Тамақ Дайындау Тәсілдері

Тамақ дайындау тәсілдері - шикі азық-түлік өнімдерін өңдеп, тамақ әзірлеу барысы.

Тамақ Дайындау Тәсілдері
Көкөністерді бұқтыруға дайындау барысы

Тамақ әзірлеу кезеңдері

  • Азық-түлікті алғашқы өңдеу:
    • азық-түлікті жуу;
    • тазарту;
    • жеуге келмейтін заттардан арылту;
    • кесу;
    • уату (майдалау); т.б.
  • Тағамды негізгі өңдеу:
    • қайнатып пісіру мен қуыру;
    • осы әдістерді басқаша қолданудан: бұқтыру, әуелі қайнатып, содан кейін қуыру.
  • Қосалқы өңдеу:
    • азық-түлікті аздап қуыру;
    • пісірер алдында ыстық суға бөктіру;
    • булау.

Азық-түлікті өңдеу тәсілдері

  • Физикалық өңдеу. Оның екі түрі бар:
    • механикалық - ұсақтау, жұмсарту немесе дәмін өзгерту үшін суға салып қою, қышқыл дәмдерін алу үшін алдын ала қайнату, қоюлату (ұн, жұмыртқа қосып), сүзу, елеу, жаю (қамыр), нақыштау (ішекті етпен), тағам түрлерін бір-бірімен аралстыру , т.б.;
    • термиялық:
      • жылыту (қайнату, қуырау, пісіру(нан), жидіту,күйдіру, қуыру, қақтаудың ыстық түрі бұқтыру, булау т.б.;
      • тоңазыту (азық-түлікті бүлінуден сақтау, қатыру,), суыту.
  • Химиялық өңдеу - консервілеу, маринадтау, тұздау, жібіту, т.с.с.
  • Табиғи өңдеу - кептіру (күнге, көлеңкеде), қақтау, сүрлеу (тұзбен, түтінмен), еріту.

Қайнату, булау, бұқтыру

Азық-түлікті қайнату үшін суды аз-көп мөлшерде құяды, өз сөліне де қайнатады, кейде аздап сұйылтады. Көжелер мен сорпалар сұйықтау болуы тиіс. Балық, ет, құс еті, көкөніс суға еркін батып тұруы керек. Балықты, ұсақтап кесілген еттен жасалатын тағамдарды, көкөністің кейбір түрлерін көбінесе буға пісіріледі. Мұндайда пісіретін тағамның суға тимеуіне көңіл бөлген жөн. Ол үшін бумен пісіргішті, булағышты пайдаланған дұрыс. Ет өнімдері мен көкөністерді сонымен қатар бұқтырады. Бұқтырар алдында шамалап қуырып алып, сонан соң тұз дәміді сұйыққа салады.

Қуыру

Қанша май жұмсағанына қарай қуыру екіге бөлінеді:

  • әдеттегі қуыру - пайдаланылатын майдың көлемі қуырылатын тағамның саламығының 5-10% -інен аспайды: тамақты майы бар ыстық табаға салып, беті сарғыш не қоңырқай тартқанша қыздырады да, екінші бетіне аударып әбден қуырылып піскенше бу пешіне қояды;
  • фритюрде қуыру - азық-түлік майға түгелдей батырылып қуырылады: көбінесе бәліш, қытырлақ, бауырсақ, картоп т.б. қуырылады.

Қажетті азық қорлары

Тоңазытқышта немесе шкафта тамақ дайындау барысына үнемі қажет болатын азық қорларын ұстаған жөн. Негізгі азық қорлары:

  • Консервілер:
  • Кептірілген жемістер мен жаңғақтар - олар тағамға дәмдеп жіберуге қажет.
  • Өсімдік майлары: күнбағыс, зәйтүн, грек жаңғағы майы - салаттарға, тағамдарға татымды дәм береді.
  • Паста - көжелерге қосуға немесе оларды қоюлатуға, макарон өнімдерін үстінен құюға, тез арада тұздыққ жасауға қажет болады.
  • Консервіленген күріш - тез арада гарнир жасауға қажет.
  • Тұздықтар (кетчуп (құрамында табаско мен соябар), майонез).
  • Езбелер (жеміс езбесі) - олар десерт (тәтті тағам) үшін татымды дәм береді.
  • Дәмдеуіштер.
  • Қатырлған сорпа текшелері - тез арада сорпа жасау үшін.
  • Сірке суы -қызыл немесе ақ шарап сірке сулары - тамаққа хош иіс беру үшін.

Дайын тағамды сәндеу

  • Саңырауқұлақ тілімдері, ақжелек пен аскөк және кілегей- әр тәрелкеге құйылған көжелердің әрін және дәмін ашады.
  • Тұздықтар мен хош иісті дәмдеуіштер, кептірілген томат және қара зәйтүндер - тағамдарға ерекше түс береді.
  • Ұсақталған печенье, ұсақталған және қуырылған жаңғақтар, дөңгелектеп жұқа кесілген цитрус қабығы - балмұздақтарды көзтартарлық түрге енгізеді.
  • Нан үгінділері - сары май мен өсімдік майына қоңырқай етіп қуырылған нан үгінділерін макарон өнімдерінен және көкөністен жасалынған тағамдардың үстінен сепсе, тағамның түсін әрі дәмін татымды етіп жақсартады.
  • Кесіліп қуырылған нан - көже мен салаттарға ерекше дәм және сән береді.
  • Қуырылған жаңғақтар мен күнжіт, күнбағыс дәндері тағамдардың түсін тартымды етеді.
  • Туралған және сарғыш етіп қуырылған пияз күріш пен жұмыртқадан жасалынған тағамдарды безендіріп, тәбетті түрге енгізеді.
  • Екпе шиырмақ (кресс-салат) - тағамдарға қосымша дәм беріп, тағам түсін ашады.

Тамақ өнімдеріндегі дәрумендерді сақтау жолдары

Тамақ әзірлеген кезде азық-түліктің шикі кезіндегі дәрумендерін мүмкіндігінше толық сақтаудың маңызы зор.

Толық мақаласы: Дәрумен

Пайдалы кеңестер

  • көкөністі пісірерде ыдысқа суды мол етіп құйып, су қайнаған соң салады, ыдыстың қақпағын нығыздап жауып, баяу қайнатады;
  • Көкөністер мен жемістердің қабығын неғұрлым жұқа аршыса, олардың бойындағы С дәрумені соғұрлым сақталады;
  • көже пісіргенде әуелі сорпасын әзірлеп, содан соң оған пісуіне қарай көкөністерді біртіндеп салады;
  • ас содасы С және В¹ дәрумендерін жояды, сондықтан көкөніс пен бұршақ дақылдарын қайнатқанда оны пайдаланбаған жөн;
  • балықты қайнаған суға салып, қатты қайнатып пісіреді;
  • сорпасы дәмді болуы үшін етті суық суға, ал етінің дәмі жақсы болуы үшін ыстық суға салып, қайнаған соң баяу қайнатады;

Тағамдардың пісу уақыты

Азық-түліктің салмақ мөлшері

Тамақ дайындау барысында алынатын азық-түліктің ыдыстарға байланысты мөлшері (грамм өлшемімен)

Азық-түлік Ішіне 250 мл сиятын стақанда Ас қасықта Шай қасықта
Су 250 15 5
Желатин (ұнтақ) - 15 5
Лимон қышқылы (кристалды) - 25 8
Дәм қабық (ұнтақ) - 20 8
Кофе (ұнтақ) - 20 7
Қарақұмық 300 35 10
Геркулес 90 12 6
Манный 160 15 4
Сұлы 200 20 -
Арпа 230 25 8
Бидай 230 25 8
Тары 230 25 8
Күріш 240 30 10
Көкнәр - 18 5
Өсімдік майы 200 10 3
Сары май 210 25 10
Бал 370 35 10
Сүт 250 20 5
Картоп ұны 180 30 10
Жүгері ұны 160 30 10
Бидай ұны 160 30 10
Құмшекер 200 17 4
Қант ұнтағы 180 25 10
Кілегей 250 14 15
Қаймақ 300 20 7
Тұз 290 30 10
Кепкен нан (ұнтақ) 125 15 10
Томат-пюре 220 25 5
Сірке су - 15 5
Шай - - 2,5
Жұмыртқа ұнтағы 100 25 10

Тамақты өңдеуге арналған құрал-жабдықтар

Арнаулы құрал-жабдықтар тамақ өңдеу жұмыстарының уақытын қысқартады және дайындау уақытын шапшаңдатады.

  • Қол құрал-жабдықтары:
    • қылшақ (щетка) - көкеністерді жуу (жасанды талшықты немесе табиғи талшықты); қамырдан дайындалған тағамдардың бетін маймен сылау (табиғи талшықты);
    • шие жемісінің сүйегін алуға арналған аспап (зәйтүн, қызыл шиенің сүйектерін де алуға болады);
    • азық-түлік бөлетін тақтай;
    • үккіш;
    • консерві ашатын аспап;
    • пышақ қайрақ;
    • шырынсыққыш;
    • кішкене қол келсап - езбелер жасау;
    • айналмалы кептіргіш - салаттың дымқыл жапырақтарын кептіру;
    • елек (елеуіш);
    • көкөніс тазалауға арналған аспап - картоп аршумен қатар көкөністерді жұқалап жонуға (кәді мен балдыркөкті), шоколадтан жоңқа жасауға, ірімшік кесу;
    • цитрустардың қабығын алатын құрал;
  • Электрлік құрал-жабдықтар:
    • блендер - езбе көже, тұздық (соус) жасау;
    • кофетартқыш - кофе ұсатумен қатар нан үгінділерін дайындау;
    • миксер - тәтті крем былғау;
    • асүйлік комбайн - шапшаң тұрде азық-түліктерді ұсақтау, нан ұнтақтау, қатыру, сары май былғау, тамақты көп мөлшерде дайындау;
    • қол миксері - сүт коктейльдерін, тұздық, асқабақ езбесін жасау;
    • шағын толқынды пеш;
    • бу пеші;

Тамақ дайындауға және дастарқан жасауға арналған ыдыстар мен аспаптар

Толық мақаласы: Ыдыс-аяқ

Тамақ әзірлеуге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар

  • Ас пісіруге кірісер алдында және жұмыс үстінде қолды мұқият жуу қажет.
  • Жұмыс киімі таза болуы тиіс.
  • Басты жеңіл орамалмен байлап алған дұрыс.
  • Ас үй мен асхана ыдыстарын жууға ерекше көңіл бөлу керек: олар сабынмен немесе арнаулы ұнтақтармен, сұйықтармен жуылуы қажет.
  • Шикі ет тоңазытқышта сақталуы тиіс. Оларды піскен тағаммен бірге қоюға болмайды.Шикі етті өңдеуге қолданылған пышақ, тақтайды ыстық сумен мұқият жуу қажет. Сондай-ақ шикі ет ұастағаннан кейін қолды жумай тұрып басқа азық-түлікке қол тигізуге болмайды.
  • Еттен дайындалған тағамның барлығы да сөлі мөлдірегенше жақсылап қайнатылуы не қуырылуы тиіс.
  • Әр түрлі көкөністер мен жемістерді таза суға бірнеше қайтара жуу керек.
  • Жаңа даярлаған тағамды бұрын даярланған тағаммен араластыруға болмайды.
  • Тағамдардың сақталу және тоңазытқышта ұстау уақытын қадағалау қажет.

Үлгі:Portal

Дереккөздер

Дереккөздер

  • Приглашение к обеду. Перевод с английского. Москва - 2000г. ISBN 5-322-00016-X (рус.), ISBN 0-86411-328-5 (ағылш.)
  • Кулинарный шедевр за 30 минут. Перевод с английского. Производство во Франции, 2003г. ISBN 5-89355-076-5

Tags:

Тамақ Дайындау Тәсілдері Тамақ әзірлеу кезеңдеріТамақ Дайындау Тәсілдері Азық-түлікті өңдеу тәсілдеріТамақ Дайындау Тәсілдері Тамақ өнімдеріндегі дәрумендерді сақтау жолдарыТамақ Дайындау Тәсілдері Пайдалы кеңестерТамақ Дайындау Тәсілдері Тағамдардың пісу уақытыТамақ Дайындау Тәсілдері Азық-түліктің салмақ мөлшеріТамақ Дайындау Тәсілдері Тамақты өңдеуге арналған құрал-жабдықтарТамақ Дайындау Тәсілдері Тамақ дайындауға және дастарқан жасауға арналған ыдыстар мен аспаптарТамақ Дайындау Тәсілдері Тамақ әзірлеуге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайларТамақ Дайындау Тәсілдері ДереккөздерТамақ Дайындау Тәсілдері ДереккөздерТамақ Дайындау ТәсілдеріАзық-түлікТамақ

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қыз ЖібекДемократияҰлпан (роман)Метаморфтық тау жыныстарыЭлектромагниттік толқындарІлияс ЕсенберлинЭволюциялық ілімМақта (дақыл)Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміОксидтерҰлы жүзКөктемЖұлынҚазақстандағы «қайта құру» саясатыҰлы Жібек жолыҚоректік тізбекБасты бетРентген сәулесіХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміӨркениетАлкендерТұрақты сөз тіркесіРим империясыВолейболЕуропа одағыФерменттерЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарРимМитохондрияҒаламдық мәселелерҰлы Отан соғысыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіИсламЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміКубизмБесеудің хатыӨсімдіктер систематикасыСызықшаАдамның табиғатқа әсеріБейнелеу өнеріШәкәрім ҚұдайбердіұлыТел өскен ұлКСРО ыдырауыДүниежүзілік көрме (2017)Чарлз ДарвинҚосарлы ұрықтануДомбыраҚазақстанның мұнай өнеркәсібіМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміПневмонияБиотехнологияЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановАқмола облысыКөміртегіЕкінші дүниежүзілік соғысТехнологияМагмалық тау жыныстарыАйдын Ақанұлы АйымбетовЗар Заман ақындарыАбай Құнанбайұлының шығармаларыТуризмАқтабан шұбырындыӘбілхан ҚастеевҒылыми-техникалық прогрессАрқарТранспортирСелекционерҒылыми фантастикаҚазақстан аудандарыРесурстарҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевФотосинтезОңтүстік ҚазақстанОзон қабатыТәттімбет ҚазанғапұлыБақбақАлюминийҚазақ-Жоңғар соғысы🡆 More