Зебра

Зебра немесе Алай – жылқының бір туысы.

Негізгі мекені Африканың ашық далалы алқаптары болып саналады.

Зебра
саванна зебрасы
саванна зебрасы
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Тақтұяқтылар
Тұқымдасы: Equidae
Тегі: Equus
Кіші тегі: Hippotigris and
Dolichohippus
түрлері

Equus zebra
Equus quagga
Equus grevyi

Түрлері

Зебралар басының құрылысы мен денесіндегі жолақтарының орналасуына қарай 4 түрге бөлінеді:

  • Тау зебрасы (лат. Equus zebra),
  • Шөл зебрасы (лат. Equus grevyі),
  • Саванна зебрасы (лат. Equus burchellі)
  • жойылып кеткен – Квагга (лат. Equus quagga). 1880 жылы квагганың соңғы жабайы өкілі атып өлтірілген, ал қолда ұсталған соңғы квагга Амстердам (Нидерланд) жануарлар саябағында 1883 жылы өлген.

Биологиялық сипаттамасы

Зебраның дене тұрқы 200 – 240 см, биіктігі 120 – 140 см (шоқтығынан санағанда), құйрығының ұзындығы 47 – 57 см, салмағы 350 кг-дай. Терісін айқын көрінетін ақ, қара жолақтар жапқан. Тікірейген, қысқа жалдары болады. Негізінен 10 – 30-дан топтанып жүреді.

Зебралар – өте сақ, тез жүгіретін жануарлар. Негізінен шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Сондықтан олар қорегінің маусымдық өзгеруіне байланысты бір жерден екінші жерге үнемі ауысып отырады. 1 – 1,5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Бұлар жыл бойына көбейе береді. Буаздық мерзімі 11 – 13 ай, аналығы жалқы құлынын (кейде екеу), көбінесе, жаңбырлы кезеңдерде туады. Зебралар табиғи жағдайда тіршілік ететін жануар болғандықтан, оларды қолға үйрету өте қиын. Қазіргі ТМД елдерінде тек Аскания-Нова қорығында (Украинада) жерсіндірілген. Зебралар терісі бағалы кәсіптік аң болғандықтан, көп ауланған. Қазір жылдан жылға санының азаюына байланысты тау Зебрасы мен шөл Зебрасы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

Ұрпақтары

Зебраның жаңа туылған баласы құлыншақ деп аталады. Зебра биелері бір туғанда тек бір құлынды дүниеге әкеледі. Жас зебралар туылған соң бір сағаттан кейін аяқтарына тұрып, бірнеше аптадан соң-ақ жайыла береді.

Жолақтары

Әр түрлі зебра түрлерінің өздеріне тән жолақты терілері болады, тіпті бір түрдің ішіндегі зебралардың жолақтары ерекше болып келеді. Зебралардың жолақтары адамның саусақ іздері секілді. Екі зебраның бірдей болуы еш мүмкін емес. Зебралардың қара және ақ жолақтары камуфляж рөлін атқарады. Олардың толқынды жолақтары өздерін қоршап тұрған биік шөптермен бірге араласып, көрінбей қалуына көмектеседі. Көп жағдайда зебралар топ болып көшіп жүр генде олардың терілерінің жолақтарынан көп жырт-қыштар айыра алмай, соңдарына онша түспейді.

Қоректенуі

Зебралар күндерінің үштен екі бөлігін қоректенумен өткізеді. Негізінен, олар шөптермен қоректенеді, кейде құрғақшылық кездерінде ағаш діңдері мен жапырақтарын да жей береді. Кейбір зебралар сусыз бес күнге дейін шыдайды. Олар су іздеп бірнеше километр қашықтықтарға жиі кетеді. Зебра биелері құлындары үш-төрт айға жеткенше балаларымен судың көзіне жақын жерлерді мекендейді.

Топтағы мінез-құлықтары

Зебралар табындар деп аталатын топтарда өмір сүреді. Саванна зебралары мен тау зебралары ересек ұрғашы зебрадан (биеден) және оның балаларынан тұратын кіші топтарда өмір сүреді. Ересек еркек зебралар (айғыр) топты бастап, оны басқа ересек еркек зебралардан қорғайды. Бір жағынан Греви зебрасы нашар байланысқан топтарда өмір сүреді. Әдетте топтардың құрылуы азықтың жеткілікті болуына байланысты. Егерде бір жерде азық жеткілікті болса, зебралардың барлығы сол жерге жиналады, ал азық тапшы жерде зебралар үлкен аймақтарға жайылып кетеді.

Дереккөздер

Tags:

Зебра ТүрлеріЗебра Биологиялық сипаттамасыЗебра ҰрпақтарыЗебра ЖолақтарыЗебра ҚоректенуіЗебра Топтағы мінез-құлықтарыЗебра ДереккөздерЗебраАфрикаЖылқы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қант диабетіБалықтарНейрулаТыныс алуШылауҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тарихыАлпамыс батырДүниежүзілік көрме (2017)Органикалық қосылыстарЗат алмасуҚазақстан қалаларыДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновЖер сілкінуТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровҰйқы безіӨңдеуші өнеркәсіпЖерКітапТерроризмКөкжөтелДыбыстың сипаттамалары1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҚазақстанның пайдалы қазбаларыӘл-ХорезмиТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануМутацияИмпрессионизмҚозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесіҚозы Көрпеш – Баян СұлуАдам генетикасыЖаңа білім беру жүйесіИслам ынтымақтастық ұйымыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміАқтоты Рахметоллақызы РайымқұловаБатыс ҚазақстанЖетіқарақшыӘлемнің жеті кереметіӘбілхан ҚастеевҚажығали МұханбетқалиұлыЭволюцияҚарлығаштарЖаһандануҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніТабиғатҚазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнеріЕліктеу сөзТыныс белгілеріҚасым ханСәулетАйдын Ақанұлы АйымбетовСырдарияҮш Жүз партиясыМүктәрізділерАғашЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміҰлы Отан соғысыСинекдохаРаушангүлділерАсқорыту мүшелері1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларАктинЭстрогенАминқышқылдарҚапшықталған рецепторларҚазыбек биГидросфераОрганикалық затОрталық ҚазақстанТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевЖоғары деңгейлі программалау тіліҮркерЕл тізімі (халықтың табиғи өсімі)Көзімнің қарасы...Адамның кейбір кездері...Тарих философиясыЛоренц күшіҚазақстандағы минералды ресурстар🡆 More