Мүсіндеме

Мүсіндеме, мүсін, скульптура (лат.

Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады. Мүсіндеме қатты заттардан немесе пластикалық материалдардан жасалады. Осыған байланысты, мүсіндеме жасайтын адамды - мүсінші деп атайды.

Мүсіндеме

Мүсіндеме түрлері

Мүсіндеме негізінен адамды, кейде жан-жануарды немесе басқа пішіні бар заттарды бейнелейді.

Мүсіндеменің негізгі жанрлары

Мүсіндеменің негізгі жанрларға бөлінеді:

  • портрет
  • тарихи мүсіндер
  • тұрмыстық мүсіндер
  • символикалық мүсіндер
  • аллегориялық фигуралар
  • анималистикалық жанр

Техникасына байланысты түрлері

Мүсіндеме негізінен 2 түрге бөлінеді:

  • жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және
  • рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру).
    • барельеф (фигураның жартысынан көбі сыртқа шығып тұрады);
    • горельеф(фигураның жартысы сыртқа шығып тұрады);
    • контррельеф (фигура сыртқа емес, ішке кіріп тұрады)

Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады (мысалы, Қазақстан Жазушылар одағы үйіндегі “Кітап бейнесі” атты монументтік мүсін).

Мазмұнына қарай

Мүсіндеме мазмұнына қарай:

  • монументтік-декоративті,
  • қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді.

Шағын пішінді Мүсіндеменің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланыста болғанымен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады.

Өңдеу тәсіліне қарай

Өңдеу тәсілдері:

  • ою,
  • құю,
  • шеку, т.б. болып келеді.

Мүсіндеменің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш, гипс, тағы басқа) байланысты.

Архитектуралық және табиғи ортамен байланысты:

  • монументтік Мүсіндеме (ескерткіштер, монументтер, мемориалды құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай ерекшеленеді.
  • Монументтік-декоративті Мүсіндеме архитектуралық құрылыс пен кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, тағы басқа мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан.
  • Архитектурамен тікелей байланысы жоқ қондырғылы Мүсіндеменің көлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол Мүсіндеменің пластик. мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады.

Мүсіндемеде пайдаланатын материалдар

Мүсіндеме жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болып келеді:

  • Мүсіндеме жасауда саз, балауыз, пластилин қолданыылады. Бірақ бұлардан жасалған мүсіндемелер тез тозатын болғандықтан, көбінесе гипстен көшірме жасалады. Мүсіндеме жасар алдында темірден, ағаштан, сүйектен болашақ образдың қаңқасы пішінделіп, соған татлған материалдың бәрін жабыстыру арқылы мүсінші ойындағысын орындап шығады.
  • Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, бетон, пластмасса сұйық (ерітілген, араластырған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады. Металдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді. Ежелгі Грекияда хрисоэлефантинналық бедерлі алтын қаңылтыр мен ағаш қаңқаға жапсырылған піл сүйегінен жасалды
  • Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.), ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың іші-сыртындағысы образ жасауға қажетсіздерінің бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас Мүсіндеме қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т,б,) қолданылады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланады.
  • Керамикадан да Мүсіндеме жасалады. Ол үшін саздан істелген мүсінше үлгілерді арнайы пештерде күйдіріліп, оған ақ немесе түрлі түсті жылтырақ (майолика, фаянас, фарфор), кейде жылтырамайтын бояулар (терракота, фарфордың бисквит деген түрі) жалатылады. Мүсіншінің жұмыс тәсілі негізінен төмендегіше: пластилиннен не саздан кішкене нұсқа жасалып, ол одан кейін сазға үлкейтіп көшіріледі. Үлкен Мүсіндемелерді жасарда ең алдымен айналмалы қондырғыға металл діңгек бекітіліп, діңгекке сымнан, ағаштан Мүсіндеме қаңқасы жасалады. Қаңқаға саз жапсыру арқылы болашақ образ сомдалады. Саздан жасалған үлгі бойынша екіге немесе бірнешеге бөлінген бедерлі гипс қалып алынады. Осы қалып бойынша кейіннен гипс көшірме құйылады. Саз Мүсіндеме тасқа көшірілетін жағдайда, қалыптың шығыңқы және ойыңқы жерлері түгел өлшеніп, тас соған қарай қашалады. Мүсіндемені металдан құю өте ұзақ және күрделі жұмыс.

Тарихы

Мүсіндеме тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, біздің заманымыздан бұрын 8 – 2 ғасырларда дамыған “Аң стилі” ежелгі Мүсіндеменің көрнекті мысалы бола алады. Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған Мүсіндеме ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия, Рим, Ассирия, Вавилон) ажырамас бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы Мүсіндеме тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың, аңыздық кейіпкерлердің (Мирон, Скопас, Геркулес, Циклоп, тағы басқа) бейнесін жасауға бағытталды. Орта ғасырлардағы Мүсіндеменің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге (Құдай ана ғибадатханасы, Париж; Буддистік шіркеулер, Үндістан) арналды. Қайта өркендеу дәуірінде, Мүсіндеме адамзаттың ерлікке, еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі. Донателло, Микеланджело, Гужон, Пилон, тағы басқа туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды. 18 – 19 ғасырларда Мүсіндеме адам бейнелері мен ескерткіш тұрғызу бағытында дамыды. Оның құрамында, классик., примитивизм, кубизм (П.Пикассо), конструктивизм (Н.Певзнер), сюрреализм, абстракционизм, тағы басқа бағыттағы Мүсіндеме бар. Қазақстан жеріндегі Мүсіндеменің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, сақтар мен Түрік қағанаты тұсында кеңінен дамыды. Ата-баба рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал тас, тағы басқа) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) Мүсіндеменің көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі Мүсіндеме өкілдерінің (Б.Төлеков, Е.Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, тағы басқа) еңбектері халық батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі Мүсіндеме бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерімен ұштаса отырып дамып келеді (Е.Рахмадиев, Н.Далбай, Ш.Төлешев). Сонымен қатар Мүсіндеме әлемдік техника жетістіктерін, өткен мен бүгінгінің өзара үндестігін және дүниежүзіндегі Мүсіндеме саласындағы жетістіктерді бейнелеуге және халық мақтанышы: ақындар, батырлар, қоғам қайраткерлері мүсіндерін сомдауға бағытталған (Кенесары мүсіні, Астана, 2001; Мұқағали Мақатаев, Алматы, 2003; Әл-Фараби мүсіні; ҚазҰУ қалашығы, 2004, тағы басқа).

Галерея

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Sculptures

Tags:

Мүсіндеме түрлеріМүсіндеме де пайдаланатын материалдарМүсіндеме ТарихыМүсіндеме ГалереяМүсіндеме ДереккөздерМүсіндемеЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тыныс алу ауруларыПопуляцияСалауатты өмір салтыДемократияЕсік Алтын адамыАдайАхмет БайтұрсынұлыБронхитФутболХлорофиллАлаш ОрдаХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміТеміреткіҚазақ хандығының құрылуыТуризмНарықтық экономикаЭлектр тізбегіҚазақстан халқы ассамблеясыӘлеуметтануЖасушаның бөлінуіБасты бетСаңырауқұлақтарМұстафа Кемал АтатүрікОдағайЕсілГендік инженерияҚышқылҚасым ханның қасқа жолыСалықДүниежүзілік сауда ұйымыМақал-мәтелдерҚазақстан және БҰҰТұрақты сөз тіркесіБилікАминдерЖарасқан ӘбдірашевТүргеш қағанатыДамыған елдерБатыс ҚазақстанСырдарияБауыр циррозыЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетЕліктеу сөзҚысымХалықаралық ұйымдарАуызашарӘлкей Хақанұлы МарғұланАдам тісіМінез-құлықБаяндауышӘл-Кәусәр сүресіКүкірт қышқылыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұруЕсім ханТопырақЖер құрылымыСаяси мәдениет1868—1870 жылдардағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресіБесеудің хатыЖайылма сөйлемӨсімдіктерЭпитетАбай ҚұнанбайұлыЭтносОперациялық жүйелерНанотехнологияБұқар жырау ҚалқаманұлыРобототехникаБауыр (орган)АуаСпирттер18 ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарӨмір философиясыЖелтоқсан көтерілісіЖүрек-қантамырлар жүйесіҚыз Жібек🡆 More