Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқаруға арналған арнайы құрылғы.
Әзірге компьютерге адамның дауысын таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ, сондықтан пернетақта – пайдаланылушылардың компьютерге әріптік – сандық ақпаратты енгізудің негізгі тәсілі болып келеді.
Қазіргі таңда кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден (клавиштен) тұрады, оның екеуі – Windows терезелері бейнеленген пернелер. Пернетақтаның әр бір пернесі оймақтай (механикалық немесе мембраналық) ажыратып – қосқышқа арналған қақпақ болып табылады.
Пернетақтадағы шағын микропроцессор осы ажыратып – қосқыштардың қалып күйін қадағалап отырып, әр бір перне басылып, қайта жіберілген кезде компьютерге сәйкес хабарды (үзуді) жөнелтеді, ал компьютердің (амалдық жүйенің) бағдарламасы бұл хабарларды өңдейді.
Пернетақта 4 бөлікке бөлінген : әріптік сандық бөлік; жүгіргіні басқару және мәтіндік түзету пернелері ; жетелік пернелер; сандық бөлік.
Пернетақта (Клавиатура; keyboard) — 1) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады. Олар перненің жұмыс режімдері туралы хабар беріп отырады. Пернетақтада мыналар бар: а) жазба машиналарының стандартты цифлары бар пернелер, латын және орыс әріптері мен тыныс белгілері; ә) кішкене цифрлық пернетақта; б) редакциялайтын пернелер; в) меңзерді басқару пернесі; г) қызметтік пернелер; ғ) арнаулы пернелер. Әріптік-цифрлық пернелер негізінде операциялық жүйелердің командалары мен мәтіндерін енгізу үшін пайдаланылады. Кіші цифрлық пернетақталар негізгі пернетақталардағы цифрларды қайталайды және ол сандық мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы. Редакциялайтын пернелер мен меңзерді басқару пернелері экранға шыққан ақпараттармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Қызметтік пернелер есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін немесе жеке программаларды басқаруға арналған. Арнаулы пернелер компьютерлерді басқару және пернетақта режімдерін орындау үшін қажет; 2) түрлі операцияларды басқару және мәліметтерді енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын белгілі бір тәртіппен орналасқан пернелер жиынтығы. Компьютердің пернетақтасы — үлгіқалыпты қосқыш орны бар және жүйелік тақшамен байланысқан тізбекті интерфейсі бар біркелкіленген құрылғы. Оларда 83 (84), 101 (102), 104 (105) немесе 122 перне болады.
Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қатысты келесідей топтарға бөлінеді:
Үш негізгі қосымша пернелер:
Esc | F1 | F2 | F3 | F4 | F5 | F6 | F7 | F8 | F9 | F10 | F11 | F12 | PrtSc SysRq | Scroll Lock | Pause Break | |||||||||
Ins | Home | PgUp | NumLk | / | * | - | ||||||||||||||||||
Del | End | PgDn | 7 | 8 | 9 | + | ||||||||||||||||||
4 | 5 | 6 | ||||||||||||||||||||||
↑ | 1 | 2 | 3 | Ent | ||||||||||||||||||||
← | ↓ | → | 0 | , |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Пернетақта, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.