Байғанин Ауданы

Байғанин ауданы — Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан.

Орталығы — Қарауылкелді ауылы. Жер аумағы 61,0 мың км².

Қазақстан ауданы
Байғанин ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақтөбе облысы

Аудан орталығы

Қарауылкелді

Ауылдық округтер саны

9

Ауыл саны

24

Әкімі

Айбек Мұратқалиұлы Көпенов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қарауылкелді ауылы, Қонаев көшесі, №35а

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°18′36″ с. е. 56°43′48″ ш. б. / 47.31000° с. е. 56.73000° ш. б. / 47.31000; 56.73000 (G) (O) (Я) 56°43′48″ ш. б. / 47.31000° с. е. 56.73000° ш. б. / 47.31000; 56.73000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

61,0 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

22 882 адам (2023)

Тығыздығы

0,4 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (99,74%), орыстар (0,1%), басқалары (0,16%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

030300-030312

Автомобиль коды

04

Байғанин ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Байғанин ауданы

Облыс картасындағы Байғанин ауданы

Географиялық орны

Солтүстігінде Ойыл, Темір, шығысында Мұғалжар, Шалқар ауданы аудандарымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасымен, батысында Атырау облысының Жылыой, Қызылқоға, Маңғыстау облысының Бейнеу аудандарымен шектеседі.

Тарихы

Аудан 1928 жылы құрылды. Ол кезде аудан Табын деп аталып Адай уезінің солтүстік-шығысындағы ірі бөлінісі еді. Кейін 1932 жылы Ақтөбе облысының әкімшілігіне еніп, 1940 жылы ауданға халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің есімі берілді.

Атақты тұлғалары

Бұл өлкеде қазаққа атақты жырау Ақтан ақын дүниеге келген. Халыққа белгілі тұлғалар: Түрікпенбай палуан, Көбен би, Таймас Ишан, Байтақ мақсым, Мыңбай батыр осы өлкенің бетке ұстар мақтаныштары. Сондай-ақ кезінде бұл өлкені би әрі болыс болған Мыңбай батыр басқарған.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 13789 13250 22917 26058 27397 24652 22073 22999

Тұрғыны 22809 адам (2019). Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 0,37 адамнан келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар (99,80%), орыстар (0,08%), басқалары (0,12%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 24 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Ащы ауылдық округі Ноғайты ауылы 1 1330
Жаңажол ауылдық округі Оймауыт ауылы 1 764
Жарқамыс ауылдық округі Жарқамыс ауылы 3 2209
Көлтабан ауылдық округі Жарлы ауылы 3 2262
Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылы 4 11483
Қопа ауылдық округі Ебейті ауылы 4 1102
Қызылбұлақ ауылдық округі Кемерши ауылы 3 1714
Миялы ауылдық округі Миялы ауылы 2 669
Сарытоғай ауылдық округі Алтай батыр ауылы 3 1089

Ірі елді мекендері

Атауы Халқы
(2009)
Қарауылкелді 7862
Жарлы 1998
Жарқамыс 1852
Ноғайты 1539
Алтай батыр 1060
Кемерши 997
Ебейті 828
Оймауыт 723
Қаражар 660
Жаңатаң 577
Миялы 549
Бұлақтыкөл 511

Жер бедері

Байғанин ауданының жері негізінен үстіртті (биіктігі 200—300 метр), оңтүстігін Доңызтау тауы және Шағырай үстірті алып жатыр. Ауданның солтүстігі оңтүстігімен салыстырғанда биіктеу болып келеді, мұнда адырлар жиі ұшырасады. Қарауылкелдінің батысындағы шоқының биіктігі 276 м., Аша елді мекенінен шығысқа қарай 12 км шамасында 299 метрлік биіктік сияқты шоқылар ауданның солтүстігі мен солтүстік-шығысында жиі ұшырасқанымен олардың абсолютті биіктігі көзге оғаш біліне қоймайды, себебі жалпы жер бедерінің өзі едәуір көтеріңкі болып келеді. Ауданның оңтүстік-шығысында аласа тау жоталары, адырлы қырқалар кездеседі, бұл төңірекке Шағырай жонының сілемдері кіріп жатыр (батыс бөлігі), оның батыс беткейінде Құтымның шоқысы (250 м), Зымыстан (206 м) шоқысы оқшаулау тұр. Ауданның оңтүстік бөлігінде шығыстан батысқа қарай Доңызтау таулары созылып жатыр, мұндағы шоқылардың биіктігі 209 метрден аспайды, алайда Каспий маңы жазығының шығыс бөлігіне кіретін бұл аймақта Доңызтау қыраттары әжептәуір биік болып көрінеді. Жем өзенінің оңтүстік-шығыс жақ өңіріндегі аласалау, адырлы қырқалар арасында бос тақырлар мен ойдым – ойдым құмайтты шағылдар бар. Бұл төңіректе Қантөрткүл (262м), Әлитау (354 м) шоқылары мен Шерғала жоны араларындағы жазықтар едәуір ауқымды алқапты алып жатыр.

Пайдалы қазбалар

Кен байлықтарынан гипс, әктас, бор, қиыршық тас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Аудан жері мұнай мен газ қорына бай. Ірі кен орындары Жаңатаң, Лақтыбай, Ақжар, Шығыс Ақжар, Қаратөбе, Оңтүстік Қаратөбе, бұлар негізінен Жем өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жол құрылысында пайдаланылатын шикізат - кир Мортық, Алтай, Дөңгелексор, Ақшоқы, Алашқазған маңында кездеседі. Табиғи газдың қоры аудан оңтүстігінде бар деп есептелінеді.

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –10°С, шілденің орташа температурасы 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшер ауданның оңтүстігінде 150 мм, солтүстігінде 250 мм. Байғанин ауданы жерінің солтүстік бөлігі шөлейтті белдемге, ал оңтүстік бөлігі шөлді белдемге жатады.

Өзен-сулары

Ірі өзендері: Жем, Сағыз, сонымен қатар Ащысай, Шетірлі, Кенжалы, Алшынсай, Шаған, Қияқты, Тереңсай, Жиделі, Жарлы, Ебейті, Дауылды, Қарауылкелді, Саралжынды, Қамысты, Мәні, Жайынды, Терісаққан сияқты шағын өзендер мен сайлар бар. Қар суымен қоректенетін бұлар жаз айларында кеуіп қалады, кей жылдары Жем, Сағыз өзендеріне құяды. Жем, Сағыз өзендерінің өзі жаздың ыстық айларында бөлшектеніп, қарасулар тізбегін құрап жатады. Өзендердің көпшілігі мал суаруға, ішінара көкөніс суаруға, алаптары – жайылым ретінде пайдаланылады. Аудан территориясында жазда құрғап қалатын Сарыкөл, Күйгенкөл, Ақкөл, Көкбұлақ, Шөптікөл, Қоскөл, Қаракөл, Дәуіткөл, Тамдыкөл, Үлкен Жуалы, Шалқаркөл, Толағайсор, Соркөл, Тоғысқан, Мыңжасар көлдері бар.

Топырағы

Ауданның жері — топырақ зоналары бойынша үш аймаққа бөлінеді. Солтүстік аймақ, яғни Қарауылкелді, ішінара Ащы, Көлтабан ауылдық округтерінің жері ашық - қоңыр топырақты зонаға жатады. Орталық аймақ, яғни құба топырақты шағын зонаға Жем өзенінің екі жақ беткейін алып жатқан территория кіреді. Доңызтаудың оңтүстік жағындағы алқап оңтүстік аймаққа, немесе сұр – құба топырақты шағын зонаға кіреді.

Өсімдік пен жануарлар әлемі

Аудан жеріндегі өсімдіктер дүниесі түр – тұқымы бойынша әр түрлі. Тамырлы өсімдіктің 90-ға жуық тұқымының 1000 – нан астам түрлері өседі. Ауданның солтүстігі мен солтүстік-шығыс беткейінде аз да болса ақ селеулі боз, сондай – ақ жусан, өткінші шөптері өседі. Жем өзенінің оңтүстік жағы, Сам, Матайға дейінгі аймақ жыл бойы мал жайылымы үшін қолайлы, азықтық сапасы құнарлы шөптерге бай. Мұнда изен мен жусанның бірнеше түрлері, бұйырғын, көкпек, теріскен, күйреуік сияқты қара оттық шөптер өседі, олар қатаң жерге өскендіктен біраз уақыт құнарлылығын жоймайды, күзгі жауын сілтісін шайғаннан кейін малға азық болады. Жазғытұрым жердің ылғалы мен түскен жауын – шашынның мөлшеріне байланысты малға жұғымды шөптер өседі. Олар: беде, мортық, қаз оты, сорышуда, ебелек, еркек, қияқбоз, шытыр. Бұлар құмақ шағылды жерде өседі.

Сонымен бірге алабұта, жантақ, баялыш, қоянсүйек те әр жерде кездеседі. Жануарлар дүниесінен аудан территориясын түлкі, қарсақ, борсық, қасқыр, күзен, қоян сияқты аңдар, кеміргіштердің біраз түрлері (саршұнақ, атжалман) мекендейді, кесіртке, жыландар да кездеседі. Шағырай, Ащыбұлақ, Айрық қырларында жабайы шошқа, даланың әр жерінде киіктер тобы жайылады.

Құстардан бұлдырық, тырна, торғайлар мекендейді, көктемде үйрек, қаз, шағаланың кейбір түрлері, жылқышы, қоңыр қаз, қараторғай келеді. Азайып бара жатқан құстардың бір түрі – дуадақ та кездеседі. Киіктер қысты (егер қыс жылы болса) ауданның оңтүстік шекарасына таяу жазықта өткізеді, сонымен қатар «Қызыл кітапқа» енген қарақұйрық та кездесіп қалады. Бұларды аулауға тыйым салынған.

Шаруашылығы

Мал шаруашылығы (ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, түйе) және ішінара суармалы егіншілік (дәнді дақылдар, жемшөптік дақылдар, картоп) дамыған. Бұл өлкеде шөлге, аязға төзімді келетін жүйрік адай жылқыларымен ерекшеленеді.

Ауданның солтүстігінен Атырау — Қандыағаш темір жол және автомобиль жолы өтеді. Ауданда оқу-тәрбие, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар.

Дереккөздер

Tags:

Байғанин Ауданы Географиялық орныБайғанин Ауданы ТарихыБайғанин Ауданы Атақты тұлғаларыБайғанин Ауданы ХалқыБайғанин Ауданы Әкімшілік бөлінісіБайғанин Ауданы Ірі елді мекендеріБайғанин Ауданы Жер бедеріБайғанин Ауданы Пайдалы қазбаларБайғанин Ауданы КлиматыБайғанин Ауданы Өзен-суларыБайғанин Ауданы ТопырағыБайғанин Ауданы Өсімдік пен жануарлар әлеміБайғанин Ауданы ШаруашылығыБайғанин Ауданы ДереккөздерБайғанин АуданыАқтөбе облысы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Америка Құрама ШтаттарыБұрындық ханҚажылықМиБесеудің хатыТехасАзияМақалаНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевЕуропа одағыҚазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұруҚазақ философиясыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіШығыс Түрік қағанатыАуызашарГаметогенезҒылыми-техникалық революцияКребс цикліӘл-Кәусәр сүресіЖоғары сатыдағы өсімдіктерНаймандарСақтарСаңырауқұлақтарӘн-Нас сүресіЖеке тұлғаТүркістан (қала)Шәкәрім ҚұдайбердіұлыҚазақ жүздеріСудың ластануыЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚазақ жеріне исламның таралуы және оның тигізген әсеріЖошы ханПайдалы қазбаларЛейкозҚабдеш ЖұмаділовАлаш партиясыБатырлар жырыАлюминийТұлғаЭлектрокардиографияБактерияларКүрделі эфирлерӘбілқайыр хан (Кіші жүз)18 ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарЕңлік — Кебек (пьеса)Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыМетафораАлтын Орда тарихыОйық жара ауруыРамазан (ай)Кіші жүздің Ресейге қосылуыТүркістан автономиясыДемографияЭкономикалық жүйеЦиститАлкандарНефронЕсімше2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыАзаматтық құқықОрталық жүйке жүйесіГенетика терминдерінің тізіміМахамбет ӨтемісұлыҚазақстандағы туризмАлаш партиясының бағдарламасыДаун синдромыӘбдіжәміл Кәрімұлы НұрпейісовАбай Құнанбайұлының шығармаларыДифракциялық торСаясатҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніСын есімБас сүйекКлиматтық белдеулерМал шаруашылығыЖаңылтпаш🡆 More