Ойлау

Ойлау – объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.

Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Ойлау
Кітаппен қызы. Жозе Феррас де Алмейда Жуниор
Ойлау
Пойыз саяхатында ойланып отырған адам

Ойлау формасы

Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.

Ойлау тарихы

Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі «өнер тілі») арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т. б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.

Педагогикада

Педагогикалық ойлау — кез келген педагогикалық құбылысты тікелей немесе жанама түрде белгілі бір көзқараспен ой елегінен өткізу бойынша жасалатын әрекет. Оның мәні - білімнің мазмұны, мұғалімнің және оқушының қызметі сияқты үш бөлшектің сәйкестігінде.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Ойлау формасыОйлау тарихыОйлау ПедагогикадаОйлау Тағы қараңызОйлау ДереккөздерОйлау СілтемелерОйлауДүниетанымТүйсікҚабылдау

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Шайбалы хоккейДомалақ анаӨсімдіктерҰйғырларКүнделік.кзОрганикалық затШығыс Қазақстан облысыҚұстарАбай жолы (роман)ҚаһарСақ мәдениетіТынық мұхитТәуекел ханХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевАминқышқылдарМұнайҰлы жүзОттегіҰлыбританияБаланы ұшықтауМорфология (лингвистика)Қазақстандағы «қайта құру» саясатыОғыз мемлекетіАлаш автономиясыАлмаҚазақстандағы саяси партияларТоғыз-құмалақМоғолстанҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыҚырғыз руыАлматыАуыз уылуыҒылыми стильОрбұлақ шайқасыГазКөкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктеріҚазақстанның экологиялық проблемаларыҮстірт қорығыӘбіш КекілбайұлыЖаһандануМахамбет ӨтемісұлыЧарлз ДарвинУкраинаЛеонардо да ВинчиМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріКәлимәБатыс ҚазақстанШөмекейМетафораТрансформаторЗекетЭкологиялық проблемаҚарахан мемлекетіТыныс белгілеріМарксизмACE (Ninety One)Қыз ЖібекДауыссыз дыбыстарThe Goddess BunnyТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевСаясат НұрбекБайұлыЕтісҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіСыбайлас жемқорлықҚоқан хандығыКелінжанҚазан төңкерісіСөз тіркесіЖерКарта ойыныДемографияОмар ЖәлелұлыЖануарларҚазақтың балаға ат қою рәсіміІштің қатуы🡆 More