Өзен Атырауы

Атырау — ірі өзендердің көлге немесе теңізге құяр жерінде өзен шөгінділерінен пайда болатын, тарамдар мен тармақтарға тілімденген ойпат.

Өзен Атырауы Басқа мағыналар үшін Атырау (айрық) деген бетті қараңыз.

Ол өзен ағыны, теңіз толқуы, желқума-желбөгет ағысы, судың толығуы мен қайтуы, т.б. құбылыстардың өзара күрделі әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасады. Атыраудың беті негізінен тегіс, ортасы дөңестеу болып келеді. Оның өсу жылдамдығы әр өзенде әр түрлі болады және жылына бірнеше метрден жүздеген метрге жетеді. Атырау пішіні үш бұрышты (Ніл, Іле өзендері), қалақ (Миссисипи өзені), доға (Лена өзені), құстұмсық (Тибра өзені) болады, кейде бөлініп (Камчатка өзені) не ілгері (Еділ, Жайық өзендері) шығып тұрады. Амазонка, Ганг өзендерінің атырауы 100000 км², Еділ өзенінде13000 км², Іленің атырауы 5,0 мың км²-ге жетеді.

Өзен Атырауы
Өзен атырауы

Қосымша

Атырау - өзеннің сағасындағы, негізінен, өзен шөгінділерінен түзілген және оның тарамдары мен тармақтарының жүйесімен тілімденген ойпат. Ол өзен ағысының, теңіз толқуының және желкөтерме-желқума ағыстардың өзара әрекеттерінің әсерінен пайда болады. Атыраудың тез ұлғайып қалыптасуына өзенмен ағып келген тасындылардың молдығы мен ірілігі, суқойма деңгейінің төмендеуі, өзен сағасының, шығанақтың үшкір шетінде немесе лагунада (коршалған атырауда) болуы, сондай-ақ өзен құятын алаптың таяз болуы жақсы жағдай жасайды.

Атыраулық жаға

Атыраулық жаға - өзенмен ағып келіп, атыраудың сыртқы шетінде шөккен, борпылдақ қабаты тосқындардан түзілген, біршама тармақталған немесе тарамдалған аласа, жазық бетті жаға.

Атыраулық көл

Өзен тасыған кезде судың жаға бойлық белестерді бұзып өтіп, атыраудың ойпаң жерлеріне құйылуынан пайда болған не атырау қойнауларының арасында бөлектеніп қалған теңіздің немесе көлдің суға толған бөліктері. Атыраулық көлдер өзен және теңіз суларымен қоректенеді.

Атыраулық шөгінділер

Өзеннің сағалық өңірінде - атырауда тосқындардың қорлануы негізінде пайда болған әр түрлі механикалық құрамдағы шөгінділер. Өзен сағасынан теңізге қарай алыстаған сайын шөгіндіні құрайтын материал жұқаланып, біртектіленеді және қабаттылығы тегістеліп, ең соңында белгісіз болып қалады.

География және геологиясы

Атырау өзен ағыны, тасындылар ағындысы, теңіз толқуы, тасуы мен желшегерме-желкөтерменің өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады.

Салыстырмалы түрде тынық суқоймаларына құятын өзендердің атыраулары үлкен өлшемдерге жетеді:

Дереккөздер


Tags:

Өзен Атырауы ҚосымшаӨзен Атырауы Атыраулық жағаӨзен Атырауы Атыраулық көлӨзен Атырауы Атыраулық шөгінділерӨзен Атырауы География және геологиясыӨзен Атырауы ДереккөздерӨзен АтырауыІлеАмазонкаГангЕділЖайықКөлЛенаМиссисипи (өзен)НілОйпатТеңізӨзен

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Молотов-Риббентроп пактыАлматы облысыТемекіҰлы Отан соғысыМонархияГеосаясатФилософияЛеонардо да ВинчиБіріккен Араб ӘмірліктеріҚатерлі ісікОм заңыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)КайнозойТранспортирМұражайҚазақстан қалаларыКанадаҚорықтарНарықтық экономикаРинат Рифхатұлы ЗайытовРесурстарФерромагнетиктерЛатын АмерикасыМақал-мәтелдерҚара құрдымФантастикаТың игеруКенесары ханТәттімбет ҚазанғапұлыСперматозоидҚазақша жыл санауМұнай өнеркәсібіКөп жасушалы ағзаларКәсіпкерлікҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыИзомерияЭндокриңді бездерБілім беруОрганикалық затХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыДамыған елдерМиграция1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларГеографияҚазақ хандарыІлияс ЖансүгіровҒаламшарБұқар жырау ҚалқаманұлыМақалаКөзМұстафа Кемал АтатүрікПлацентаТүркияҚұралайдың салқыныЖүрек ауруларыҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыҮш Жүз партиясыИнтеграцияҒаламдық мәселелерҰлы жүзДауыссыз дыбыстарГендік инженерияКомпьютерАбай жолы (роман)Бесін намазыҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровВолейболБақытсыз ЖамалКөксерек (әңгіме)ЭпитетПопуляцияҚазақстанАңырақай шайқасыҚазақ билеріКаспий теңізіКәсіпорынОтынАлкиндер🡆 More