Қаратау Қорығы

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығыТүркістан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан мемлекеттік қорық. Онда өсетін сирек кездесетін және эндемик түрлерінің саны жағынан Қазақстанда бірінші орында. Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған, аумағы 34,3 мың га.

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
Қаратау Қорығы
ХТҚО санаты — Ia (Қатаң табиғи резерват)
Жалпы мағлұмат
Ауданы34 300 га
Құрылған уақыты1 наурыз 2004 жыл
Басқаратын ұйымҚазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Сайтыhttp://karatau-gpz.kz/
Орналасуы
43°43′00″ с. е. 68°44′00″ ш. б. / 43.71667° с. е. 68.73333° ш. б. / 43.71667; 68.73333 (G) (O) (Я) 68°44′00″ ш. б. / 43.71667° с. е. 68.73333° ш. б. / 43.71667; 68.73333 (G) (O) (Я) (T)
ЕлҚаратау Қорығы Қазақстан
АймақТүркістан облысы
Ең жақын қалаТүркістан, Кентау
Қаратау қорығы (Қазақстан)
Қаратау Қорығы
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
Қаратау қорығы (Түркістан облысы)
Қаратау Қорығы
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
Қаратау Қорығы Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы Ортаққорда

Географиялық орны мен геологиясы

Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақ ауданы бар, батысында Баялдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорықтың солтүстік шекарасында Бессаз тауы (теңіз деңгейінен 2176 м) орналасқан. Жер бедерінің айрықша ерекшелігі - өзіндік қатпарлары болуы. Девон дәуіріндегі әктастың сирек, ал палеозойда тас көмір кезеңіндегі шөгінді жыныстардың көп болуы тән. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқын байқалады. Табиғат құйған ғажайып тас мүсіндер (Түйетас, Хантағы, Кемпіртас, т.б) ерекше көз тартады.

Климаты

Ауа райы континенттік климат, құрғақ. Жылдық орташа температурасы 8-12°С (қаңтардағы орташа температура -5°С, шілдедегі орташа температура 27°С).
Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 400 мм шамасында, таудың жоғары бөлігінде 500 мм, жекелеген жерлерде 700 мм.
Қардың қалыңдығы 20-30 см, желдің орташа жылдамдығы 3-4 м/с.

Белдеуі

Қаратау қорығының аласа таулы бөлігі таулы-жусанды белдеуді, ал орта таулы бөлігі дала белдеуін алып жатыр. Жусанды белдеуде кәдімгі сұр топырақ, дала белдеуінде таудың қоңыр және қара топырағы қалыптасқан. Тек Бессаз тауында ғана түрлі субальпі шөптері өскен таудың өзіндік шалғынды-далалы топырағы, ал өзен жағалауы жайылмасында орманды-шалғынды топырақ кездеседі.

Флорасы

Тауда қаратау жусаны басым. Сондай-ақ тікенекті шөптер және шала бұталар мен бұташықтардан кемпіршөп, сетен, көбенқұйрық, Регель тарбақайы, Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т.б. эндемик болып саналады. Ал Қаратау қорығының Берікқара қорықшасында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Жапырағы түсетін бұталар тоғайы аз аумақты алып жатыр, олар беткейдің ойысты жерлерінде және шатқал табанына бейімделген. Өзен жағалауын бойлай созылған тоғайларда түркістан доланасы, тұт, Сиверс алмасы, Семенов үйеңкісі кездеседі. Қорықта өсетін 1600 өсімдік түрінің 62-сі эндемик, 52-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Фаунасы

Құстардың 118 түрі бар, Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш құстардан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай; қосмекенділерден сарыбауыр қарашұбар жылан мекендейді. Қосмекенділерден барлық жерлерде жасыл құрбақа басым, көлбақа сирек кездеседі. Сонымен қатар "Қызыл кітапқа" енгізілген сүтқоректілердің 3 түрі (қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары) осында қорғалады.

Дереккөздер

Tags:

Қаратау Қорығы Географиялық орны мен геологиясыҚаратау Қорығы КлиматыҚаратау Қорығы БелдеуіҚаратау Қорығы ФлорасыҚаратау Қорығы ФаунасыҚаратау Қорығы ДереккөздерҚаратау Қорығы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Байқоңыр (ғарыш айлағы)Лаңкестік әрекетКүн жүйесіТұқым қуалайтын ауруларҚазақстан темір жолыМұражайҚайталауҚозы Көрпеш – Баян СұлуГеографияЖүрек ауруларыТіршілік ортасыФотоэлектрлік құбылыстарТабиғи сұрыптауЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріФотосинтезҚыпшақтарЭкологиялық апатШешендік өнерБатыс Түрік қағанатыКөкжөтелЭкономикаФилипп Исаевич ГолощёкинҚазақстанның мемлекеттік құрылымыМикроорганизмАйқындауышҰрықтануВирустарҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыКомпьютерлік желіҚолдан сұрыптауҚобызАдамаралық қарым-қатынасФутболХалықаралық еңбек бөлінісіМикроэлементтерАлкендерКүнбағысСарматтарШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазыбек биКүкіртҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыҚабанбай батырЖүктілікСабақтас құрмалас сөйлемҚазақ хандарыҚояндарАй (серік)Қыз ЖібекАлматы қорығыАзамат соғысыОғыз мемлекеті316-атқыштар дивизиясыМейозСалқам Жәңгір ханЭлектр энергетикасыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыАлкандарЕкінші дүниежүзілік соғысЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміТегеран конференциясыҚаратпа сөзШиенің түрлеріҚазақ хандығыТитанҚазақстан 2050Ғылыми-техникалық революцияҚазақстан әкімшілік бірліктеріӨзбекстанКаспий теңізіБалдырТөле биАсқорыту мүшелеріНұралы ханАғзалардың жеке дамуыТырнақшаРоботСүтқоректілерЭмбрион🡆 More