Шоқжұлдыз

Шоқжұлдыздар — аспан сферасындағы астроном-ғалымдармен бөлінген, бағытталуға көмек беретін аймақтар.

Баяғыда шоқжұлдыз деп белгілі бір жарық жұлдыздармен пішін жасап тұрған аспан денелерді атаған. Аспанда жұлдыздар өте көп, оларды табу ыңғайлы болу үшін 1922 жылы алғашқы Халықаралық Астрономиялық құрылтайда астрономдар ресми түрде жұлдызды аспанды 88 жұлдыздық топтарға бөліп, шоқжұлдыздар деп атады. Олардың 32 шоқжұлдызы солтүстік жарты шарда, 48 шоқжұлдызы оңтүстік жарты шарда және 8 шоқжұлдызы екі жарты шарда орналасқан. Қазіргі таңда аспаннан 88 шоқжұлдызды көруге болады. Бұлар - шоқжұлдыздар. Вавилон, Мысыр, Қытай және Грекияның алғашқы астрономдары жұлдыздарды қарастырған кезде олардың кейбірінің жануарларға немесе аңыз-әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған. Сөйтіп, оларға Торпақ (өгіз) немесе Персей (грек кейіпкері) деген сияқты атаулар берді. Кейіннен Телескоп сияқты өзге шоқжұлдыздар табылып, ат қойылды.

Шоқжұлдыздар белгілі бір пішін жасап,бірге қозғалғанымен олар әртүрлі қашықтықта әрі бір-бірінен тым алыс орналасқан. Біз аспан күмбезінің солтүстік жартышарындағы жұлдыздарды ғана көре аламыз, ал оңтүстік жартышардағы жұлдыздарды көруіміз үшін Антарктидаға сапар шегуіміз керек. Дегенмен де осы екі жарты шарды жалғастырып жататын шоқжұлдыздар да бар. Тек олардың саны санаулы ғана. Көптеген шоқжұлдыздарды осыдан 2000 мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш тапқан Қытай мен вавилонның астрономдары еді. Жұлдыздар ежелгі ғалымдардың қызығушылығын туғызды, бірақ телескоптар жоқ болғандықтан, олар көзге көрінетіндерге ғана атау берді. Шоқжұлдыздардың пішіндері мен өлшемдері әр түрлі болып келді. Егер шоқжұлдыздарды құрайтын жұлдыздары сызықтармен біріктірілмесе, аты берілген жануарды немесе заттарды тану әрдайым мумкін бола бермейді. Кейбір шоқжұлдыздардың екі немесе одан да көп атауы бар. Ежелгі гректер Орион шоқжұлдызын Аңшы шоқжұлдызы деп атаса, ежелгі мысырлықтар Осирис деп атаған.

Шоқжұлдыздардың қазақша атаулары

  1. Айдаһар шоқжұлдызы С (солтүстік жартышарда)
  2. Аққу шоқжұлдызы С
  3. Алтын балық шоқжұлдызы О (оңтүстік жартышарда)
  4. Андромеда шоқжұлдызы С
  5. Үстел тауы шоқжұлдызы О
  6. Сиыршы (Бақташы) шоқжұлдызы С
  7. Балықтар шоқжұлдызы Э (экваторда)
  8. Бикеш шоқжұлдызы Э
  9. Бұрыштық (Октант) шоқжұлдызы О
  10. Бүркіт шоқжұлдызы Э
  11. Вероника шашы (бұрымы) шоқжұлдызы С
  12. Геркулес шоқжұлдызы С
  13. Гидра (Сужылан) шоқжұлдызы О
  14. Лаушы (Делбеші, Жетекші) шоқжұлдызы С
  15. Дельфин шоқжұлдызы С
  16. Ешкімүйіз шоқжұлдызы О
  17. Егіздер шоқжұлдызы С
  18. Жетіқарақшы (Үлкен Аю) шоқжұлдызы С
  19. Жебе (Оқ) шоқжұлдызы Э
  20. Жұмақ құсы шоқжұлдызы О
  21. Желкен шоқжұлдызы О
  22. Тазылар шоқжұлдызы С
  23. Жылан шоқжұлдызы
  24. Жыланбөктерген шоқжұлдыздары Э
  25. Керік шоқжұлдызы С
  26. Кескіш шоқжұлдызы О
  27. Кесіртке шоқжұлдызы С
  28. Белағаш (Киль) шоқжұлдызы О
  29. Кит шоқжұлдызы Э
  30. Компас шоқжұлдызы О
  31. Корма шоқжұлдызы О
  32. Көгершін шоқжұлдызы О
  33. Кіші Арлан шоқжұлдызы С
  34. Кіші Арыстан шоқжұлдызы С
  35. Кіші Ат шоқжұлдызы С
  36. Қалқан шоқжұлдызы Э
  37. Қарақұрт (Кассиопея) шоқжұлдызы С
  38. Құзғын шоқжұлдызы О
  39. Бөрі (Қасқыр) шоқжұлдызы О
  40. Қоян шоқжұлдызы О
  41. Хамелеон (Құбылғы) шоқжұлдызы О
  42. Лира шоқжұлдызы С
  43. Мерген шоқжұлдызы Э
  44. Микроскоп шоқжұлдызы О
  45. Мүсінші шоқжұлдызы О
  46. Насос шоқжұлдызы О
  47. Октант шоқжұлдызы О
  48. Оңтүстік Балық шоқжұлдызы О
  49. Оңтүстік Тәж шоқжұлдызы О
  50. Оңтүстік Гидра шоқжұлдызы О
  51. Оңтүстік Крест шоқжұлдызы О
  52. Оңтүстік Үшбұрыш шоқжұлдызы О
  53. Пегас (Пырақ) шоқжұлдызы С
  54. Персей шоқжұлдызы С
  55. Пеш (Ошақ) шоқжұлдызы О
  56. Сағат шоқжұлдызы О
  57. Садахана шоқжұлдызы О
  58. Сарышаян шоқжұлдызы О
  59. Секстант шоқжұлдызы Э
  60. Солтүстік Тәж шоқжұлдызы С
  61. Су құюшы шоқжұлдызы Э
  62. Суретші шоқжұлдызы Э
  63. Сыңармүйіз шоқжұлдызы Э
  64. Сілеусін шоқжұлдызы С
  65. Таразы (Мизан) шоқжұлдызы О
  66. Тауыс (Павлин) шоқжұлдызы О
  67. Телескоп шоқжұлдызы О
  68. Кіші Аю шоқжұлдызы С
  69. Тоқты шоқжұлдызы С
  70. Тор шоқжұлдызы О
  71. Торпақ шоқжұлдызы С
  72. Тостаған шоқжұлдызы О
  73. Тукан шоқжұлдызы О
  74. Түлкішек шоқжұлдызы С
  75. Тырна шоқжұлдызы О
  76. Ұшқыш Балық шоқжұлдызы О
  77. Үлкен Арлан шоқжұлдызы С
  78. Үлкен Арыстан шоқжұлдызы С
  79. Үндіс шоқжұлдызы О
  80. Үшбұрыш шоқжұлдызы С
  81. Орион шоқжұлдызы Э
  82. Феникс шоқжұлдызы О
  83. Центавр шоқжұлдызы О
  84. Цефей шоқжұлдызы С
  85. Циркуль шоқжұлдызы О
  86. Шаян шоқжұлдызы С
  87. Шыбын шоқжұлдызы О
  88. Эридан шоқжұлдызы О

Tags:

АстрономВавилонГрекияЖануарларЖұлдызМысырПерсейТелескопТорпақҚытай

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МысықҚазақстанның жеті кереметіАвторлық құқықты бұзуҚызыл кітапСинонимӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Корея РеспубликасыДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновҚазақстан музейлеріДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевЗәрдің түзілуі және шығарылуыРобототехникаPythonСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыӘбілхан ҚастеевМагнитҰлы Отан соғысыҚажымұқан МұңайтпасұлыҚазақстанСын есімЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыТатарларҚасым АманжоловЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріАстана мектеп оқушыларының сарайыҚайталауМахамбет ӨтемісұлыЭкономикалық интеграцияТел өскен ұлҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерҚырғызстанҚалқанша безЮНЕСКОҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміӘлеуметтік инфрақұрылымАйдын Ақанұлы АйымбетовИмпрессионизмЖәнібек ханКарбон қышқылдарыДәрілік өсімдіктерОдағайМенің атым Қожа (повесть)Каспий теңізіЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміТранспортирӨсімдіктер систематикасыЭкологияШолпан (ғаламшар)Қазақстан азамат соғысы жылдарындаӘміре ҚашаубаевҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыҚазақстан экономикасының тарихыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыПротонБастауышКөктемДінМодернизмШығыс ҚазақстанҚазақстандағы «қайта құру» саясатыЖүрек ауруларыНАТОКемпірқосақТрансформаторКиелі жануарларТабиғи газСаяси мәдениетКонтрацепцияДостықӘлішер НауаиБұрыш (геометрия)Тұрар РысқұловБаланы қырқынан шығаруСалалас құрмалас сөйлемБауыр (орган)СызықшаНұркен ӘбдіровАлюминий🡆 More