Николае Чаушеску

Николае Чаушеску (1918 жыл 26 қаңтар, Скорничешти, Олт жудец - 1989 жыл 25 желтоқсан, Тырговиште) – румын және халықаралық коммунистік, жұмысшы қозғалысының, Румыния Социалистік Республикасының мемлекет және саяси қайраткері.

Николае Чаушеску
Николае Чаушеску

Еңбек жолы

1932 жылдан революция жұмысшы қозғалысына қатысты. 1933 жылы Коммунистік жастар одағына (КЖО) кірді, аз уақыттан кейін Коммунистік жастар одағы (КЖО) орталық комитетенің (ОК) мүшесі болды. 1933 жылдан алғашқыда Праховада, кейін Олтенияда Коммунистік жастар одағы облысы комитетінің секретары, 1936 жылдан Румын Коммунистік партиясының (РКП) мүшесі. Революция жұмысы үшін 2 жыл 6 айға сотталып (1936), Брашова қаласында дәне Дофтанада түрмеде отырды. 1939 – 40 жылы Коммунистік жастар одағының Бухарест қалалық комитетінің секретары және РКП ОК жанындағы Жастар арасындағы жұмыс жөніндегі орталық комиссияның мүшесі болды. Бухарест әскери трибуналары оны сырттай 3 жылға сотттады (1939). 1940 жылы тұтқындалып, 1944 жылға дейін Жилавада және Карансебештегі түрмелерде және Тыргу-Житу концлагерінде мерзімін өтеді. Румыния фашизмнен азат етілгеннен кейін (1944 жылдың тамызында) КЖО ОК-нің секретары қызметін атқарды (1944 – 45). Коммунистік партияның ұлттық конференциясында КЖО ОК-нің құрамына сайланды (1945). 1954 жылы Коммунистік партия ОК Саяси бюросының мүшелігіне кандидат және ОК-нің секретары, 1955 жылы наурызда ОК-нің бірінші секретары, осы жылдың шілдесінде ОК-нің бас секретары және РКП ОК Атқарушы комитетінің және Тұрақты Президиумының мүшесі болды. 1969 жылы тамыздан РКП-ның бас секретары. 1967 жылы желтоқсаннан Румыния Социалистік Республикасының Мемлекет Кеңесінің председателі, 1974 жылы сәуірден Румыния Социалистік Республикасының президенті. Коммунистік және жұмысшы партияларының халықаралық кеңестерінде (Мәскеу, 1969, Берлин, 1976) РКП-ның делегациясын басқарды.

Марапаттары

Чаушеску республиканың Социалистік Еңбек Ері (1964), РСР-ның Батыры (1971); Ленин орденімен марапатталған (1978).

Дереккөздер

Tags:

1918 жыл1989 жыл25 желтоқсан26 қаңтарРумыния

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АлгоритмТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевЗекетҮндістанБаяндауышҚимақ қағанатыМанипуляцияБиотехнологияШәмші ҚалдаяқовТамыр (өсімдік органы)Торғайдағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісЭволюцияҚола дәуіріБауыр (орган)Астана қаласының бас мешітіҚазақстан демографиясыТөлен ӘбдікҚазақстан халқы ассамблеясыҚазақстан 2050Абай ҚұнанбайұлыЗәр шығару жүйесіҚарақат ӘбілдинаНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАқтауӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаАхмет БайтұрсынұлыЖүрекАтеросклерозҚағбаҚазақстан мемлекеттiк рәміздеріМахаббат, қызық мол жылдарТоғыз-құмалақСан есімЖеңіс күніАйша бибі кесенесіАлбан руыӨзбекстанҚыпшақтарТуризмТеміреткіУрбанизацияҚайта құру кезеңіНағашыТоталитаризмӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Америка Құрама ШтаттарыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріҚант диабетіҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіҚорғалжын қорығыЗейінОспан батырСақтарБактерияларТемір дәуіріАлшынҰлы Отан соғысыОрынборҚаныш Имантайұлы СәтбаевЛинкольн-Дуглас пікірталастар форматыКөміртегіСиырЕскендір ЗұлқарнайынҚуық түбі безінің қабынуыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіЭнеолитАлтын Орда тарихыЕсім ханҚаңлыларМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміТемірХромосомаларІлияс ЕсенберлинОтбасыҚалқанша безҮйсін мемлекетіИнвестиция🡆 More