Grand Theft Auto V (қысқасынан GTA V немесе GTA 5) — Action жанрындағы көп платформалы бейне ойын.
Шотландық Rockstar North команиясынан жасалып, американдық Rockstar Games баспагерлерінен шыққан. Grand Theft Auto топтамасының он бесінші ойыны. 2011 жылдың 2-ші қарашада алғашқы трейлері шықса, келесі күні ойынды ресми түрде анонстады. Алғашында ойын Xbox 360 пен PlayStation 3 платформаларына 2013 жылдың көктемінде шығаратын болжамы бар еді, бірақ 17-ші қыркүйекке ауыстырылып, аталған күні ойын алғаш рет жарыққа шықты. Кейін 2014 жылы 11-ші маусым күні E3 ойын көрмесінде ойынды ДК, PlayStation 4 және Xbox One платформаларына анонстап, ойын күзде шығады деп ақпарат берген, PlayStation 4 пен Xbox One платформаларына ойын 18-ші қараша күні шықты. ДК платформасына ойынды 2015 жылдың 27 қаңтарға көшірген еді, бірақ 24-ші наурызға аустарып, тағыда және ақырғы күні 14-ші сәуірге белгіленіп, сол күні ойын ДК нұсқасы жарық көрді.
Grand Theft Auto V | |||
---|---|---|---|
Жасаушылар | Rockstar North Қосымшалар: | ||
Баспагер | Rockstar Games | ||
Локализатор | Soft-Club | ||
Интерфейс тілі | ағылшын тілі Барлығы: | ||
Үлгі:Карточка игры/Base
| |||
Серия бөлімі | Grand Theft Auto | ||
Анонс күні | 3 қараша 2011 жыл | ||
Шығарылған күні | 17 қыркүйек 2013 жыл (Xbox 360, PS3); 18 қараша 2014 жыл(Xbox One, PS4); 14 сәуір 2015 жыл(Microsoft Windows) | ||
Ойын бюджет | $ 256 млн. | ||
Жанрлар | Action | ||
Жас шектеу рейтингтер | CERO: Z (18+) ESRB: M PEGI: 18+ USK: 18 RARS: 18+ | ||
Платформалар | PlayStation 3 Xbox 360 Microsoft Windows PlayStation 4 Xbox One | ||
Ойын қозғалтқышы | RAGE | ||
Жүйелік талаптар | Минималды: ОЖ: Windows 8.1 64 Bit, Windows 8 64 Bit, Windows 7 64 Bit Service Pack 1, Windows Vista 64 Bit Service Pack 2* (Nvidia бейнекартасы Vista арқылы қосылуын талап етеді) | ||
Басқару құрылғылары | Пернетақта Тышқан Геймпад | ||
Сайт | Ресми сайты |
Grand Theft Auto V ойыны қазіргі уақытқа дейін Rockstar Games компаниясынның тарихындағы жасалған ең ірі жобасы болып саналады.
GTA V әр түрлі оқиғалары бар үш басты кейіпкерден тұрады. Олардың әрқайсысының өзіндік мінез-құлық ерекшеліктері, хоббилері, қызығушылықтары, достары, белгілі бір дағдылары және өзіндік ерекше көлігі бар. Ойыншылар тапсырмаларды бірге орындау арқылы кез келген уақытта осы кейіпкерлер арасында ауыса алады. Rockstar Games компаниясының негізін салушы Дэн Хаусер берген сұхбатында бастапқыда тек Майкл ғана болуы керек екенін айтты, бірақ әзірлеушілердің бірі бірден 3 кейіпкерді қосып, бір-бірімен байланыстыруды ұсынды.
Ойынның сюжеті тоғыз жыл бұрын, яғни 2004 жылы Солтүстік Янктон штатындағы Людендорф қаласынан сипаттап бастайды. Үш дос — Майкл Таунли, Тревор Филипс және Брэд Снейдер банк тонау операциясын жүргізуде. Тонау сәтті өтеді, бірақ қашатын кезде жол апатына түседі, кейін тік ұшақ қонатын жерге жаяу жету амалын жоспарлайды. Жоспар жүзеге аспайды. FIB агенті — Дэйв Нортон Майкл мен Брэдты атып тастайды. Сосын полициялар келгесін, Тревордың амалы болмай, бір өзі қашуға мәжбүр болады.
Кейін анықталғандай, Майклдың өлгені жасанды әрекет болып шыққан екен. Ол өз отбасын қауіп-қатерден қорғау үшін, жан достарын тұзаққа шақырған екен. FIB мен келіссөзге келіп, үлкен ақшамен зәулім сарай сатып алады. Сосын оны Тревор тауып алмас үшін, Майкл "Таунли" деген тегін "де Санта" деп ауыстырып тастайды.
2013 жыл. Лос-Сантос, Сан-Андреас. Майкл психологпен əңгімелескен кезде, өзінің отбасының жағдайын туралы туындайды. Əйелі Аманда - оның ақшасын далаға шашып, оны басқа біреумен ауыстырады. Баласы Джимми - қояншық, əрі еріншек бала. Үйінен шықпай, өз бөлмесінде есірткі шегіп, экранның алдында ойын ойнап жатады. Ал қызы Трейси - өзінің атағын шығару үшін ар-намысын далаға шығаратындай дəтіне барады. Психологпен сөйлесіп болғасын, Майкл көшеге тынығуға шығып бара жатса, жолдан екі қара жігіт шығады(Ламар мен Франклин). Біреуі бір үйді сұрайды қайда екенін. Майкл жауабын айтады да, Франклин мен Ламар сол үй иесінің көлігін айдап кетіп, көлік салонына жеткізеді. Бастығы Симон - жас бала Джиммимен көлікті несиеге алу туралы сөйлессе, екі қара жігіт үйлеріне қайтады.
Симон "Несиеге сатылған көлікті ұрлап әкетсін!" деп Франклинге бұйрық береді. Бірақ әлгі жас баланың(Джимми) әкесі Майкл Франклинді ұстап алып, тапаншаны басына қаратып, Симонға апаруды мәжбүр етеді. Автосалонның терезесіне шағып-кіріп, Франклинге ақша беріп, Симонды сабап тастайды. Ал Франклин жұмысынан айырылады.
Кейін Франклин Майклға келіп өзінің ұсынысын білдіріп жатқан кезде, Майклдың баласымен оның қайығын белгісіз бандылар ұрлап кетеді екен. Майкл мен Франклин Джиммині құтқарады, бірақ қайықты жоғалтып алады. Майкл өз бөлмесіне бара жатқан кезде, құрбысы Амандамен теннисші бапкермен жатқанды көріп, теннисшіні қуалап жетеді. Теннисші тау бетіндегі сарайға тығылып қалғанын көріп, Майкл қуалап келген пикабындағы жібімен сарайдың жандарын байлап, пикаппен тартады. Үй құлайды. Бірақ кейін ол теннисшінің емес, мексикандық банды Мартин Мадрассоның дос қызының үйі болған екен. Майкл әлгі үйді құлатып, мексиканға 2,5 миллион доллар қарыз болып қалған үшін тонау операциясына қайта оралады.
Тонау операциясын ойластырып бастау үшін, ол бұрынғы танитын досын, Лестерді тауып алады. Ал бұл уақытқа дейін Франклин Ламардың шаруасына араласып жүреді. Өздерінің, яғни "Chamberlain Gangster Families" деген бандылары "Ballas" атты бандылармен жауласып жатыр. Түрмеден Стретч деген досы шығады. Бірақ Франклин олмен тіл табыса алмайды. Ламар Франклинге өзінің Чоп деген итін бағуға береді. Майкл мен Лестер «Vangelico» зергерлік дүкенін тонауға дайындалады. Франклинмен және банданың басқа мүшелерімен бірге Майкл дүкенді тонап, құны шамамен бес миллион долларды құрайтын зергерлік бұйымдарды алып кетеді. Ақшаның жарты бөлігін қарыз болып қалған Мартин Мадрасоға беріп, қалған бөлігін тонаушылар өзара бөліп алады.
Келесі күні жаңалықтарда «Vangelico» зергерлік дүкені тоналғаны туралы хабар тарайды. Осы хабарды Блэйн округіндегі Сэнди-Шорс қаласында тұратын, Майклдың бұрынғы досы және онымен бірге кезінде банк тонаған Тревор Филипс көріп отырып, Майклдың тірі екенін біледі. Тревордың «Тревор Филипс Индастриз» атты есірткі шығаратын компаниясы мен жеке бандасы бар. Тревор Майклды іздеп тапқысы келеді. Бірақ Блэйн округіне Либерти-Сити қаласынан "Адаскандар" атты байкерлік клубы келіп, Тревордың жолын бөгеп, екеуінің арасында қақтығыс болады. Сонымен қоса басқада көптеген бандалар Тревордың бизнесіне шабуыл жасайды. Бірақ бір күні Тревор Тао Чен есімді қытайлықпен жұмыс жасайды. Бірақ оның әкесі Вэй Чен Треворға қарсы әрекет етеді.
Тревор бандалармен болған соғыстарды аяқтаған соң досы Уэйдтің көмегімен Лос-Сантосқа кетіп Майклды табады. Екі дос қайта бас қосады, бірақ екеуінің қарым-қатынасы шиеленісе түседі. Тревор Майклды өлімді қолдан жасап, ақшамен қашып кеткен сатқын деп санайды. Майкл FIB агенті Дэйв Нортонмен және оның әріптесі Стив Хейнспен кездеседі және олардың атынан Тревор және Франклинмен бірге FIB-нің оң жақ адамы Фердинанд Керимовты ЦРУ ғимаратынан құтқарады. Кейінірек Тревор Merryweather атты жеке әскери компаниядан құпия қаруларды ұрлаумен айналыса бастайды. Майкл, Тревор және Франклин FIB атынан инкассаторлық фургондарды тонаумен айналысады. Ал Майкл бай бизнесмен Девин Уэстонмен кездесіп ол кейіпкерлерге сирек кездесетін көліктерді ұрлауды тапсырады. Уэстон Майклды атақты кинорежиссер Соломон Ричардспен таныстырады, ол Майклдан өзінің жаңа фильмінің продюсері болуын сұрайды. Уақыт өте келе тонау операциялары көбейген соң Майклдың әйелі Аманда бұның бәріне шыдамай балаларын алып кетіп қалады.
Біраз уақыт өткеннен соң Мартин Мадрасо Майклға қоңырау шалып, Тревор екеуіне жұмыс ұсынады. Ол жұмыстың мақсаты жеке ұшақты атып түсіріп, ішіндегі маңызды құжаттарды алу еді. Бірақ Мартин құжаттарды алып, оларға ақша төлеуден бас тартады. Қатты ашуланған Тревор Мартинның әйелі Патрицияны ұрлап кетіп, бір-біріне деген қарым-қатынасы артады. Ал Мартин ашуланып, Майкл мен Треворға іздеу салады. Бұны білген екеуі қаланы тастап, уақытша Сэнди-Шорсқа кетіп, Тревордың трейлеріне тұруға мәжбүр болады. Себебі қалада Мартин Мадрасоның адамдары Тревор мен Майклды іздеп жүрген еді.
Тревор мен оның досы Рон Merryweather-дың алып ұшағын қаруымен бірге ұрлап кетеді, бірақ оны реактивті ұшақтар нокаутқа түсіреді. Бұл қылмыстарды жабу үшін Майкл мен Тревор FIB-ға қомақты қаражат төлеуі керек еді. Бірақ ақшалары жетпеген соң қайта Лестерді шақырып, Палето қалашығындағы банкты тонайды. Ақшаның көп бөлігін FIB-ға береді. Мартин Мадрасодан ақшаны қайтару үшін, Майкл мен Тревор Merryweather пойызын тонайды. Ақырында, Дэйв Нортон және Стив Хейнспен бірге олар әскери зертханадан нейротоксин ұрлайды. Осылайша Тревор Мартинге әйелі Патрицияны қайтарады, Майкл қалаға оралады.
Қалаға оралған Майкл федералды қоймадан маңызды ақпараттарды тонауға дайындалады. Осы кезде Тревор Майклдың Солтүстік Янктондағы қабірінде оның орнында кім бар деп ойланады. Тревор бәрін білу үшін Солтүстік Янктонға баруды шешеді. Майкл да оны қуып Янктонға ұшады. Тревор қабірді қазып, оның ішінен банкты тонау кезінде қайтыс болған Брэдтің денесін табады. Кенет Вэй Ченнің қарақшылары пайда болады. Тревор қашып кетеді, ал Майкл қытайлардың қолына түседі. Лестердің көмегімен Франклин Майклды тауып, оны құтқарады. Психолог Доктор Фридландердің көмегімен Майкл отбасымен қайта қауышты. Франклинмен бірге Майкл FIB ғимаратына шабуыл жасайды және Нортон мен Хейнс үшін құнды файлдарды ұрлап, оның файлдарын жол бойында FIB дерекқорынан жояды. Тонаудан кейін Майкл Дэйв Нортонмен кездесу ұйымдастырады. Бірақ оларды FIB және Merryweather агенттері тұтқындайды. Кенеттен пайда болған Тревордың көмегімен Майкл мен Дэйв қашып кетеді.
Осы уақытта Франклиннің досы Ламарды Балластар тұтқындап Палето қалашығындағы ағаш кесетін зауытта ұстап отырады. Майкл мен Тревордың көмегімен Франклин Ламарды құтқарады. Белгілі болғандай, басында айтып өткен Стретч Ламар мен Франклинның бандасына опасыздық жасап, Балласқа өтіп кеткен. Майкл мен Джимми Майкл түсіп жатқан Соломон Ричардстың фильмінің премьерасына барады. Бірақ Майклдың үйіне Девин Уэстон жалдаған Merryweather агенттері шабуыл жасайды. Майкл барлық агенттерді өлтіріп, отбасын сақтап қалады.
Басты кейіпкерлер кезекті тонауға дайындала бастайды. Бұл жолы оларға федералдық қоймаға шабуыл жасап, құны 200 млн долларды құрайтын алтын құймаларды ұрлап кету керек еді.
Тонау сәтті аяқталғаннан кейін Франклиннің үйіне Дэвин Уэстон келіп, Майклды өлтіруді тапсырады. Осы кезде Франклинның алдында үш таңдау тұрады: 1.Майклды өлтіру 2.Треворды өлтіру 3.Екеуінде тірі қалдырып, оларды азғырып жүрген Дэвин Уэстонның өзін өлтіру. Бұл GTA сериясындағы (GTA IV-тен кейінгі) бір оқиғаны көп таңдаумен аяқтауға болатын екінші ойын.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Grand Theft Auto V, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.