Көкнәр

Көкнәр(лат.

Қазақстанда далалы, шөлейт және таулы аудандарда тараған 11 түрі бар. Ең маңызды сортына дәрілік Апиын көкнәрі (P. somnіferum) жатады: ол Қазақстанның оңтүстік мен таулы аудандарда өседі. Оның піспеген қауашағының шырынынан дәрі алынады. Піскен Көкнәр тұқымында алкалоид болмайды, бірақ майы көп (55%). Көкнәрдің биіктігі 20 – 90 см. Сабағы жіңішке, түкті жапырағы жалпақ, гүлдері ақ, сары, қызыл қызғылт, гүл сағағы ұзын, олар шар тәрізді гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Көкнәрда сүт тәрізді ақ шырын болады. Сондай-ақ республикада тоты Көкнәрін (P. pavonіnum) бояу өндірісінде пайдаланады. Егістікте арамшөп ретінде сеппе Көкнәр (P. rhoeas) кездеседі. Қазақстанда өте сирек кездесетін жіңішке көкнәр Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Көкнәр

Апиын (Опий) — көкнәрдің піспеген кездегі сүтті сөлінің ауада қатайғанда беретін қоспасы. Күшті наркотик.

Таралуы

Көкнәр Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Азияда өседі.

Химиялық құрамы.

Көкнәрдің өз құрамында папаверин, морфин, кадеин, апиын деп аталатын алколоидтар болады. Тұқым шашар алдында осы алколоидтар оның қалпақшасына жиналады, ал тұқымының құрамында алколоидтар болмайды. Сондықтан да, көкнәрдің тұқымы тамақ, өнер кәсібінде жиі қолданылады.

Малдың улануы.

Мал дәрігерлігі практикасында бұл өсімдіктің шикізаты тікелей қолданылмайды. Бірақ одан арнайы орындарда дайындалған дәрілер емдік жұмысқа жиі пайдаланады. Көкнәрдың павлиндік түрін жаңадан өсіп келе жатқанда барлық мал түлігі жей береді. Бірақ оны көп жеп қойған мал уланады. Уланған малдың тыныс алуы қиындайды, тітіркену қасиетін жоғалтады, көзінің көруі, құлағының естуі нашарлайды. Байлауда тұрған ірі қара тартынып, мойнындағы жібін үзіп, қашып кетуге тырысады. Егер көкнәрмен мал уланса онда дереу мал дәрігеріне хабар беру қажет. Ол келгенше, табылса, сүт ішкізуге болады. Жалпы көктем айларында осы көкнәрдің қалың өсетін жерлеріне малды байқап жаю қажет.

Дереккөздер

Шәріпбаев Н. Малдыңтынысалумүшелерініңауруларынемдеуүшінқолданылатындәрілікөсімдіктер // Мүйіздішөңгебас — "Қайнар", 1988. — Б. 25. — (Пайдалыөсімдіктерді мал дәрігерлігіндеқолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Көкнәр ТаралуыКөкнәр Химиялық құрамы.Көкнәр Малдың улануы.Көкнәр ДереккөздерКөкнәр Тағы қараңызКөкнәр ДереккөздерКөкнәрАлкалоидАпиын көкнәріАрамшөпКөкнәрлер тұқымдасыЛатын тіліМайШөлейтҚызыл кітап

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ИнвестицияҚазақстан халқы ассамблеясыАсан қайғы СәбитұлыКенесары ханҚасқырТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевТеннисӨскеменМутацияХалықаралық ұйымдарМал атауларыҚазан төңкерісіСиқымҚазақ хандығыДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновХристофор КолумбЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚуық түбі безінің қабынуыҚұрмалас сөйлемМодаль сөздерМеталдарЖамиғ Ат-ТауарихҚанайналым жүйесіБүркітЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Чарлз ДарвинСуҚояншықҚұстарТәуекел ханАбортАмерика Құрама ШтаттарыЗәрдің түзілуі және шығарылуыБұрындық ханГастритОңтүстік АмерикаЖәннәтпен сүйіншіленген он сахабаГазСерік ҚалиевАнықтауышҚазақстан әкімшілік бірліктеріМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміТас дәуіріРуСәкен СейфуллинСалт-дәстүрТеміреткіМұнай өнеркәсібіЖанқожа НұрмұхамедұлыКеңес Одағының БатырыАлгоритмХақназар ханЖүрек ауруларыЖамбыл облысыБайқоңыр (ғарыш айлағы)ЖасушаҒұндарЭкологиялық жүйеГеморройҚасым ханҚазақстан Республикасының КонституциясыХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміХимиялық байланыстарӘлкей Хақанұлы МарғұланӨзін-өзі өлтіруНағашыҚазақша УикипедияАрыстанбабБиосфераҚатынасуМұстафа Кемал АтатүрікСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)КөміртегіӘлімұлыЖоңғар шапқыншылығыНамазды бұзатын нәрселерЖелтоқсан көтерілісі🡆 More