

Қозықұйрық жер шарының барлық жерінде кездеседі, әсіресе, Франция, Америка, Ресейде көп таралған. 60-тан астам түрі белгілі. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауында, Солтүстік Қазақстан және Алтайда, органикалық заттарға бай орман, шалғынды жерлерде өседі. Жиі кездесетін түрлері: екі споралы Қозықұйрық (A. bіsporus), кәдімгі Қозықұйрық (A. campester) және далалық Қозықұйрық (A. arvensіs). Бұлардың қалпағы ақ, ақшыл сары немесе қоңыр түсті, сырты ұсақ қабыршақ қабатты жарты шар тәрізді болады. Қалпағының диаметрі 3 – 25 см, оның төмен жағында жұқа жамылғысы орналасқан. Аяқшасы (түбіртегі) түзу, тығыз, кейде бос, қуыс болады; ұзындығы 10 см, диам. 3 – 5 см. Етті, ақ түсті, жемістік денесінің жағымды иісі бар. Қозықұйрық жылыжайда ауа температурасы 11 – 14°С, ылғалд. 80 – 90% болғанда 1,5 – 2 айда пісіп жетіледі. 300 жылдан бері қолдан өсіріледі. Екі споралы Қозықұйрық – жеуге жарамды, оның құрамында 45%-дай белок болады. Қозықұйрықтың 2 түрі (A. meleagrіs және A. xanthoderma) улы саңырауқұлақтың қатарына жатады.

Қозықұйрық
Қозықұйрық

Дереккөздер


Tags:

Іле АлатауыАлтайАмерикаЖетісуЖоңғарРесейСаңырауқұлақСолтүстік ҚазақстанТянь-ШаньФранция

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Аралас құрмалас сөйлемЖелтоқсан көтерілісіҚазақ халқының ұлттық ойындарыҚазақстанның кен ресурстарыАбайдың қара сөздеріҚазақстандағы минералды ресурстарШекпенТәуке ханВирусты гепатит АБірінші Мемлекеттік ДумаКөксерек (әңгіме)Мұнай экспорттаушы елдер ұйымыІлияс ЖансүгіровЭлектромагниттік толқындарМұнайСән және қолданбалы өнерТұманбай МолдағалиевҰлпан (роман)УрбанизацияҚожа Ахмет Ясауи кесенесіИндустрияландыруКіші жүздің Ресейге қосылуыАққуларҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысШанхай Ынтымақтастық ҰйымыАспанЮпитерНашақорлықҚазақстанның сыртқы саясатыХақназар хан1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)ТуризмНесіпбек Тұрысбекұлы АйтҚазақ театрыГендерлік сәйкестікҚанСырым ДатұлыЭтил спиртіҚазақстан демографиясыКиіз үй құрылысыСыбайлас жемқорлықҚимақ қағанатыАрыстан баб кесенесіРедуценттерҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыПайдалы қазбаларКорея РеспубликасыАлаш автономиясыҚонақжайлылықҚазақстан географиясыСаяси қақтығысЕжелгі ГрекияЖұлынСиэтл СаундерсКүн (жұлдыз)Жылулық сәулелену. Абсолют қара денеҚұрманғазы СағырбайұлыТалғаулы салалас құрмалас сөйлемҚазан төңкерісіЖүйке жүйесіСатурнТемірбек Қараұлы ЖүргеновОразаБанкСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыБесін намазыАксонБатыс Сібір жазығыЖақыМұхтар ШахановЖеті жарғыАмитозӘйелдердің киім-кешегіҚытай тарихы🡆 More