Тақтұяқтылар

Тақтұяқтылар (лат.

Тақтұяқтылардың үшінші саусағы жақсы жетілген, ірі тұяқтылар. Баска саусақтары нашар жетілген немесе редукцияланған.

Тақтұяқтылар
Қазбалық ауқымы: 56–0 Ma ?Late Paleocene - Recent
Жылқы тұяғы
Жылқы тұяғы
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Ұлы сабы: Laurasiatheria
Сабы: Perissodactyla
Owen, 1848
Тұқымдастары
  • Equidae
  • Tapiridae
  • Rhinocerotidae
  • †Lambdotheriidae
  • †Brontotheriidae
  • †Palaeotheriidae
  • †Isectolophidae
  • †Pachynolophidae
  • †Chalicotheriidae
  • †Lophiodontidae
  • †Lophialetidae
  • †Helaletidae
  • †Deperetellidae
  • †Hyrachyidae
  • †Hyracodontidae
  • †Rhodopagidae
  • †Amynodontidae

Ертеде тақтұяқтылар өте көп болғанымен, қазір олардың бірден-бірін айқын ажыратуға болатын үш бұтағы ғана:

  1. Тапирлар (лат. Tapiridae),
  2. Мүйізтұмсықтар (лат. Rhinocerotidae) және
  3. Жылқылар (лат. Equidae) сақталған.

Тапирлар тұқымдасының алдыңғы аяғы төрт саусақты, арткы аяғы үш саусақты болатын ірі жануарлар жатады. Тапирлар тұқымдасының мұрны жоғарғы ерінімен бірігіп, қысқа тұмсыққа айналған. Терісі кысқа түбітпен жабылған, құйрығы қысқа болады. Қазір бұлардың бес түрі белгілі. Олардың төрт түрі Оңтүстік Америкада және бір түрі — Оңтүстік шығыс Азияда тіршілік етеді. Батпақты тоғайларды мекендейді. Тапирлар су жағасындағы, судағы су өсім-діктерімен қоректенеді. Іңір немесе түн жануары.

Мүйіз тұмсықтылар - өте сирек кездесетін жануарлар. Осы заманда тіршілік ететіндерінің алдыңғы және артқы аяқтары үш сау-сақты болады. Ерте заманда тіршілік еткендерінің бірқатарының аяқтары төрт саусақты болған. Терісі жалаңаш, маңдай және мұрын сүйегінің үстінде бір немесе екі эпидермис қабатынан пайда болған мүйізі болады. Шошақ тістері жойылған. Тропиктік Африка мен Оңтүстік Азияда бірнеше түрі кездеседі. Мысалы, үнді мүйізтұмсығы (лат. Rhinoceros unicornis) және ерінді Африка мүйіз тұмсығы (лат. Ceratotherium simum) шөптесін ірі бұта және орманды жерлерді мекендейді. Өсімдікпен қоректенеді. Мұз дәуірінде мүйіз тұмсықтар Еуропа мен Сибирьде мекендеген. Бізде мамонттар мен бір заманда тіршілік еткен 5 тұмсықтардың қазба қалдықтары табылған:

  • †Rhinoceros hemitoxhus
  • †Rhinoceros leptorhinus, Cuv.
  • †Rhinoceros megarhinus
  • †Rhinoceros philippinensis
  • †Rhinoceros sinensis

Жылқылар тұқымдасы жануарларының үшінші саусағы жақсы дамып, екінші, төртінші саусағы терінің астында жататын кішкене шаша немесе шабақ сүйекке айналған. Жылқылардың ұзын құйрығы және өскелең түгі болады. Олардың осы кезде үш туысы белгілі. Зебра немесе жолақты ат (лат. Hippotigris) Африкадағы саваннада тараған. Оның құйрығының ұшында ғана қылы болады. Есектердің түсі біркелкі, құйрығы зебрлердің құйрығындай болады. Жабайы есектер Солтүстік-Шығыс Африкада, Алдыңғы, Ортаңғы және Орталық Азияда тараған. Бізде Түркменияның оңтүстігінде кездеседі, ол жерде оларды өсіретін арнаулы қорық ұйымдастырылған.

Дереккөздер


Tags:

Латын тіліСүтқоректілер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Талғат Жақыпбекұлы БигелдиновЭмбриогенезҚозғалыс (зат)СелекционерҚолдан сұрыптауҰлы Жібек жолыҚосарлы ұрықтануҮш Жүз партиясыФилософияСөз тіркесіҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыЖамбыл ЖабайұлыКөктемАзотТәттімбет ҚазанғапұлыАлтынемел ұлттық паркіДыбыстың сипаттамаларыАлаш партиясыБілім беруОзон қабатыҚазақстан 2030КөмірБақытсыз ЖамалТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАқбілек (роман)Басынқы сөйлемКарбон қышқылдарыКөзімнің қарасы...Мемлекет астаналары тізіміҚұстарҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАзамат соғысыТұрар РысқұловАллитерацияМұхитқа шыға алмайтын елдерЭкономикалық интеграцияМиссионерлiкАқындар айтысыМахаббат, қызық мол жылдарОрталық АзияБүркітҚазақстандағы ұжымдастыруЖүрек ауруларыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіФутуризмСолтүстік Қазақстан облысыБидай (астық)Мюнхен келісіміСаяси жүйеПлагиатАлматы облысыҒабит Махмұтұлы МүсіреповҚорқыт атаӘлем елдерінің тізіміТырнақшаНанотехнологияӨркениетМәңгілік бала бейнеАнемияКүкірт қышқылыГемоглобинЭндокриндік жүйеИранЖай механизмБақбақҚыпшақтар1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанСауд АрабиясыПопуляцияҚазақстан халқының бірлігі күніҚазақстан және БҰҰТау жынысыМайларАзияОсип Андреевич Игельстром16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыИмпрессионизмБір жасушалылар🡆 More