Уиллем Дефо: америкалық актер

Уи́льям Джеймс Дефо́ (ағылш.

Ол жоғары бюджеттік блокбастерлерде де, артхаус жобаларында да ойнайтыны үшін белгілі.

Уиллем Дефо
ағылш. Willem Dafoe
Сурет
Дефо 2019 жылы
Жалпы мағлұмат
Туған күні

22 шілде 1955 (1955-07-22) (68 жас)

Туған жері

Аплтон, Висконсин, АҚШ

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

1975 жылдан бері

Марапаттары

Сатурн (2001), Тәуелсіз рух (2001), Вольпи кубогы (2018), Алтын аю (2018)

IMDb

ID 0000353

Дефо «Өрмекші-адам» (2002) суперқаһарман фильміндегі супер зұлым Норман Осборн / Жасыл гоблин рөлі үшін көбірек назар алды, ол «Өрмекші-адам 2» (2004) және «Өрмекші-адам 3» (2007) сиквелдерінде және Marvel кинематографиялық әлемінің Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ (2021) фильмінде рөліне «оралды». Ол сонымен қатар Кеңейтілген DC Ғаламы фильмінде «Аквамен» (2018) және Зак Снайдердің Әділет Лигасы (2021) фильмдерінде Нуидис Вулко кейіпкерінің рөлін сомдаған.

Жастық шағы

Уильям Джеймс Дефо 1955 жылдың 22 шілдесінде Висконсин штатындағы Апплтон қаласында Мюриэль Изабельдің (туған тегі Сприслер; 1922–2012) және доктор Уильям Альфред Дефоның (1917–2014) отбасында дүниеге келді. Отбасы жайлы 2009 жылы ол «Мені бес әпкем өсірді, себебі әкем хирург, анам медбике болды және олар бірге жұмыс істеді, сондықтан мен екеуін де көп көре бермедім» деген еді. Оның ағасы Дональд Дефо — хирург және зерттеуші ғалым. Оның тегі Дефо — швейцариялық Thevou (Тэву) фамилиясының ағылшынша нұсқасы. Сұхбат кезінде ол отбасының жартысы фамилиясын айтқанда екпінді бірінші буынына берсе (Де́фо), екінші жартысы екінші буынға екпін беретінін айтты. Жоғарғы сынып оқушысы болғанда Уиллем лақап атын алды. Кейінірек ол сол лақап атын өзінің сахналық есімінің бөлігі ретінде қабылдады, себебі ретінде туған есімінен гөрі оған көбірек үйреніп қалғанын өзі айтып кетті.

Мектептен кейін Уиллем Милуокидағы Висконсин университетінде драма оқуын бастады, бірақ он сегіз айдан кейін ол жерден кетіп, Милуокидағы Theatre X театр компаниясына жұмысын бастады. 1976 жылы ол Нью-Йорк қаласына көшті. Содан кейін ол «The Performance Group» авангардтық театр труппасының директоры Ричард Шехнердің қол астында шәкірт болды, сол жерде режиссер Элизабет ЛеКомптемен танысып, онымен романтикалық қарым-қатынаста болды. Шехнер мен топтан тыс жерде өз туындыларын қоя бастағаннан кейін басқа мүшелер арасындағы шиеленістерден кейін Шехнер топ құрамынан кетіп қалды, ал қалған мүшелер (соның ішінде ЛеКомпте мен оның бұрынғы жігіті Спалдинг Грей) өздерін Wooster Group деп атады. Көп ұзамай Дефо жаңа компанияға қосылды және оның құрылтайшыларының бірі ретінде есептелді. Ол өзін Голливуд киножұлдызы ретінде танытқаннан кейін 2000 жылдарға дейін топпен жұмысын жалғастырды.

Мансабы

Кинематографиялық мансабы

Дефо тұңғыш рөлін 1980 жылы, Жұмақ қақпасы фильмінде аталмай қалған кейіпкерді сомдаған. Дефо бар сценаларды кейін фильмнен алып тастаған. Дефоның сақталған тұңғыш рөлі Кэтрин Бигелоудың «Махаббатсыз» фильмінде бар, ол жерде ол байкерлер тобының басшысы рөлін сомдаған еді. Дефоны дүние жүзінде танымал қылған фильм — «Взвод» (1986). Фильм сол жылдың үздік фильмі атанды және Дефо Оскар марапатына тұңғыш номинациясын алды. 1988 жылы Дефо мансабындағы басты рөлдерінің бірін сомдады – актёр Мартин Скорсезенің «Мәсихтің соңғы азғыруы» даулы драмасында Иса Мәсих рөлін сомдады. Сондай-ақ 1989 жылы Дефо Тим Бёртонның Бэтменіндегі Джокер рөлі үшін қарастырылды. «Бэтмен» сценаристі Сэм Хэмм: «Дефо — Джокер рөлін ойнау үшін туған кісі» деп атап өтті. Бірақ рөл әлі де Джек Николсонға берілді.

1980 жылдардың аяғында және 1990 жылдардың бірінші жартысында Дефоны басты рөлдерде де, қосалқы рөлдерде де көруге болады. Ол Алан Паркер, Дэвид Линч, Вим Вендерс сияқты режиссерлермен жұмыс істеген. 1996 жылы ол Энтони Мингелламен бірге «Ағылшын емделушісі» фильмінде ойнады. Майкл Ондатже романының бейімделуі дүниежүзілік кассада 200 миллион доллардан астам табыс тауып, тоғыз «Оскар» жүлдесін жеңіп алды.

2001 жылы актёр екінші рет «Оскар» номинациясын алды, бұл жолы Э.Элиас Меридждің «Вампирдің көлеңкесі» фильміндегі Макс Шрек рөлі үшін. Дафо сонымен қатар «Алтын глобусқа» ұсынылып, Сатурн, Фантаспорту және Тәуелсіз рух марапаттарын алды. Осы фильмде Дефоны көрген продюсерлер оны Өрмекші-адам (2002) фильміндегі басты зұлым кейіпкердің орнына шақырды. Жасыл гоблин рөлі актёрдің «визиттік карталарының» біріне айналды. Өрмекші-адамнан кейін актёр ірі студиялық жобалар мен тәуелсіз фильмдер, сондай-ақ экранда анда-санда көрінетін басты рөлдер арасында ауысуды жалғастырды.

«Флорида жобасы» (2017) фильміндегі рөлі үшін Дефо «Басты рөлден басқа рөлдегі үздік актёр» номинациясында Оскар сыйлығына ұсынылды. Сондай-ақ, 2017 жылы Агата Кристидің аттас романы бойынша түсірілген «Шығыс экспресстегі өлтірушілік» фильмінде Дефо пойыздағы жолаушылардың бірі, профессор Герхард Хардманның рөлін сомдаған.

Театрлық мансабы

  • «Марина Абрамовичтың өмірі және өлімі» — перформанс шебері Марина Абрамовичтың өмірбаянына негізделген қойылым. Түсаукесері 2011 жылдың ақпанында, Манчестерде орын алды.
  • «Кемпір» — Даниил Хармстың аттас шығармасына негізделген физикалық театр жанрындағы қойылым. Роберт Уилсон, Михаил Барышников пен Дефоның бірлесіп ұйымдастырған қойылымы. Тұсаукесері 2013 жылдың 4 шілдесінде Манчестердегі халықаралық фестивальда орын алды.

Жеке өмірі

Уиллем Дефо: Жастық шағы, Мансабы, Жеке өмірі 
Дефо әйелі Джиада Колаграндемен, 2018

Уиллем Дефоның театр директоры Элизабет ЛеКомптеден туған Джек (1982 жылы туған) ұлы бар. ЛеКомптемен Дефо некесіз 27 жыл бірге өмір сүрді. Онымен бірге Дефо әйгілі «The Wooster Group» труппасының негізін қалады.

2005 жылдан бері Дефо италиялық актриса және режиссёр Джиада Колаграндеге (1975 жылы туған) үйленді. Америкалықтан басқа Дефоның италиялқ азаматтығы да бар. Италияда тұрғандығынан «кішкене италияша сөйлейді».

Дефо — пескетарианшы, жануар ұстайтын фермалар «ғаламшардың жойылуына әкеліп жатқан себептердің бірі» етіп санайды және сол себептен ет жемейді. Дефо күнделікті аштанга-виньяса-йогамен айналысады.

Фильмографиясы

Кинематография

Жылы Атауы Рөлі Қосымша
1980 Жұмақ қақпасы
Heaven's Gate
Уилли Фильм жазуында жазылмаған
1981 Махаббатсыз
The Loveless
Вэнс
Ақ жалған
White Lies
Қысқа фильм
1983 Аштық
The Hunger
Телефон күркесіндегі екінші жас жігіт
1984 Шайқап жіберу
Shackin' Up
Жігіт
Жалынды көшелер
Streets of Fire
Рэйвен
1985 66-шосседегі асхана
Roadhouse 66
Джонни Харт
О, Панама
O Panama
Қысқа фильм
Лос-Анджелесте өмір сүріп, өлу
To Live and Die in L.A.
Эрик Мастерс
1986 Взвод
Platoon
Сержант Элиас Гродин
1987 Құрметті Америка: Вьетнамнан үйге хаттар
Dear America: Letters Home from Vietnam
Элефант Грасс Дыбыстама
Деректі фильм
1988 Шексіз
Off Limits
Бак Макгрифф
Мәсихтің соңғы азғыруы
The Last Temptation of Christ
Иса Мәсих
Жалындағы Миссисипи
Mississippi Burning
ФТБ агенті Әлан Уорд
1989 Рух салтанаты
Triumph of the Spirit
Саламо Арух
Төртінші шілдеде туған
Born on the Fourth of July
Чарли
1990 Жылауық
Cry-Baby
Жексұрын күзетші Камео
Жүрегімен жабайы
Wild at Heart
Бобби Перу
1991 Интрудер ұшуы
Flight of the Intruder
Лейтенант коммандир Вирджил Коул
1992 Сергек ұйқы
Light Sleeper
Джон ЛеТур
Ақ құмдар
White Sands
Рэй Долезал
Айғақ болған дене
Body of Evidence
Фрэну Дулани
1993 Қандай алыс, қандай жақын!
Faraway, So Close!
Эмит Флести
1994 Том мен Вив
Tom & Viv
Т.С. Элиот
Тікелей, анық қауіп
Clear and Present Danger
Джон Кларк
Түн және сәт
The Night and the Moment
Жазушы
1996 Жеңіс
Victory
Аксель Хэйст
Баския
Basquiat
Электрші Камео
Ағылшын емделушісі
The English Patient
Дэвид Караваджио
1997 Жылдамдық 2: Круизге жауапты
Speed 2: Cruise Control
Джон Гайгер
Қайғы
Affliction
Ролфи Уайтхаус
1998 Көпірдегі Лулу
Lulu on the Bridge
Доктор Фан Хорн
«Жаңа қызғалдақ» қонақүйі
New Rose Hotel
X Продюсерлердің бірі болды
1999 Экзистенция
Existenz
Gas
Бундок әулиелері
The Boondock Saints
Пол Смэкер
2000 Америкалық есалаң
American Psycho
Дональд Кимболл
Хайуан зауыты
Animal Factory
Өрл Коупен
Вампирдің көлеңкесі
Shadow of the Vampire
Макс Шрек / Граф Орлок
Буллфайтер
Bullfighter
Рамирез атай
2001 Әйелдер павильоны
Pavilion of Women
Андрэ атай
Өлім жүздері
Edges of the Lord
Дін қызметшісі
2002 Өрмекші-адам
Spider-Man
Норман Осборн / Жасыл гоблин
Глоубс аңшылары
Globehunters
Аңшы (дыбыстама) Телевизия фильмі
Автофокус
Auto Focus
Джон Хенри Карпентер
2003 Немоны іздеу
Finding Nemo
Гилл Дыбыстама
Бір күні Мексикада
Once Upon a Time in Mexico
Армандо Бариё
Өш алу күні
The Reckoning
Мартин
2004 Есе алу
The Clearing
Арнольд Мәк
Өрмекші-адам 2
Spider-Man 2
Норман Осборн / Жасыл гоблин Камео
Стив Зиссумен бірге су асты өмірі
The Life Aquatic with Steve Zissou
Klaus Daimler
Бақылау
Control
Доктор Майкл Коуплэнд
Дайын нұсқа: Жұмақ қақпасының жасалуы және жойылуы
Final Cut: The Making and Unmaking of Heaven's Gate
Баяндаушы Дыбыстама
Деректі фильм
Авиатор
The Aviator
Рональд Суит Камео
2005 XXX 2: Жаңа деңгей
XXX: State of the Union
Генерал Джордж Декерт
Мандерлей
Manderlay
Грэйстің әкесі
Оның атау алғанынан бұрын
Before It Had a Name
Лесли Режиссёрлердің бірі болды
Мистер Риплидің оралуы
Ripley Under Ground
Нил Мүрчисон
2006 Америкалық арман
American Dreamz
Штаб басшысы
Ұсталмаған — ұры емес
Inside Man
Капитан Джон Дэриус
Париж, мен сені жақсы көремін
фр. Paris, je t'aime
Ле Ковбой
2007 Ханымдардың қарауылы
The Walker
Ларри Локнер
Мистер Бин демалыста
Mr. Bean's Holiday
Карсон Клэй
Өрмекші-адам 3
Spider-Man 3
Норман Осборн / Жасыл гоблин Камео
Жертеңіз аңыздары
жапон. ゲド戦記
Tales from Earthsea
Коб Анименың ағылшынтілді дубляжы
Стриптиз-клуб ертегілері
Go Go Tales
Рэй Руби
Процедура
The Procedure
Кристофер Қысқа фильм
Анаморф
Anamorph
Стэн Обри
2008 Саябақтағы жарық қоңыздар
Fireflies in the Garden
Чарльз Тэйлор
Тірілген Адэм
Adam Resurrected
Коммандир Кляйн
Уақыт шаңы
гр. Η Σκόνη του Χρόνου
The Dust of Time
Эй
2009 Антихрист
Antichrist
Ол
Фаруэлл ісі
фр. L'affaire Farewell
Farewell
Фийни
Ұлым, ұлым, не істегенсің?
My Son, My Son, What Have Ye Done?
Детектив Хэйвенхурст
Жарық жауынгерлері
Daybreakers
Лаянель 'Элвис' Кормәк
Теңдессіз Фокс мырза
Fantastic Mr. Fox
Егеуқұйрық Дыбыстама
Бір вампир әңгімесі
Cirque du Freak: The Vampire's Assistant
Гәвнер Пүрэл
2010 Мираль
Miral
Эдди
Әйел
A Woman
Макс Оливер
2011 4:44. Жердегі соңғы күн
4:44 Last Day on Earth
Сиско
Аңшы
The Hunter
Мартин Дэйвид
2012 Джон Картер
John Carter
Тарс Таркас Қозғалыс тартып алу технологиясы
Ертең сен жоқ болдың
Tomorrow You're Gone
Будда
2013 Оғаш Томас
Odd Thomas
Уайатт Портер
Норманды құтқару
Saving Norman
Лаянэль Римбрук Қысқа фильм
Күлміс адам
The Smile Man
Уиллем
Махаббат тәртібі
Love's Routine
Барри
Аптаптан
Out of the Furnace
Джон Петти
Ерсек
Nymphomaniac
Эл
Бенаки музейі
The Benaki Museum
Антонис Бенакис Дыбыстама
Қысқа фильм
2014 Ең қауіпті адам
A Most Wanted Man
Томми Бру
Гранд Будапешт қонақ үйі
The Grand Budapest Hotel
Джоплинг, жалдамалы кісі өлтірушісі
Айқаспалы атыс
Bad Country
Бад Картер
Жұлдыздар кінәлі
The Fault in Our Stars
Питер ван Хутен
Пазолини
Pasolini
Пьер Паоло Пазолини
Джон Уик
John Wick
Маркус
2015 Менің хинди досым
порт. Meu amigo hindu
My Hindu Friend
Диего Фэрман
2016 Әке
итал. Padre
Padre
Джэймс Вердун
Үзілімді байқаңыз
Mind the Gap
Өзі Қысқа фильм
Ит итті де жейді
Dog Eat Dog
'Жынды төбет'
Дорині іздеу
Finding Dory
Гилл Дыбыстама камеосы
Отағасы
A Family Man
Эд Быләкбіридж
Скульпт
Sculpt
Адам
Ұлы қорған
The Great Wall
Баллард
2017 Есектер актёр бола ма?
Do Donkeys Act?
Баяндаушы Дыбыстама
Деректі фильм
Флорида жобасы
The Florida Project
Бобби
Жеті әпке сыры
What Happened to Monday
Теренс Сэтмен
Тау
Mountain
Баяндаушы Дыбыстама
Деректі фильм
Өлім дәптері
Death Note
Рюк Дыбыстама
Шығыс экспресстегі өлтірушілік
Murder on the Orient Express
Герхард Хардман
Опус Зиро
Opus Zero
Пол
2018 Ван Гог. Мәңгіліктің қақпасында
At Eternity's Gate
Винсент ван Гог
Люкс даусы
Vox Lux
Баяндаушы Дыбыстама
Аквамен
Aquaman
Нуидис Вулко
2019 Қауырсын құстары
Birds of a Feather
Ивс Дыбыстама
Шамшырақ
The Lighthouse
Томас Уэйк
Томмасо
Tommaso
Томмасо
Бабенко: Маған мен өлгенде айтшы
порт. Babenco: Alguém Tem que Ouvir o Coração e Dizer Parou
Babenco: Tell Me When I Die
Өзі Деректі фильм, продюсерлердің бірі болды
Жетімдер Бруклині
Motherless Brooklyn
Пол Рэндольф
Того
Togo
Леонард Сеппала
2020 Ол қаламаған зат
The Last Thing He Wanted
Дик Макмэн
Сібір
Siberia
Клинт
Спортшы өмірі
Sportin' Life
Өзі Деректі фильм
2021 Зак Снайдердің Әділет Лигасы
Zack Snyder's Justice League
Нуидис Вулко Әділет Лигасы (2017) фильмінің толық, жоспарланған нұсқасы
Француз хабаршысы
The French Dispatch
Абакус Альберт
Суық болған есе алу
The Card Counter
Майор Джон Гордо
Жаман түстер саяжолы
Nightmare Alley
Клем Хоутли
Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ
Spider-Man: No Way Home
Норман Осборн / Жасыл гоблин
Өзен
River
Баяндаушы Дыбыстама
Деректі фильм
2022 Варяг
The Northman
ақымақ Хаймир
Доллар үшін өлу
Dead for a Dollar
Джо Криббенс
2023 Ішінде
Inside
Немо
Астероид қаласы
Asteroid City
Зальцбург Кайтэль
Байғұс жандар
Poor Things
Доктор Годуин Бакстер
Асыға күткен таңсәрі
итал. Finalmente l'alba
Finally Dawn
Руфус Приори
Үй жануарлары дүкенінің күндері
Pet Shop Days
Фрэнсис
Гонзо-қыз
Gonzo Girl
Уокер Рид
Ұл мен құс
The Boy and the Heron
Мейірбан бірқазан Ағылшынтілді дубляж

Телевизия

Жыл Атауы Рөлі Қосымша ақпарат
1986 Жаяу жолаушы
The Hitchhiker
Джэффри Хант "Елес-Жазушы" эпизоды
1991 Джонмен бірге балық аулау
Fishing with John
Өзі "Солтүстік Мэйнде мұз арқылы балық аулау"
1997, 2014 Симпсондар
The Simpsons
Коммандир / Мистер Лассен (дыбыстама) 2 түрлі эпизод
2010 Америкалық тәжірибе
American Experience
Баяндаушы (дыбыстама) "Тереңге: Америка, кит аулау мен дүние жүзі" эпизоды
2017 Шоошқалар
Piigs
Деректі фильм
2022 Сатошиды іздеу
Finding Satoshi
Баяндаушы (дыбыстама) Деректі фильм
Saturday Night Live Өзі (камео) "Уилл Форте/Måneskin", "Уиллем Дефо/Кэти Перри" эпизодтары
Патшалық
The Kingdom
Гранд Дак 3 түрлі эпизод

Дереккөздер

Уиллем Дефо: Жастық шағы, Мансабы, Жеке өмірі 
  • NYMAN, Shane 8 times Appleton native Willem Dafoe appeared in The Post-Crescent before he was famous  (ағыл.) (17 January 2019). Тексерілді, 15 қараша 2023.
  • a b Bromberg, Craig Wild at Heart  (ағыл.) (5 May 1997).
  • Mr Bean's Holiday – Willem Dafoe interview  (ағыл.). indielondon.co.uk. Мұрағат көшірмесі 13 мамырдың 2005 Wayback Machine мұрағатында
  • Manchester International Festival. Тексерілді, 25 шілде 2013. Мұрағат көшірмесі 8 маусымның 2013 Wayback Machine мұрағатында
  • CROCI, Roberto Food Talks: Willem Dafoe, His Italian Family, Broccoli, Carciofi & Panzanella (қаңтар 2018). Тексерілді, 27 маусым 2018. Мұрағат көшірмесі 27 маусымның 2018 Wayback Machine мұрағатында
  • MAHER, Kevin Willem Dafoe on how to become a hardman at 60: juice, yoga and the school run. The Sunday Times (8 сәуір 2015). Тексерілді, 27 шілде 2018. Мұрағат көшірмесі 27 желтоқсанның 2022 Wayback Machine мұрағатында
  • Willem Dafoe Fandango filmography. Fandango. Тексерілді, 22 мамыр 2012.
  • Goodsell, Luke 'I Don't Hate Women': Lars von Trier on Antichrist. Rotten Tomatoes (23 қараша 2009). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 қараша 2009. Тексерілді, 14 желтоқсан 2009.
  • My Hindu Friend. São Paulo International Film Festival. Тексерілді, 26 ақпан 2016.
  • New cast members for 'Pet Shop Boys' include Willem Dafoe and Peter Sarsgaard  (ағыл.). uk.style.yahoo.com (25 January 2023). Тексерілді, 28 қаңтар 2023.
  • Hayao Miyazaki’s ‘The Boy and the Heron’ Announces English Voice Cast: Christian Bale, Florence Pugh and Robert Pattinson to Star. Variety (17 қазан 2023). Тексерілді, 17 қазан 2023.
  • Finding Satoshi  (ағыл.). IMDb. Тексерілді, 15 қараша 2023.
  • This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Уиллем Дефо, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
    ®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.

    Tags:

    Уиллем Дефо Жастық шағыУиллем Дефо МансабыУиллем Дефо Жеке өміріУиллем Дефо ФильмографиясыУиллем Дефо ДереккөздерУиллем Дефо1955 жыл22 шілдеBAFTAАлтын глобусАғылшын тіліБлокбастерВисконсинОскар марапатыХалықаралық фонетикалық әліпби

    🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

    Қазақстан және БҰҰБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевМастопатияЯсин сүресіКөтеуОмонимЕрте токсикозАтмосфераҚадыр Мырза ӘліҚасым АманжоловБірінші дүниежүзілік соғысҰрыс ханОңтүстік ҚазақстанӘбу Насыр Әл-ФарабиЖайылма сөйлемАлаш автономиясыАқтөбеХақназар ханКомпьютердің құрылғыларыЗәрдің түзілуі және шығарылуыАқшаОм заңыЭкономикалық жүйеАлаш қозғалысыМемлекетАлюминий оксидіАлаш автономиясының құрылуыҒұндар мемлекетіНоғай ордасы16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыӨртСақтарҰлы Жібек жолыҚазақ жүздері18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыЖалғауШыңғыс ханТың игеруХлоропластАристотельТұздар (химия)ЭпитетИнтернетҰлыбританияЕсімшеПолимерлеуҰлпаЛейкозЛитосфераҚыз ЖібекЖай сөйлемҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыТыныс алу жүйесіКонституцияПлатонҚазақстандағы саяси партияларЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетМіржақып ДулатұлыҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыАдам тісіҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевІштің қатуыБеғазы-Дәндібай мәдениетіҚыпшақтарМұқағали Сүлейменұлы МақатаевЕрітіндіАнаэробтарЖүктілікЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміАқтабан шұбырындыҚұқықтық мемлекетАбай жолы (роман)Қазақ билеріӘл-Кәфирун сүресіАдам қаңқасыӘбілхайыр хандығыСөйлемнің бірыңғай мүшелеріКүнделік.кзМерез🡆 More