Мордвалар – Ресейдің Мордовия Республикасында тұратын ұлт.
Оған қоса Ресей Федерациясының Куйбышев, Пенза, Орынбор, Ульяновск облыстарында Башқұртстанда, Татарстанда, Сібірде, Орталық Азия мен Кавказда тұрады. Халық саны шамамен 1,191 млн.
Мордвалар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
850 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ресей | 744 237 (2010) |
Өзбекстан | 16 000 (2000) |
Украина | 9 331 (2001) |
Қазақстан | 8013 (2009) |
Түрікменстан | 4 000 |
Қырғызстан | 1513 (1999) |
Әзербайжан | 1 000 |
Беларусь | 877 (2009) |
Эстония | 562 (2000) |
Армения | 500 |
Латвия | 452 (2021) |
Тілдері | |
Мордва тілі | |
Діні | |
Христиан дінінің православие тармағы |
Мордвалардың (мокшалар мен эрзяндар) XVI ғасырдың аяғындағы жалпы саны 150 мың, 1719 жылы - 107 мың, 1764 жылы болған III ревизияға сәйкес - 221,1 мың, 1781 жылғы IV ревизияға сәйкес - 279,9 мың, 1796 жылғы V ревизияға сәйкес - 345,5 мың, 1835 жылғы VIII ревизияға сәйкес - 480 мың, ал 1858 жылғы X ревизияға сәйкес 660-680 мың адам шамасында болды. 1897 жылғы Ресей империясынжа жүргізілген халық санағының нәтижесінде мордвалық диалекттерде сөйлейтін 1023,8 мың адам тіркелген. XX ғасырдың басына қарай Рязан, Воронеж, Тамбов, Пенза, Нижегород, Симбирск, Қазан, Самара, Саратов, Орынбор, Уфа, Томбы, Ақмола, Енисей, Торғай губернияларында мекендеген. 1917 жылы мокшандар мен эрзяндардың жалпы саны 1200 мыңға жетті. 1926 жылғы Пенза, Ульяновск, Нижегород губернияларындағы (кейін Мордва автономиясының құрамына енді) санақ бойынша 237 мың мокшан және 297 мың эрзян тіркелген.
Мордва халқының (мокшандар мен эрзяндар) РКФСР-ның өлкелері бойынша қоныстануы (1926 жыл).
Өлке атауы | Мокшандар мен эрзяндардың жалпы саны | Өлкедегі үлесі |
---|---|---|
Пенза губерниясы | 376 983 | 17,1 % |
Самара губерниясы | 251 374 | 10,4 % |
Ульянов губерниясы | 178 988 | 12,9 % |
Саратов губерниясы | 154 874 | 5,3 % |
Сібір өлкесі | 107 794 | 1,2 % |
Солтүстік-Кавказ өлкесі | 88 535 | 0,3 % |
Орал облысы (РКФСР) | 88 484 | 0,3 % |
Нижегород губерниясы | 84 920 | 3,1 % |
[[Башқұрт АКСР | 49 813 | 1,9 % |
Татар АКСР | 35 084 | 1,4 % |
Қазақ АКСР | 27 244 | 0,4 % |
Чуваш АКСР | 23 958 | 2,7 % |
Орынбор губерниясы | 23 602 | 3,1 % |
Мордва тілі көптеген диалектілерге бөлінеді. Мордваларда орыс тілінің ықпалы басым. Жазуы кириллица негізінде.
Христиан дінінің православие тармағын ұстанады.
Эрзя және мокша аталатын екі этникалық топтан тұрады. Мордвалар еуропа үлкен нәсілдің көшпелі түріне жатады. Мокшаларда кейбір моңғолоидтық белгілер байқалады. Мордвалар фин-угор тайпаларынан шығып, Еділ мен Ока өзендері аралығында тұрған.
1992 жылдан бастап мордва халқының жалпыресейлік құрылтайлары өткізілуде. Құрылтай белгіленген жарғыға сәйкес Мордва Республикасы мен Ресей Федерациясының басқа аумақтарында тұрып жатқан мокхан және эрзяндардың жоғарғы өкілдік жиналысы болып саналады. Тұңғыш құрылтай 1992 жылдың 14-15 наурызында "Масторава" және "Вайгель" қауымдастықтарының бастамасымен өтті. Бірінші құрылтай кезінде 10 маңызды құжат қабылданды (мокшандар мен эрзяндардың статусы, халықаралық саяси ұйымдарға қатысуы туралы және т.б.).
Негізгі дәстүрлі кәсібі – егіншілік (күздік қара бидай, қара бидай, күздік арпа, бидай, тары, зығыр, кендір). Мал шаруашылығы да жақсы дамыған (сиыр, қой, ешкі). ара шаруашылығы, кейінірек мордвалар омарташылық кәсібімен де айналысады.
Тұрғын үйлері бөренелерден салынып, екі бөлмеден тұрады. Мордовия ауылдары жоспарсыз салынып, ал үйлердің орналасуы негізінен ретсіз болды. Кейде көлдің немесе басқа су айдынының айналасында орналасқан. Шаруашылық құрылыстардың ішінде қора, мал қорасы, жер үсті қондырмасы бар жертөле және монша міндетті болды. Жазда, аң аулау, балық аулау немесе дала жұмыстары кезінде олар көбінесе уақытша үйлерде немесе қыстақтарда тұрды.
Мордва ғұрыптары ауызша және поэтикалық шығармашылық поэзиясымен тығыз байланысты. Күнтізбелік ғұрыптық поэзия: түрлі әндер – жылдың белгілі бір уақытында, белгілі бір маусымдық мерекелерде орындалған. Қыста Рождествода және Жаңа жыл қарсаңында аулаларды аралау кезінде орындалатын салт-дәстүрлік әндерде, келер жылға амандық, бала туу, ұрпақтардың көбеюі туралы тілектер айтылды. Көктемгі әндер Масленицада (иваван морот), Ұлы Ораза күндерінде (вианамат, уянамат), орындалатын көктемді, жылу мен күнді шақыруға, еңбек пен махаббатты жырлауға арналған.
Мордовалардың ұлттық киімдері: негізінен ақ матадан тігілген, әйелдер киімі матадан тігілген және тиыннан арнайы әшекейі бар белге жиылған немесе белдікпен байланған түзу ұзын жейдеден тұрды. Бас киімдері қалың матадан жасалған тақия немесе орамал, жамылғы. Ең салтанатты, халық көп жиналатын мейрамдары күзде өткізіледі (Вель-ава).
Мордова асханасы көп жағынан орыс тағамдарына ұқсайды – ет сорпасында пісірілген қырыққабат сорпасы, сондай-ақ әртүрлі дәнді дақылдардан жасалған жарма, картоп т.б. тағамдар. Мордовиялық құймақ ұлттық асханада ерекше орын алады. Тағамдардың негізі көкөніс және сүт ингредиенттері болып табылады. Ет тағамдарынан шошқа еті мен сиыр еті көбірек пайдаланылады, қой еті әлдеқайда аз.
Мордвалар Қазақстанға негізінен өткен ғасырдың орта шенінен бастап бастап, нарықтық қарым-қатынастарға байланысты көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы мордовалардың саны:
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Мордвалар, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.