Өзбекстан Футбол Қауымдастығы

Өзбекстан Футбол Қауымдастығы (өзб.

O'zbekiston futbol assotsiatsiyasi / Ўзбекистон футбол ассоциацияси) — Өзбекстан футболын бақылайтын, басқаратын ұйым. Штаб пәтері Ташкент қаласындағы Өзбекстан көшесі, 98А үйде орналасқан. Президенті — Ачилбай Раматов.

Өзбекстан Футбол Қауымдастығы
2018 жылдан бергі логотип

Тарихы

Өзбекстандағы футбол ұйымы алғаш рет 1946 жылы "Өзбек ССР-і Футбол Федерациясы" деген атаумен КСРО Футбол Федерациясының бөлімі ретінде құрылды. Тәуелсіздік алғаннан соң 1992 жылы Өзбекстан Футбол Федерациясы деген атпен қайта жаңартылды. 1994 жылы ФИФА мен АФК-ға мүше болды. Федерация УЕФА-ға мүше болуға мүмкіндігі бар болса да, белгісіз себептермен Азия құрлығын таңдады (УЕФА басшылығы КСРОдан бөлінген мемлекеттердің бәріне де Еуропалық ұйымға қабылдануға рұқсат берген болатын).

Өзбекстан Футбол Қауымдастығы 
2000-2018 жж логотипі

1994 жылы тиісті ұйымдарға қабылданған болса да құрама 1992 жылдан ресми жолдастық кездесулер өткізе бастады. 1997-2013 жылдар аралығында Орталық және Оңтүстік Азия Футбол Федерациясына мүше болды. 2014 жылы Иран, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Өзбекстан құрамаларын біріктіретін жаңа ашылған субфедерация — Орталық Азия Футбол Федерациясының тізіміне енді.

Қауымдастыққа әрбір облыстың футбол федерациялары бағынады.

Құрамы

Қауымдастықты президент басқарады. Қазіргі президенті Ачилбай Раматов 2018 жылдың 25 қаңтарында тағайындалды. Вице-перзидентері — Шоакрам Исроилов, Пулат Бободжонов.

Қауымдастықтың басқа да мүшелері: Рустам Курбонов, Бобур Шодиев, Мурод Алиев, Мансур Раджабов, Комил Ярашев және Наримон Джалолов.

Марапаттары

  • ФИФА «Fair play» (адал ойын үшін) жүлдесі: 2013

Жетекшілері

ЖЖ Президент
1992—1994 Эльмар Аминов
1995—2005 Закир Алматов
2006—2017 Мираброр Усманов
2017—2018 Умид Ахмаджанов
2018— Ачилбай Раматов

Сілтемелер

Tags:

Өзбекстан Футбол Қауымдастығы ТарихыӨзбекстан Футбол Қауымдастығы ҚұрамыӨзбекстан Футбол Қауымдастығы МарапаттарыӨзбекстан Футбол Қауымдастығы ЖетекшілеріӨзбекстан Футбол Қауымдастығы СілтемелерӨзбекстан Футбол ҚауымдастығыТашкентӨзбек тіліӨзбекстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстан қорықтарының тізіміҚазақстан халқыЖеті қазынаСаяси партияЖелшешекОтбасыЗейінСын есімҚант диабетіСөз таптарыСинонимСауд АрабиясыАтом ядросы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАманкелді Үдербайұлы ИмановМеккеҚан мен терБөкей ОрдасыШөмекейҚазақстанның тұңғыш мектептеріҚазақ күресіҚазақстан өзендеріЕсім ханҚазақстанның Мәдени мұра жобасыZaQ (Ninety One)Экологиялық жүйеШартты рефлексПсихологияның зерттеу әдістеріҚағбаҚазақ хандығының құрылуыАлаш ОрдаҚазақша жыл санауКорея РеспубликасыШизофренияДНҚАлшынХалел ДосмұхамедовҚазақстандағы саяси партияларТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровСақ мәдениетіҚазақ ұлттық киімдеріҚазақстан аумағындағы казак әскерлеріДыбысТәуелдік жалғауБаяндауышҚазақ философиясыГенетикаКіші жүзЖүрек-қантамырлар жүйесіСүтқоректілерҚарлығаш Төлегенқызы МұхамеджановаӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Мәңгілік бала бейнеБеғазы-Дәндібай мәдениетіҰлы Жібек жолыҚызылша (медицина)Бауырымен жорғалаушыларЖанар АйжановаЖетісу облысыПессимизмАйша бибі кесенесіЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақ хандығыАрғынҚазақстанның сыртқы саясатыКүн жүйесіҚола дәуіріТолқын ЗабироваОлжас Омарұлы СүлейменовСұлтанмахмұт ТорайғыровТүркістан автономиясыКөміртегіҚазақ мәдениетіДомалақ анаЖелтоқсан көтерілісіАсық ойыныПариж бітім конференциясы🡆 More