Нәдір Шаһ Афшар

Нәдір шаһ Афшар (әз.

10.1688, Хорасан – 20.6.1747, Фатхабад) – Иран шаһы (17361747). Афшар атты түркі тайпасынан шыққан. Жергілікті билеушіге қызмет етіп, өз адамдарынан жеке жасақ құрды.

A.
Нәдір шаһ.

Түріктерге қарсы соғыс

1726 жылы Сефеви әулетінің өкілі шах Тахмасп ІІ-нің ауған әскерлерімен соғысына өз жасағымен қатысты. Бірте-бірте әскери билікті қолына алған ол Иран әскерінде реформалар жүргізіп, ауған әскерін бірнеше рет ауыр жеңіліске ұшыратты. Сөйтіп, Тахмасп ІІ-ні Иран тағына қайта отырғызды. Осыдан кейін Әзірбайжан мен Иранның көпшілік аумағын басып алған Осман империясына қарсы соғыс бастады. Хорасанда көтеріліс басталып, Надир шах Афшар көтерілісті басуға аттанғанда түріктерге қарсы шабуылды Тахмасп ІІ жалғастырды. Ауыр жеңіліске ұшыраған Тахмасп ІІ түріктердің шарттарына мойын ұсынып, бітім сұрауға мәжбүр болды. Бұл жөнінде хабардар болған Надир шах Афшар Тахмасп ІІ-ні биліктен тайдырып, орнына оның кіші ұлы Аббас ІІІ-ні отырғызды (1732). Надир шах Афшар түріктерге қарсы соғысты жеңіспен аяқтап, Иранды азат етті. Надир шах Афшар Ресейді Каспий теңізінің жағалауындағы аумақтарды Иранға қайтарып беруге мәжбүр етті. 1736 жылы жас билеуші Аббас ІІІ-ні тақтан түсіріп, өзін Иран шаһы деп жариялады.

Таққа келуі

Таққа отырғаннан кейін күшті флот жасақтап, арабтарды жеңді де, Бахрейн мен Оманды бағындырды. 1738 жылы ол ауған қаласы — Қандағарға басып кірді. 1739 жылы ақпанда Солтүстік Үндістандағы Моғол әулетінің иеліктеріне шабуыл жасап, Делиді басып алды. Үндістаннан тонаған байлыққа Надир шах парсы теңіз флотын салдырды. Бахрейн аралын арабтардан қайтарды. Жорықтан мол олжамен оралған Надир шах Афшардың әскері көп ұзамай Бұхар мен Хиуа хандықтарын бағындырды. Оның империясы ежелгі Парсы патшалығының көлеміне дейінгі дәрежеге жетті. Надир шах Афшар Иран шииттерінің арасында сүнниттік бағытты орнықтыруға әрекеттенді. 1743 жылы Осман империясына қарсы қайтадан соғыс қимылдарын бастады. Ереван қаласының түбінде түрік әскері талқандалып, 1746 жылы Иран мен Осман империясының арасында бітім жасалды.

Надир шах Афшар құрған империяда шектеусіз қатал билікке негізделген тәртіп орнады. Надир шах Ирандардың ақша соғу жүйесін өзгертіп, "надери" деп аталатын күміс тиындар соқтырды. Ол салықтан түскен ақшаның көбін соғыс шараларына жұмсады. Осыдан кейін елде көптеп көтерілістер орын ала бастады. Бірақ Надир шах көтерілістерді аяусыз басып отырды. Ол Әмір Темір сияқты өлген адамдардың бастарына мұнаралар тұрғызған. Надир шах Афшардың озбырлығы, алым-салықтың өсуі халықтың жиі-жиі бас көтеруіне әкеп соқты. Бұл көтерілістерге кейбір аймақ билеушілері де қосылды. Ақыры Надир шах Афшар ақсүйектер тобы ұйымдастырған қастандықтың құрбаны болды.

Нәдір шаһ Афшар – 1688–1747 жылдар аралығында өмір сүрген, Иранды билеген шах. Хорасанның Дерегез деген жерінде дүниеге келген. Оны Надир-кули бек деп те атаған. 736–1747 жылдар аралығында Афшаридтер әулетінің негізін қалады. 1730 жылдың көктемінде түріктерге қарсы соғыс ашып, осыған дейін жоғалтқан біраз территориясын қайтарып алды. Надир шахтың жаулап алушылық соғыстарының нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Грузия, Белуджстан, Хиуа және Бұхар хандықтары провинция ретінде бірігіп, үлкен империя құрылды. Надир ресми түрде 1736 жылдың 8 наурызында Иранның шахы ретінде таққа отырды. Надир шах 1747 жылы Хорасанның Хабушан деген жерінде қайтыс болды. Оның мазары төбенің басында орналасқан.

Дерекөздер

1100 қызықты деректер.

Сілтемелер

Дереккөздер


Tags:

Нәдір Шаһ Афшар Түріктерге қарсы соғысНәдір Шаһ Афшар Таққа келуіНәдір Шаһ Афшар ДерекөздерНәдір Шаһ Афшар СілтемелерНәдір Шаһ Афшар ДереккөздерНәдір Шаһ Афшар1736 жыл1747 жылИранПарсы тіліХорасанӘзербайжан тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Есім ханУнитарлы мемлекетҚан қысымыСырым ДатұлыТың игеруБірінші жалпықазақ съезіТәттімбет ҚазанғапұлыҚырғыз руыАдам қаңқасыҚалқанша безФранцияҚырғызстанA.Z. (Ninety One)Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевЛинкольн-Дуглас пікірталастар форматыАқтабан шұбырындыТопырақӘлемнің жеті кереметіҚазақстан 2050Сабақтас құрмалас сөйлемГеографияЖанқожа НұрмұхамедұлыҚазақстанның сыртқы саясатыСолтүстік АмерикаСталинград шайқасыАбайтануГипоксияПайдалы қазбаларАИВ/ЖИТСТүргеш қағанатыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерТоқырау жылдарындағы ҚазақстанГрузияМарқакөл қорығыЕуразияКөсемшеТау жынысыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіДанияАйша бибі кесенесіАлшынҚырғи қабақ соғысыДепортацияОрынборНорвегияҚасқырӨкпеАңырақай шайқасыБуын үндестігіСұлтан БейбарысВирустарШығыс Рим империясыМоңғол шапқыншылығыЖыныстық қатынасҚорғансыздың күні (әңгіме)ДәруменҚұмырсқалар1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысМоңғол империясыҚоғамЖусан иісі (повесть)YouTubeАлғашқы көмекҚызғалдақОралхан БөкейЕліктеу сөзӨсімдік ұлпасыАзаматтық қоғамЕтістікПедагогикаАлгоритмҚажымұқан МұңайтпасұлыӨскеменЗәр шығару жүйесіМонархияСуЛатын АмерикасыАйтыс🡆 More