Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы

Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы (Ресей КФСР немесе РКФСР, орыс.

Бұл ел қазіргі Ресейдің аумақтарына ие болып, батысы Шығыс Еуропада ал шығысы Солтүстік Азияда орналасқан еді. РКФСР 1917 жылда, Қазан төңкерісі соңынан тәуелсіз ел болып, 1922 жылда, Кеңес Одағы құрылғанымен оның құрамына кірген. 1990 жылы егемендік алып, 1991 жылы Кеңес Одағы құлағанда РКФСР орнына Ресей Федерациясы мемлекеті пайда болды. 1921 жылы, 7 қараша күні құрылған. Астанасы – Мәскеу.

Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы

Российская Советская Федеративная Социалистическая Республика
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы
Кеңестік Ресейдің байрағы (1954-1991) Республика елтаңбасы
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы
1922 – 1991 Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы
Ұраны:
Пролетарии всех стран, соединяйтесь !
Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы
Әнұраны
Елордасы Мәскеу
Құрылды 1917 қарашаның 7
 КСРО құрамында:
  • бастап
  • дейін
Ауданы
  • Орны:
  • Жер аумағы:
  • Су аумағы:

  • КСРО бойынша 1-ші-орын
  • 17 075 000
Ресми тілдері орысша
Халқы
  • Халық саны:
  • Орны:
  • Тығыздығы:

  • 147 386 900
  • КСРО бойынша -орын
Уақыт белдеуі
Медальдары Медалге ие болмаған

Әкімшілік бөлінісі

РКФСР Республикалары

  • Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасы 1918 жылы 30 сәуір күні Түркістан генерал-губернаторлығының орнына құрылды. Ол КСРО ұлттық-аумақтық бөлінісі кезінде Хорезм ХКР және Бұхара ХКР-ларымен бірге 1924 жылы 27 қазан күні Өзбек КСР және Түрікмен КСР болып бөлінді. Тәжік АКСР 1929 жылға дейін Өзбек КСР-ның құрамында болып, кейінірек өзінің де, Тәжік КСР республикасына ие болды. РКФСР жаңа құрылған Қара-Қырғыз және Қара-Қалпақ Автономиялы облыстарын өзінің құрамында қалдырды. Кейінгісі 1932 жылы өзінің де республикасына ие болды.
  • Башқұрт Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы 1919 жылы 23 наурыз күні бұрыңғы Орынбор губерниясының башқұрттар мекендеген солтүстік жерлерінде құрылды. 1990 жылы егемендігін жариялап, өзінің атауын Башқұрт КСР деп ауыстырды, 1992 жылы осы жолы Башқұртстан Республикасы ретінде атауы қайта өзгерді.
  • Татар Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы 1920 жылдың 27-ші мамырында татарлар тұрған бұрыңғы Қазан губерниясының батысында құрылды. 1990 жылы 30 қазанда Татарстан Республикасы болып егемендігін, 1991 жылы 18 қазанда тәуелсіздігін жариялады. Ресейдің конституциялық соты 1992 жылы 13 наурызда бұл мәлімдемені жоққа шығарды. 1994 жылы ақпанда Мәскеумен Татарстанның конфедеративті мәртебесі бар Ресейдегі қауымдастырылған мемлекет мәртебесі туралы жеке келісімге қол жеткізілді.
  • Қырғыз Автономиялы Социалисттік Кеңестік Республикасы 1920 жылы 26 тамыз күні Орал, Торғай және Семей облыстарынан және қырғыз-қайсақ (қазақтардың бұрыңғы атауы) халқы мекендеген Күнгей Каспий облысы, Бөкей Ордасы мен Орынбор губерниясының бөліктерінен құрылды. 1925 жылы Қазақ КСР болып өзгертілді.
  • Таулы Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы 1921 жылы 20 қаңтар күні большевиктермен жауланған Таулы Республика аннексиясынан кейін пайда болды. Таулы АКСР-ның әртүрлі ұлттық аудандары кейінірек бір-бірден құрамынан шығатын. 1924 жылы қазанның 7-сі күні республиканың қалдықтары Ингуш автономиялы облысы, Солтүстік Осетия автономиялы облысы және Сунжа казак округі (барлығы Солтүстік Кавказ өлкесіне бағынысты) болып бөлінген.
  • Дағыстан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы 1921 жылы қаңтардың 20-сы күні бұрыңғы Дағыстан облысынан құрылды. 1991 жылы ол Дағыстан КСР ретінде егемендігін жариялады.
  • Қырым Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы 1921 жылы 18 қазан күні Қырым түбегінің территориясында құрылды. 1944 жылы ол республика мәртебесінен айырылып, облыс болды және нацистермен бірлескені айыптарымен жергілікті қырым татарлары халқы депортацияланды. 1954 жылы ақпанның 14-і күні түбек Украин КСР-на берілді. 1991 жылы 12 ақпанда қайта құрылып, сол жылдың 4 қыркүйегінде егемендігін жариялады. 1992 жылы 5 мамырда Қырым Республикасы болып тәуелсіздігін жариялады. 13 мамырда Украинаның Верховна Радасы бұл декларацияны жоққа шығарды, бірақ Украина құрамындағы Қырым Автономиялық Республикасы құрылуы туралы ымыраға келді. 2014 жылғы Украина төңкерісінен, Ресейдің әскери араласуынан және даулы референдумнан кейін Қырым 2014 жылы наурызда Ресеймен аннексияланды.
  • Якут АКСР 1922 жылы 16 желтоқсан күні Якут Автономиялы облысының республика деңгейіне көтерілгенде пайда болды. 1990 жылы 27 қыркүйекте Якут-Саха Кеңестік Социалистік Республикасы болып егемендігін жариялады. 1991 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ол Саха Республикасы деп аталды.
  • Бурят Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы 1923 жылдың 30 наурызында РКФСР-ның Моңғол-Бурят Автономиялы облысы мен Қиыр Шығыс Республикасының Бурят-Моңғол Автономиялы облысының қосылуынан пайда болды. 1958 жылғы 7 шілдеге дейін Моңғол-Бурят АКСР деп аталатын. 1991 жылы 27 наурызда Бурятия Республикасы болып жарияланды.
  • Карель АКСР 1923 жылы 23 шілде күні Карелия Еңбек коммунасының ыдырауынан пайда болды. 1940 жылы 31 наурызда ол Карель-Фин КСР ретінде толық одақтық республика болып көтерілді. 1956 жылы 16 шілдеде оның мәртебесі АКСР мәртебесіне төмендетіліп, РКФСР құрамына қайта енгізілді. Ол 1991 жылы 13 қазанда Карелия Республикасы болып егемендігін жариялады.
  • Еділ Немістері АКСР 1924 жылы 19 желтоқсанда Еділ Немістері Автономиялы облысы АКСР болып көтерілген кезде құрылды. 1941 жылы 28 тамызда Еділ немістері Орталық Азияға жер аударылғаннан кейін АКСР таратылды. Территориясы Саратов және Сталинград облыстары арасында бөлінді.
  • Қазақ АКСР 1925 жылы 19 сәуірде Қырғыз АКСР атауы өзгертіліп, бөлінген күні пайда болды. Кеңестік жаңа конституция ратификацияланғаннан кейін 1936 жылы 3 желтоқсанда АКСР толық Одақтық Республика деңгейіне көтерілді. 1990 жылы 25 қазанда ол егемендігін және 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы болып тәуелсіздігін жариялады.
  • Чуваш АКСР 1925 жылы 21 сәуірде Чуваш Автономиялы облысының АКСР деңгейіне көтерілгеннен кейін құрылды. Ол 1990 жылы 26 қазанда Чуваш КСР болып егемендігін жариялады, және РКФСР ыдырағаннан кейін Чувашия атауымен қайта құрылды.
  • Қырғыз АКСР 1926 жылдың 1 ақпанында Қара-Қырғыз Автономиялы облысының ыдырауынан кейін пайда болды. Одақтың жаңа конституциясының ратификациясынан кейін 1936 жылы 3 желтоқсанда АКСР толық Одақтық Республика деңгейіне көтерілді. 1990 жылы 12 желтоқсанда Қырғыз Республикасы болып егемендігін, 1991 жылы 31 тамызда тәуелсіздігін жариялады.
  • Қара-Қалпақ АКСР 1932 жылдың 20 наурыщ күні бұрыңғы Қарақалпақ Автономиялы облысының ыдырауынан кейін ұйымдастырылды; 1936 жылдан бастап Өзбек КСР құрамында. 1937 жылы атауы Қарақалпақ АКСР болып ауыстырылды.
  • Мордва АКСР 1934 жылы 20 желтоқсан күні Мордва Автономиялы облысының ізбасары болды. Ол 1990 жылы 13 желтоқсанда Мордва КСР ретінде егемендігін жариялады. 1991 жылдың 25 қаңтарынан бастап Мордовия Республикасы деп аталды.
  • Ұдмұрт АКСР 1934 жылы 28 желтоқсанда Ұдмұрт Автономиялы облысының ізбасары болды. Ол 1990 жылы 20 қыркүйекте егемендігін жариялады. 1991 жылдың 11 қазанынан бастап ол Ұдмұрт Республикасы ретінде белгілі.
  • Қалмақ АКСР 1935 жылы қазанның 20-сы күні Қалмақ Автономиялы облысының орнында пайда болды. 1943 жылы 27 желтоқсанда қалмақтардың депортациялануынан кейін АКСР таратылып, территориясы жаңадан құрылған Астрахан облысы және бұрын болған Ростов облысы, Краснодар және Ставрополь өлкелеріне берілді. 1957 жылы 9 қаңтарда Қалмақ Автономиялы облысы атымен өзінің қазіргі шекарасымен Ставрополь өлкесінің және 1958 жылдың 19 шілдесінен бастап Қалмақ АКСР-ның құрамында қайта құрылды. 1990 жылы 18 қазанда егемендігін Қалмақ КСР болып жариялады.
  • Қабарда-Балқар АКСР 1936 жылы желтоқсанның 5-сі күні пайда болды. Территориясы Солтүстік Кавказ өлкесініе құрамындағы Қабарда-Балқар Автономиялы облысынан алынды. 1944 жылы 8 сәуірде Малқарлардың депортацияланғаннан кейін республика Қабарда АКСР-ы болып аталды және оның бір бөлігі Грузин КСР-на берілді. Балқарлар оралғаннан кейін 1957 жылы 9 қаңтарда ҚБАКСР қайта құрылды. 1991 жылы 31 қаңтарда республика Қабарда-Балқар КСР және 1992 жылдың 10 наурызынан бастап Қабарда-Балқар Республикасы болып егемендігін жариялады.
  • Солтүстік Осетин АКСР 1936 жылы 5 желтоқсанда Солтүстік Кавказ өлкесі таратылып, оның құрамындағы Солтүстік Осетин Автономиялы облысының қайта құрылуы нәтижесінде пайда болды. 1990 жылы 26 желтоқсанда Солтүстік Осетин КСР ретінде егемендігін жариялады.
  • Шешен-Ингуш АКСР 1936 жылы 5 желтоқсанда Солтүстік Кавказ өлкесі жойылып, оның құрамындағы Шешен-Ингуш Автономиялы облысының қайта құрылуы нәтижесінде пайда болды. Шешендер мен ингуштардың жаппай депортациялануынан кейін 1944 жылы 7 наурызда ШИАССР таратылып, көршілес облыс, өлке мен республикалар оның территорияларын басқарды. Ол 1990 жылы 27 қарашада Шешен-Ингуш Республикасы болып егемендігін жариялады. 1991 жылы 8 маусымда 2-ші Шешен Ұлттық Конгресі жеке Шешен Республикасы болып тәуелсіздігін жариялады және 6 қыркүйекте кеңестік жергілікті үкіметті құлатқан төңкеріс басталды. Іс жүзінде барлық билік 1993 жылдың басында Ичкерия Шешен Республикасы атауындағы өзін-өзі жариялаған үкіметке өтті. Бұған жауап ретінде, 1991 жылы 28 қарашада өткен референдумнан кейін батыс Ингуш аудандары 1992 жылы 4 маусымда Ресей президентінің Жарлығымен Ингушетия Республикасы болып ресми түрде ұйымдастырылды. Дәл осы Жарлық де-юре Шешен Республикасын да құрғанымен, ол де-факто 1994 жылы 3 маусымда ғана құрылып, Бірінші шешен соғысы кезінде ішінара басқаруды жүзеге асырды. Қазіргі Шешен Республикасының үкіметі 1999 жылы 15 қазанда қайта құрылды.
  • Коми АКСР 1936 жылдың 5 желтоқсанында Коми (Зырян) Автономиялы облысының ізбасары болды. 1990 жылы 23 қарашада Коми КСР және 1992 жылы 26 мамырда Коми Республикасы аттарымен егемендігін жариялады.
  • Мари АКСР 1936 жылы 5 желтоқсанда Мари Автономиялы облысының АКСР деңгейіне көтерілуінен кейін құрылды. 1990 жылы 22 желтоқсанда Мари Кеңестік Социалистік Республикасы (Марий Эл) болып егемендігін жариялады.
  • Тыва АКСР 1961 жылы 10 қазанда Тыва Автономиялы облысының ізбасары болды. 1990 жылы 12 желтоқсанда егемендігін Тыва Кеңестік Республикасы деп жариялады.
  • Таулы Алтай АКСР 1990 жылы 25 қазанда Таулы Алтай Автономиялы облысы егемендігін жариялаған кезде құрылды. 1991 жылдың 3 шілдесінен бастап Таулы Алтай КСР деп аталды.
  • Қарашай-Шеркес АКСР 1990 жылы 17 қарашада Қарашай-Шеркес Автономиялы облысының АКСР деңгейіне көтерілген кезінде құрылды және Ставрополь өлкесінің орнына РКФСР-ге тікелей бағынды. Ол 1991 жылы 3 шілдеде Қарашай-Шеркес КСР болып егемендігін жариялады.

Дереккөздер

Tags:

1921 жыл7 қарашаКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКеңестік республикаМәскеуОрыс тіліРесейСолтүстік АзияШығыс ЕуропаҚазан төңкерісі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Құрманғазы СағырбайұлыОралхан БөкейСын есімАйша бибі кесенесіҚорқыт атаЖүйке жүйесіАлюминийҚоңырауРуналық жазуДепортацияМұқағали Сүлейменұлы МақатаевСиэтл СаундерсШылау1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАммиакҚызыл кітапАнықтауышЖелтоқсан көтерілісі1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріӨнерАқтабан шұбырындыҚұқық1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҒарыштануБеғазы-Дәндібай мәдениетіБаяндауышОм заңыДауыссыз дыбыстарБүйрекАТФҚазақтың ұлттық ою-өрнегіӘйтеке биОразаны бұзбайтын жағдайларҮстеуФонетикаМұғалжар тауыЭтносЕуропаОрганикалық қосылыстарИнфрақызыл сәулеБақытсыз ЖамалБатаЭлектр тогыАналық жыныс жасушасыСаясатАқуызОрбұлақ шайқасыОрганикалық затҰшқан ұя (повесть)Дүниежүзінің табиғат ресурстарыТабиғатты қорғауАристотельСпирттерҚазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымыУрбанизацияТәңір тауыАвтомобильЭлектромагниттік толқындарҚимақ қағанатыЖұлынБесеудің хатыКөмірАлматыШәкәрім ҚұдайбердіұлыБіржан ҚожағұлұлыСемей полигоныИнформатикаАҚШ штаттарының тізіміҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыҰлт-азаттық көтерілістерЛизосомаСүреСаясаттануСалт-дәстүрСөз табыСоқырішекҚожа Ахмет Ясауи кесенесіҚазақстан азамат соғысы жылдарында🡆 More