Теңіз Жануарлары

Теңіз жануарлары- бүкіл өмірін теңізде немесе теңіз маңында өткізетін тіршілік иелері.

Дельфин, кит, итбалық, теңіз сиыры, теңіз кәмшаты және ақ аю да теңіз жануарының көп таралған түрлері болып саналады. Су астында мекендейтін 20 мыңнан астам тіршілік иесі бар. Олар бір-бірінен пішіні, көлемі және түр-түсі жағынан ерекшеленеді. Су жануарларында өздеріне тән, су астында тіршілік етуге ыңғайлы жаратылған дене мүшелері болады. Балықтар желбезек деген қатпарлы мүшесі арқылы тыныс алады.
Су жануарлары суы мол табиғи ортада өмір сүреді. Алайда, олардың өмір бойы су астынан шықпай жүруі шарт емес. Жағалау бойларын мекендейтін теңіз құстарының көбі мұхиттың терең суында мекен ететін су жануарларындай емес, өзгешелеу.Мәселен, көбею үшін немесе жыл мезгілінің ауысуына байланысты жыл сайын басқа жақтарға қоныс аударып отырады.


Теңіз жануарлары қандай болады?

Теңіз жануарының сан алуан түрі бар. Олар әртүрлі топтарға ажыратылады. Киттер, дельфиндер және кашалоттар - кит тәрізділер тобына жатады. Кит тәрізділердің денесінде ешқандай түк шықпайды және олар балаларын сүтпен қоректендіреді.
Итбалық, теңіз арыстаны және морж - ескекаяқты жануарлар отрядына жатады.Олар өмірінің басым бөлігін су астында қорек іздеумен өткізеді. Оңтүстік тынық мұзит кәмшаты мен оңтүстік Америка кәмшаты да - теңіз сүтқоректілері қатарына жататын жануарлар.
Ақ аю да сүтқоректі жануарға жатады. Өйткені, ол суда жақсы жүзеді әрі негізінен мұз құрсаған теңізде итбалық пен теңіз қоянын аулап күн көреді.
Таңқы шаян, каракатица, медуза, лобстер, сегізаяқ және теңіз қияры секілділер дене құрылымы және қан айналымы жүйесі тұрғысынан алуан түрлі болып келетін су немесе теңіз жануарлары болып саналады.


Әдебиет

• Теңіз жануарлары, балаларға арналған танымдық энциклопедия.Аруна баспасы.

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МенеджментТұрар РысқұловТүркістан автономиясыЭритроциттерЖай санЛиберализмБағаналы жасушаКүн жүйесіҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіБөкей ОрдасыДамушы елдерҚазақстан теңгесіФариза ОңғарсыноваНьютон заңдарыТерминКөшбасшылықЕскендір (поэма)ТәрбиеАдамБірінші Мемлекеттік ДумаАқтөбе облысыЭндокриңді бездерАсық ойыныМобильді қосымшаларЖүрек ауруларыЕсет КөтібарұлыИталияТегеранҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріИслам пайғамбарларыТоталитаризмҚырғи қабақ соғысыТеріЖиембет жырауТырысқақСуСолтүстік ҚазақстанОйық жара ауруыҚантамырларСалауатАлкендерМемлекетНайзағайДигибридті будандастыруДомбыраТәуке ханЖануарларТехасШортанбай ҚанайұлыЕсекжемЭлектр тогыШығыс Қазақстан облысыҰлпан (роман)Тыныс алу ауруларыҚаһарҚоңыратПайдалы қазбалар1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларКомпьютерПсихологияның зерттеу әдістеріКіші жүзСөйлемнің бірыңғай мүшелеріАйқапӘбіш КекілбайұлыКүрделі эфирлерЖарапазанАмерика Құрама ШтаттарыМонархияЖамбыл ЖабайұлыБронх демікпесіЖүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуҚазақ-Жоңғар соғысыЯсин сүресіКәлимәҚатерлі ісікMicrosoft AccessСаяси билік🡆 More