Темір Дәуірі

Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең.

Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.

A.
Темір дәуірінен қалған ескерткіш.
A.
Темірден жасалған бұйым.

Ерте Темір дәуірінде суғармалы егіншілікке негізделген көне шығыстық өркениет елдерінде (Месопотамия, Алдыңғы Азия, Кіші Азия, Үндіқытай, Солтүстік Африка, тағы басқа) мемлекеттік жүйе мен саяси институттардың нығаю үдерістері жедел қарқынмен дамыды. Еуропада Рим, Грек өркениеттері қалыптасып, латен, гальштат сияқты аса көрнекті мәдениеттер гүлденді. Мал шаруашылығының жаңа түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола ғасыры тайпалары экономикасының дамуының нәтижесі болып табылады. Қазақстан аумағында шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дәуірінің соңғы кезінде, Беғазы-Дәндібай заманында қаланды.

A.
Темір дәуірінен қалған мата.

Ерте Темір дәуірі басталысымен, Еуразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптасты. Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дәрежеде әскериленуіне әкелді. Үлкен «патшалық» обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер сияқты өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар бірге жерленген күрделі құрылымды ірі обалар тұрғызылды. Жалпы алғанда, далалық белдеуде ерте Темір дәуірінің соңына қарай қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үдерістердің барысы, саяси оқиғалар мен ағымдардың тоғысы біздің заманымыз 1-мыңжылдығының 2-жартысына қарай Түркі әлемінің түбегейлі тарих сахнасына шығуына алып келді.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Сыртқы сілтемелер:

Темір дәуірі

Tags:

АрхеологияДанияДемографияЕрте темір дәуіріМеталлургияТемірТехнологияЭкономикаӘлеумет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тәуекел ханАрыстан баб кесенесіАлланың есімдеріҚазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіКүрішОтын-энергетикалық кешенАстық шаруашылығыАстана қаласының Бас жоспарыХромосомаларҒылыми-техникалық прогрессДемографияАвторлық құқықНегіздерАралас құрмалас сөйлемҚоршаған ортаның ластануыКүн жүйесіАқмола облысыҚазақстан және БҰҰМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыШығыс ҚазақстанӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановҚан топтарыАлтын ОрдаБактерияларДәруменТоғыз-құмалақЖай механизмСөйлемҚазақстандағы көмір кеніБарыс (жануар)Бауыржан МомышұлыАктинСалауатты өмір салтыБалықтарЕуропа одағыМемлекеттік басқару формасыҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыМикроэлементтерЕуразиялық Экономикалық ОдақҚыпшақтарВегетативтік көбеюҚазақстан қалалары1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісХан Тәңірі шыңыСілтілік металдарАқпараттық қауіпсіздікҚазақстан өзендеріСөз табыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҚазақстандағы туризмҚұбыр желісіШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновАқбөкенОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)ҚанКенесары ханБұрыш (геометрия)Қазақ халқының ұлттық тағам түрлеріМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақстан экономикасының тарихыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіМұстафа ШоқайӘсет НайманбайұлыҚозы Көрпеш – Баян СұлуСарқылатын ресурстарҚазақстанның киелі жерлерінің географиясыКомпьютерлік желіҚазақстан туыДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевОтырар апатыМитохондрияЖалпы ішкі өнімСарматтарТабиғи радиоактивтікҚола дәуіріҚұқықТеодолит🡆 More