Лидер

Лидер (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға.

Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси өмірде Лилер аса беделді тұлға ретінде танылады; қара Көсем, Көшбасшы.

Лидер— басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиада мұндай адамды "лидер" деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы айқындалған:

  • ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;
  • топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;
  • егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады;
  • топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.

Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидерлердің бірнеше типі болатынын көрсетті: Бірінші тип — лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушы сыныпта музыка викторинасын ұйымдастырып өткізді делік. Ол көптеген музыкалық шығармаларды біледі, домбыра, гитарада, фортопианода, аккордеонда ойнайды. Бұл жерде ол өзінің дарыны мен шеберлігін көрсетті. Ол лидер мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады.

Дереккөздер


Tags:

КөсемКөшбасшыТұлға

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КүнбағысҚорқыт атаТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровМитозХақназар ханСолтүстік ҚазақстанАвторлық құқықНұралы ханҚұндылықСолтүстік АмерикаТел өскен ұлТәуелдік жалғауДінЖасанды интеллектСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыӘбу Насыр Әл-ФарабиМемлекетРентген сәулесіАс қорыту жүйесіБуддизмҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Біріккен Араб ӘмірліктеріАксонДін философиясыҚан мен терАзотҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыПартеногенезЫбырай АлтынсаринМорфология (лингвистика)Мұнай өнеркәсібіҰрықтануМөде қағанКаспий теңізіСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Америка Құрама ШтаттарыАмерикаМұхтар Омарханұлы ӘуезовБауыржан МомышұлыРасул Ғамзатұлы ҒамзатовЕтеккірКөмірсуларАнықтауышМіржақып ДулатұлыҚожа Ахмет ЯсауиМодификациялық өзгергіштікҚазақстанның сыртқы саясатыҚайыңҚыстырма сөзМагниттік өтімділікҚазақстан және БҰҰҚазақ мәдениетіӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысМезозойСоқырішекҚыз ЖібекҒылыми стильАдамаралық қарым-қатынасМал шаруашылығыЖаңа экономикалық саясатБайқоңыр (ғарыш айлағы)Махамбет ӨтемісұлыБронхитАмпер заңыҚырғызстанПайдалы қазбаларКомпьютерлік желіЭлектромагниттік толқындарҚазақстанТырнақшаШыршаҚозы Көрпеш – Баян СұлуТүргеш қағанатыҮндістанКеңес үкіметіЗәрдің түзілуі және шығарылуыХалықаралық ұйымдар🡆 More