Таспа Құрттар

Таспа құрттар, цестодтар (лат.

Таспа Құрттар
Таспа Құрт

Ересектері адам мен омыртқалы жануарлардың ішегінде, дернәсілдері омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ішкі органдары мен дене қуысында паразитті тіршілік етеді. Жер шарында кең тараған 9 отряды, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Денесі таспа тәрізді созылған, бірнеше мм-ден 20 м-ге дейін жетеді. Денесінің алдыңғы ұшында басы (сколекс), иесіне жабысатын мүшелері (сорғыш түтікшелері, ұзын қысқыш аппараты, ілмектері, тұмсықтары, т.б.), бөлшектенбеген мойны, бунақтардан құралған денесі (стробила) және бір қатар буындар (проглоттидтер) болады. Таспа Құрттарда ішек болмайды, денесін кірпікшелі өсінділер (микротрихиялар) жапқан. Олар құрттың қоректенуінде маңызды қызмет атқарады, ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолымен тыныс алады. Жүйке жүйесі, сезім органдары нашар дамыған.

Таспа құрттаргермафродиттер. Дамуы өте күрделі, өсіп-өнуі кезінде иелерін алмастыру сияқты ерекшеліктері бар. Таспа құрттардың кейбір түрі жылына 600 млн-нан астам жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 6 ілмешегі бар онкосфера және корацидий деп аталатын дернәсілдер жетіледі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі органдарға өтіп, осы органдарда ұрық – онкосфера финна деп аталатын дернәсіл сатысына айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде 4 сорғышы бар басы болады, мұны цистицерк деп атайды. Дернәсіл аралық иеде бірнеше жыл өмір сүреді. Финна түпкі иесі – адамның ішегіне түскенде ересек құртқа айналады. Финнозбен ауырған сиырдың етін жегенде жұғады. Таспа құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру және онкосфераның финна дернәсіліне, финнаның ересек түріне ауысуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: цистерк; сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында бірнеше басы орналасқан, олардың әрқайсысы жеке дарабасқа айналатын – ценур; көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және көпіршіктің ішінде бірнеше басы бар – эхинококк; көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі бар – цистицеркоид; құрт тәрізді дернәсіл – плероцеркоид. Таспа құрттар адамды гименолепидоз, тениидоз, эхонококкоз ауруларына шалдықтырады.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Cestoda

Tags:

Жалпақ құрттарЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Іш өтуЖалғауКөмірҰйқы безіҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніАқпарат технологиясыАлаш айнасыСиырИслам пайғамбарларыҚазақстан аумағындағы казак әскерлеріАдам даму индексі бойынша елдер тізіміПольша Халық РеспубликасыҚазақстан астанасыЕртісСөз табыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныЕсімшеЗәр шығару жүйесіЖеті қазынаСүтқоректілерДемографияҚазақ хандығыТемпераментҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықАқпаратЭлектромагниттік толқындарТалас шайқасыҚышқылТарих (Геродот)Сөз тіркесіҚола дәуіріТоқырау жылдарындағы ҚазақстанОттегіТабиғи радиоактивтікБауыржан МомышұлыМәкрүһОңтүстік ҚазақстанӨлеңРақымжан ҚошқарбаевХалықаралық қазақ-түрік университетіҚазақстан географиясыМұхаммед ШайбаниЕжелгі МысырҚарагөз (трагедия)Алаш автономиясыҚарлұқ қағанатыКөсемшеҒұндарМұнайСепаратизмӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановИнтернетЖұбаныш Жексенұлы ТоқсанбаевҚазақ күресіМахаббат, қызық мол жылдарҚозы Көрпеш - Баян СұлуЖүйке жүйесіБұрындық ханШөл зонасыZaQ (Ninety One)ЛипидтерБастауышГалилео ГалилейТопырақ құнарлылығыУкраинаАуыз уылуыФерменттерӘлем елдерінің тізіміЯдроҚазақ батырлар тізіміӘміре ҚашаубаевЕскендір (поэма)ФосфорҚазақстан туыГипоксияАқмешіт әулие үңгіріҚазақстандағы туризмАустралия🡆 More