Құмықтар

Құмықтар - Дағыстанның байырғы түркі тілдес халқы.

Құмықтардың қазіргі жалпы саны 500 мыңнан астам. Негізгі бөлігі Ресей Федерациясының, Дағыстан Республикасында (Хасавюрт, Бабаюрт, Қызылюрт, Буйнақ, Дербент, Қайтағ, Қаякет, Қарабудағкент ауданында), қалғандары Ичкерия, Солтүстік Осетия мен Ставрополь өлкесінде қоныстанған. Өте шағын диаспора ретінде Иран, Сирия және Түркия мемлекеттерінде де өмір сүреді.

Құмықтар
Бүкіл халықтың саны

500- 600 мың

Ең көп таралған аймақтар
Құмықтар Ресей

503 060 (2010)

Құмықтар Өзбекстан

1,2 мың (2016)

Құмықтар Украина

718 (2001)

Құмықтар Қазақстан

461 (2013)

Құмықтар Түркия

10 мың үстінде

Тілдері

құмық тілі

Діні

ислам, сүннит тармағы

Тілі

Үлкен европеид нәсілінің құрамындағы балқан — кавказ нәсілінің кавкасион тобына жатады. Түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын құмық тілінде сөйлейді. Әдеби тілі буйнақ және хасавюрт диалектілерінің негізінде қалыптасқан. Құмық жазба ескерткіштері 16-ғасырдан белгілі. 17-ғасырдан бастап Солтүстік Кавказдағы орыс әкімшілігімен қатынаста ресми тіл қызметін атқарған. Құмықтар ертеден араб жазуын пайдаланып келеді. 1928 ж. латын, 1938 ж. кирилл әліпбиіне көшірілген. Грамматикасында оғыз, Кавказ халықтары тілдерінің әсері байқалады.

Құмықтар 
Құмықтар

Құмық тілінде бес диалект бар: хасавюрт, бұйнақ, қайтақ, таулы және тер. Олар аймақтық диалектілер болып есептеледі, себебі олардың шекарасы бұрынғы феодалдық және аймақтық-әкімшілік шекарасымен сәйкес келеді. Құмық тілінде – араб, парсы, кавказ (негізінен даргин, авар және шешен) және орыс тілдерінен енген сөздер кездеседі. Нақты айтар болсақ, араб тілінен енген сөздер негізінен қоғамдық-саяси, мәдени және діни салаларға жатады (жамият «қоғам», китап «кітап», дин «дін»). Иран сөздері құрамында саудамен, қолөнер, қоғамдық қатынастардың түрлі жақтарымен, тұрмыстық қажеттерге байланысты сөздер көбірек кездеседі (савдюгер «саудагер», шайы «бақыр», дарай «төсек», дос «дос», каманча «ысқымен ойналатын музыкалық аспап», тахча «сөре, полка»). Орыс тілінен енген сөздердің ішінде негізінен тұрмыстық және әкімшілік лексикасы саласына ерте кезде енген сөздер (педире «бедіре, шелек», сумавар «самаурын», кансарал «кеңсе») және қоғамдық-саяси терминдерден шаруашылық, мәдениет, ғылым, техника дамуын бейнелейтін ұлтаралық сөздерден тұратын кеңестік дәуірде пайда болған кейін енген сөздер кездеседі.

Діні

Құмықтардың көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады.

Тарихы

Құмықтардың халық ретінде қалыптасуы 10-11 ғасырдан басталады. Олардың этнографиялық негізін Дағыстан жазығындағы жергілікті тайпалар мен осында келген түркі тілдес тайпалар (әсіресе қыпшақтар) құрайды. Құмықтар басқа да тау халықтарымен біріге отырып, 13 ғасырда моңғол шапқыншылығына қарсы күресті. Құмыктар мекендеген аумақта бірқатар ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың ішіндегі ең ірісі — Тарковск княздігі болды. Құмықтар Ресей отаршыларына қарсы Шәміл бастаған ұлт-азаттық күреске (1847 — 1864) де қатынасты.

Кәсібі

Құмықтардың дәстүрлі кәсіптері — егіншілік (бидай, арпа, тары, күріш, жүгері), мал өсіру, бау-бақша, көкөніс, жүзім өсіру, омарташылық. Жайылымдық шабындықтардың көптігіне байланысты мал шаруашылығы кеңінен дамыған: буйвол мен қой өсірілді, жылқы шаруашылығымен айналысты.
Үй кәсіптері мен қолөнерден шұға, кілем тоқу, тері, ағаш, металл мен тас өңдеу дамыған. Үйлерін шикі кірпіштерден, тастан салған. Ауылдары қатар салынған, дәстүрлі тұрғын-үйі саманнан, тастан төбесі жалпақ 1-2 қатарлы үйлер.

Мәдениеті

Құмықтар 
Хинкал

Құмықтардың салт-дәстүрлері, мәдениет мен тұрмыс-тіршілігі жөнінен өздерінің ең жақын көршілері ноғай, қарашай, балқарларға ұқсас болып келеді. Құмық халқының бай ауыз әдебиеті, саз, би өнері сақталған. Фольклоры, әдеби, өлең, ән, ертгі, жыр, музыкалық шығармалары дамыды.

Ер адамдардың ұлттық киімдері — бешмет, сеңсең жамылғы, сеңсең бөрік, домалақ бөрік, теріден тігілген аяқ киім. Әйелдердің ұлттық киімдерінің қатарына бүкіл денені жабатын көйлектер (арсар, қос жеңді қабалай, т.б.) орамалдар, чутку (бас киім) жатады. Әйелдері арты ашық, теріден тігілген башмақтар киіп, киімдері ою-өрнек, әшекейлермен безендірілетін болған.
Құмықтардың сан алуан ұлттық тағамдарына хинкал, курзе (тұшпара), долма, аш (палау), чишлик (кәуап), бозбаш, чуду, гюлеме, этмек, т.б. ет, қамыр, сүт өнімдерінен жасалған тағамдар жатады. Жүзімнен сусын, шарап жасайды. Құмықтар елді мекендерді юрт, кент деп атайды.

Қазақстандағы құмықтар

Қазақстандағы құмықтардың саны - 461 адам (2013).

Дереккөздер


Tags:

Құмықтар ТіліҚұмықтар ДініҚұмықтар ТарихыҚұмықтар КәсібіҚұмықтар МәдениетіҚұмықтар Қазақстандағы құмықтарҚұмықтар ДереккөздерҚұмықтарДағыстанИранРесей ФедерациясыСирияСолтүстік ОсетияТүркияТүркі тілдері

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КүкіртМөде қағанТоныкөкПублицистикалық стильҚырғызстанӘлемдік қауымдастықТүйелерСұлушаш (поэма)ҚұндылықҚазақстан қалаларыБразилияОғыз мемлекетіҚұранЖоңғар шапқыншылығыАлаш автономиясыЕуразияҚұбыр желісіСанаПрозаБейорганикалық заттарТоғыз-құмалақҚытай қорғаныАвтокөлік шығаратын елдер тізіміГаметаӘміре ҚашаубаевАқан серіЖапонияЖоғары сатыдағы саңырауқұлақтарҚытай тарихыҚаңлыларҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Жайылма сөйлемОтырар кітапханасыПанамаЭлектронды поштаҚазақстандағы минералды ресурстарАбайдың қара сөздеріТәттімбет ҚазанғапұлыТас дәуіріИнтеграцияКомпьютерСаяси қақтығысИнфрақұрылымШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовӨкпеҚазақ халқының мәдениетіЖүрек-қантамырлар жүйесіАс қорыту жүйесіЖүйке жүйесінің құрылысы, маңызыЭлектромагниттік толқындарИнфографикаЖақыҚазақстан темір жолыҚалқанша безАвтоматтандыруАуыз бекітуСаяси тұрақтылықҚауіпсіздікОрталық АзияЛатын АмерикасыҚазақ халқының ұлттық ойындарыМұхаметжан ТынышбайұлыҚазақстан мәдениетіБаубек БұлқышевЖер сілкінуҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеХимиялық элементтердің периодтық жүйесіБатыр Баян (поэма)Сөз таптарыШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазақтардың зергерлік бұйымдарыТалғаулы салалас құрмалас сөйлемЖау тылындағы балаСтратегияЖеті қазынаМоңғол империясыЖай сөйлем және оның түрлері🡆 More