Алакөл Қорығы

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығыТентек сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Жетісу облысының Алакөл және Абай облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 65672 га. Қорықтың аумағы 12 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 17, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 324 және сүтқоректілердің 33 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 16 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 286 түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы
Жалпы мағлұмат
Ауданы65 672,01 га
Құрылған уақыты21 сәуір 1998 жыл
Басқаратын ұйымҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Орналасуы
46°11′00″ с. е. 81°47′00″ ш. б. / 46.18333° с. е. 81.78333° ш. б. / 46.18333; 81.78333 (G) (O) (Я) 81°47′00″ ш. б. / 46.18333° с. е. 81.78333° ш. б. / 46.18333; 81.78333 (G) (O) (Я) (T)
ЕлАлакөл Қорығы Қазақстан
АймақтарЖетісу облысы, Абай облысы
АудандарАлакөл ауданы, Үржар ауданы
Алакөл қорығы (Қазақстан)
Алакөл Қорығы
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы

Алакөл көлі

Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жетісу Алатауының солтүстік шығысында жатқан тұзды көл минералды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Сонымен қатар, Сіз көл бойында 35 км созылып жатқан Құстар Аралынана Фламинго құстары мен басқа да 40 түрлі құстарды көре аласыз.

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ежелгі Рим мәдениетіЕртісӨңдеуші өнеркәсіпШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновАқан серіСақтарСаяси партияҚазақстан темір жолыЧарлз ДарвинЯдродағы нуклондардың байланыс энергиясыҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыТүркістан облысыТүркияТранспортирКомпьютерлік вирусКөшпенділер (трилогия)Экономикалық интеграцияЗат алмасуОңтүстік АмерикаҚазақстан және БҰҰАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіЕуропа одағыСөйлемнің бірыңғай мүшелеріАмёбаМемлекет астаналары тізіміЕсік Алтын адамыҚант диабетіТүркістан автономиясыМысСаркомерлерҚазақстан қалаларыҚазақстан демографиясыПалеозойТүрік қағанатыЕтеккірҚазақстандағы «қайта құру» саясатыҚозы Көрпеш – Баян СұлуЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміШолпан (ғаламшар)ОксидтерТүркістан (қала)ИнтеграцияРенессансКөнерген сөздерЖапонияМұстафа Кемал АтатүрікМеталлургияҚұрмалас сөйлемӘлемнің жеті кереметіМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіКемпірқосақҚазақстандағы жануарлар әлеміНАТОТыныс белгілеріЖүйке жасушаларыЛенинград шайқасыРайымбек батырҒылымБәдікИсламҚарағайОсип Андреевич ИгельстромҚазақстандағы көмірБарбаросса жоспарыТаразКүнделік.кзСолтүстік ҚазақстанДенсаулықАнықтауышӨсімдіктерМагниттік өтімділікТүпті жуаРиторикалық сұрақ-жауапЕкінші дүниежүзілік соғысБидай (астық)Қазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Қозыке Бишімбайұлы БишімбаевЭстроген🡆 More