Қазақстандағы Уақыт

Қазақстандағы уақыт республика үкіметінің қаулысымен реттеледі, оған сәйкес UTC+5 уақыт белдеуі қолданылады.

Қазақстанның шеткі шығыс және Батыс нүктелері арасындағы географиялық бойлық айырмасы 40°45' құрайды, бұл жергілікті күн уақытының айырмашылығына 2 сағат 43 минут сәйкес келеді. Іс жүзінде республика аумағы төрт географиялық уақыт белдеуінде орналасқан: UTC +3, UTC +4, UTC +5, UTC +6.

Қазақстандағы Уақыт
Қазақстандағы уақыт
Қазақстандағы Уақыт
Географиялық уақыттық белдеулер
Қазақстандағы Уақыт
2024 жылдың 1 наурызына дейінгі Қазақстандағы уақыт белдеулері:      UTC+5      UTC+6

2005 жылдан бастап жазғы уақытқа көшу қолданылмайды.

№775 «Қазақстан Республикасы аумағында уақытты есептеп шығару туралы» қаулысына өзгерістер енгізілген. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстары UTC +5 белдеуде, ал қалған облыстар UTC +6 белдеуге жатқызылған. Бұлардың барлығы «облыстарда жұмыстарды жеңілдету, еліміздің бірыңғай энергожүйесінің жұмысының тиянақтылығын қамтамасыз ету, телеқатынас жүйелерінің ішкі және сыртқы көлік жүк тасымалының үйлесімділігі үшін» жасалған. Қаулы облыстар әкімшілігі мен экономика және Әділет министрлігімен келісілген.

Біртұтас уақыт

2021 жылы Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның UTC+5 Бірыңғай уақытына көшуі туралы пікірлер мен ұсыныстар жинауды ұйымдастырды. В. Фесенков атындағы Астрофизика Институтының мамандарынан келген ұсынысты генетика және физиология институты, сондай-ақ география және су қауіпсіздігі институты қолдады, ол өзгерістердің халықтың денсаулығына, экономикасы мен саясатына ықтимал әсерін алдын ала зерттеу қажеттілігін атап өтті. 2023 жылы ұсынысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп зерттеді. 2023 жылғы ақпанда депутаттардың, орталық мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен ғылыми ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының қорытынды отырысында ғалымдар мен сарапшылар UTC+5 Бірыңғай уақытын енгізу туралы ұсынысты қолдады. Сағаттарды 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні аудару ұсынылды.

1 наурыз 2024 жылы ел бойынша UTC +5 біртұтас уақыт белдеуі орнатылды.

Дереккөздер

Tags:

UTC+3:00UTC+5:00UTC+6:00

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларПсихологияЕртісҰлыбританияЖеңіс күніКубизмФотосинтезОрталық жүйке жүйесіҚуандық Уәлиханұлы Бишімбаев1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыАмерикадағы азамат соғысыОтын-энергетикалық кешенҚазақстанның тұңғыш мектептеріҚазақ хандығының құрылуыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыСаяси партияҚожа Ахмет Ясауи кесенесіМейозАлкандарЕсім хан саясатыШарын шатқалыҚазақстан әкімшілік бірліктеріКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЯдролық қаруӘлемнің жеті кереметіКірпітәрізділерЛинзаҚазақстан азамат соғысы жылдарындаМұнайлы мұнай кен орныБастауышАлтын ОрдаМайларТегеран конференциясыАралтөбе (көне қорым)Ақындар айтысыҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыТәуелсіз Қазақстан тарихыӘмір ТемірТел өскен ұлЭкономикалық қатынасЭлектромагниттік индукцияҚазақстандағы су тасқыны (2024)Қазақстан аудандарыСұрыптауЖерТотығу-тотықсыздану реакцияларыБатыс Түрік қағанатыТүркістан облысыЖылқыБағыныңқы сөйлемЕжелгі Рим өнеріЕсім ханҚазақ хандығыБатыс Қазақстан облысыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЕуропа одағыКөп жасушалы ағзаларҚазақстандағы туризмЭлектр тогыҚажығали МұханбетқалиұлыЕсімшеСоқырішекСыбайлас жемқорлықМарқакөл қорығыШвейцарияИмпрессионизмКерей ханДНҚБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевРасул Ғамзатұлы ҒамзатовДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруОрбұлақ шайқасыШыңғыс ханУкраинаҚазақстанның экономикалық аудандары🡆 More