Пеш

Пеш — отын жағу, электр энергиясын түрлендіру нәтижесінде алынған жылуды ғимараттарды жылытуға, материалдар мен бұйымдарды жылулық өңдеуге, т.б.

мақсаттарға қолдануға мүмкіндік беретін құрылғы. Пеш жылу алынатын бөліктен, өңделмекші материалдар мен бұйымдар орналастырылатын жұмыстық кеңістіктен, бұйымдарды суытуға арналған жылу әкеткіштен, отын немесе электр энергиясын жеткізетін бөліктен, отын жанғанда бөлінетін қалдық заттарды сыртқа шығаратын құрылғыдан, материалдар мен бұйымдарды Пешке салатын, тасымалдайтын механизмнен, Пешті автоматты басқару жүйесінен, жанудан бөлінген газдардың қызуын пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылардан т. б. тұрады.

Пеш
Тарихи пеш
Пеш
Лабораториядағы техникалық пеш
Пеш
Тас пісіретін пеш

Пайдалану мақсатына қарай Пештер тұрмыстық және өнеркәсіптік болып бөлінеді. Тұрмыстық Пештің тағам даярлауға және үй жылытуға арналған түрлері бар. Бұлар көбінесе күйдірілген кірпіштен қаланады. Өнеркәсіптік Пешке заттардың ылғалдылығын кетіретін кептіру Пеші, ерітінділерді буландыратын Пеш, материалдардың агрегаттық күйін өзгертпей қыздыратын Пеш (қыздыру Пеші), заттардың механикалық қасиеттерін өзгертуге арналған терм. Пеш, минералдық шикізаттың құрылымы мен құрамын өзгертетін күйдіру Пеші, материалды сұйық күйге ауыстыруға, яғни балқытуға арналған Пеш (Мартен Пеші, Ватержакетті Пеш), т. б. болып бөлінеді. Арнайы әдістермен қыздырылатын Пештер де (мысалы, плазмалық Пеш, оптикалық Пеш, гелиопеш, т. б.) болады. Қазіргі заманғы шойын пештері-каминдер жоғары тиімділікпен жұмыс істейді және жылу жинақталған кезде және ұзақ уақыт бөлмеде болған кезде оны ұзақ күйдіру (ыдырау) режиміне ауыстыруға болады.

Дереккөздер

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сайлау жүйесіАристотельӨмірзая (роман)Бөкей ОрдасыАфрикаОперациялық жүйелерТеміреткіҚыпшақ хандығыКонституцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыҰлпаЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)ФерменттерТыныс алу ауруларыАустралияҚыпшақтарПопуляцияМобильді қосымшаларАйтысОңтүстік АмерикаОтан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагеріҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыЭмпатияПолимерлеуТың игеруАқпан төңкерісіАтмосфералық қысымҚыстырма сөзОттегіХромосомаларСырым ДатұлыХристиандықСоқырішекМиКребс цикліІлияс ЕсенберлинЭритроциттерҚабанбай батырАзияҚазақстанның Қызыл кітабыГломерулонефритЖатыр ауруларыТранспирацияЕсімдікSTEMҚалмақ қырылғанҚазақстан қалаларыСөйлем мүшелеріІсікҚарлұқ қағанатыКүкіртАлгоритмБұлтты технологияҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақстандағы ұжымдастыруТерроризмАлтын ОрдаҰлы жүздің Ресейге қосылуыШымкентҚоршаған ортаның ластануыҚасым АманжоловЖүсіп БаласағұниҚазақ солдаты (роман)Бірінші Мемлекеттік ДумаӘл-Бақара сүресіҚоңыратХолециститҚажылықЕңлік — Кебек (пьеса)Жатыр мойны эрозиясыЭмоцияӨмір философиясыБіріккен сөздерГидросфераАрыстан баб кесенесі19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстарРибонуклеин қышқылыГлюкозаМодификациялық өзгергіштік🡆 More