Карфаген

Карфаге́н (финик.

Qart-ḥada(št), лат. Carthago, грек. Καρχηδόνα– жаңа қала) — астанасы бар финикиялық мемлекет. Ежелгі заманда Африканың солтүстігінде орналасқан. Ол жерде қазір Тунис мемлекеті бар.

Карфагендегі финикия кварталының қирандылары
Карфагендегі финикия кварталының қирандылары

Тарихы

Карфаген қаласын б.з.д 814 жылы финикияның Тир қаласының отарлаушылары құрды.

Аңыз бойынша Карфагенді Тирден қашып келген Элисса (Дидона) атты ханшайым құрған. Элиссаның ағасы Тирдің королі Пигмалион, оның күйеуі Сихейді байлығын иелену үшін өлтіріп тастайды.

Географиялық өте қолайлы аймақта орналасқандықтан ол көп ұзамай Шығыс Жерорта теңізі, Эгей теңізі жағалауы, қазіргі Италия аумағы елдерімен тығыз байланыс жасайтын аса ірі сауда орталығына айналды.Карфагеннің бүкіл тарихы бойы қаланың тұрғындары жақсы өмір сүрді. Жерорта теңізінде финикиялықтардың ықпалы әлсіреген кезде Карфаген өз құрамына өткен финикия отарларын қосып алады. Біздің заманымыздан бұрын 8 – 7 ғасырларда Солтүстік Африканың Жерорта теңізі жағалаулары мен аралдарында бірнеше қоныстар салып, Пиреней түбегінің оңтүстігіндегі сауда жолдарына үстемдік етті.


Біздің заманымыздан бұрын 7 ғасырда Жерорта теңізі батысындағы, Оңтүстік Испаниядағы, Батыс Сицилия мен Солтүстік Африкадағы финикийлер қоныстары сыртқы жаулармен (гректер, тартестер) соғысу үшін Карфагеннің айналасына топтасты. Грек қоныстарымен күресте финикийлер этрустармен одақтасты. Сицилия үшін гректермен болған соғыс 300 жылға созылып, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырдың аяғында Карфагеннің пайдасына шешілді.

Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда Ливиядағы егінші тайпаларды, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда Оңтүстік Испанияны өзіне бағындырды. Олар күміс, өзге де металдар шығарумен, жол тору, кеме тонау, құл сату істерімен айналысты. Негізін Финикиядан алатын карфаген өнері Ежелгі Египет және Грекия мәдениетімен тығыз байланыста болды. Ірі құрылыстар (көп қабатты үйлер, ғибадатханалар, мазарлар) тас пен балшықтардан тұрғызылды. Б.з.д. III ғасырда ол Жерорта теңізінің батыс жағалауындағы ең мықты мемлекетке айналады. Қол астына Оңтүстік Испания, Солтүстік Африка, Сицилия, Сардиния, Корсика жерлерін біріктіреді.

Сыртқы саясатта көрші елдермен жиі-жиі соғысып отырды. Римге қарсы бірнеше соғыс нәтижесінде өзінің иеліктерінен айырылып қалады. Сондай соғыстың бірі Пуни соғыстары болды. Ақырында III Пуни соғысында Карфаген қаласы (біздің заманымыздан бұрын 149 – 146) талқандалып, қиратылды. Сол себепті б.з.д 146 жылы құлдырап, оның территориясы Африканың провинциясына айналады. Юлий Цезарь ол жерде отар құруды ұсынды. Византия императоры Юстинианның Солтүстік Африканы жаулап алғанынан соң Карфаген Карфаген экзархатының астанасына айналды. Кейін арабтардың басқыншылығы кезінде өзінің мағынасын толық жоғалтты.

Археологиялық қазбалар кезінде Карфаген мәдениеті мұрасынан зергерлік бұйымдар, қысқа шырағдандар, түтіктер, маскалар мен адам бейнесін бедерлеп түсірген астау табылған.

Карфаген

Карфаге́н (финик.

Карфаген 
Пуни соғыстарының алдындағы Карфаген аумағы

Карфаген Жерорта теңізі жағалауында орналасты. Оның орналасуы ол мемлекетті теңіз саудасының көшбасшысы болуына әкелді. Теңізді кезген кемелердің барлығы Сицилия мен Тунистің ортасынан өтетін. Қаланың шегінде екі үлкен айлақ қолдан қазылып жасалды: оның бірі 220 әскери кемеге арналған әскери айлақ болса, екіншісі саудамен айналысатын көпестерге арналды. Айлақтарды бөліп тұрған мойнақта үлкен дуалдармен қоршалған мұнара салынды.

Қаланың үлкен қабырғаларының ұзындығы 37 шақырымды құрады, кей жерлерде оның биіктігі 12 метрге дейін жетті. Қабырғаларының көп бөлігі теңіздің жағасында болғандықтан сырттан келген басқыншыларға теңіз жағынан кіруге үлкен қиындықтар туғызды. Қаланың ішінде үлкен мола, діни орындар, базарлар, муниципалитет, мұнаралар мен театрлар болған. Қала бірдей төрт тұрғын аймақтарға бөлінген. Қаланың орта тұсына қарай Бирс деп аталатын зәулім цитадель орналасты. Карфаген эллиндер заманындағы ірі қалаларының қатарында болды.

Қалада үлкен зират, базарлар, култтік орындар, муниципалитеттер, ғимараттар, театрлар болды. Ол төрт тұрғын облыстарына бөлінді. Қаланың ортасында үлкен цитадель болды, оны Бирса деп атайды. Карфаген эллинизм дәуіріндегі ең үлкен және мықты қалалардың бірі болды.

Карфаген

Карфаге́н (финик.

Карфаген 
Тофет

Финикиялықтар барлық батыс жерорта теңізінің жағалауында өмір сүрсе де оларды ортақ дін біріктірді. Карфагендіктер ханаан дінін өздерінің финикиялық ата тектерінен алған. Жыл сайын бірнеше ғасырлар бойы Карфаген өздерінің елшілерін Тир қаласына Мелькарта храмында құрбандық шалу үшін жіберіп отырған. Карфагенде басты құдайлар Ваал Хаммон (оның аты «басшы-жаровик» мағынасын білдіреді) және Танит болды.

Карфаген

Карфаге́н (финик.

Карфагеннің әскері бастысы жалдамалы болды. Негізін испандық, африкандық, гректік, галлиялық жалдамалылар болды. Жалдамалы атты әскер нумидийліктерден құралған. Иберийліктер жақсы әскер болып саналды — (caetrati). Кельтиберлер тайпалары галлдықтардың қаруларын пайдаланды — ұзын және екі жүзді қылыштар. Пілдер де маңызды рөл атқарды. Олардың шамамен 300 болған. Әскерді катапульталар, баллисталар және т.б «техникалық» жағынан да жақсы қамтамасыз етті. Құрылымы жағынан пунийліктер әскері эллинисттік мемлекеттердің әскерлеріне ұқсас болды. Әскер басында қолбасшы тұрды, ол барлық әскерлерді басқарумен айналысты.

Карфаген

Карфаге́н (финик.

1. Юстин Марк Юниан. Эпитома сочинения Помпея Трога «Historiae Philippicae» / Пер. с лат. СПб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2005.

Tags:

Карфаген ТарихыКарфаген ОрналасуыКарфаген ДініКарфаген ӘскеріКарфаген ДереккөздерКарфаген

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жеңіс күніҚазақстан темір жолыМэйдзи жаңғыртуыЛинзаБастауышТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровТеатрЖәнібек ханКүш моментіҚайыңМұхитАнемияҚұлдықҚытайЭкологиялық апат1921-1922 жылдардағы ашаршылықҚазақ руларыБайқоңыр (ғарыш айлағы)БейбітшілікҚазақтың ұлттық тағамдарыЖаңа экономикалық саясатЗәр шығару жүйесіҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыЭкологиялық туризмСаңырауқұлақтарАққулар ұйықтағандаБірінші дүниежүзілік соғысМузыкаТүпті жуаМұхтар Омарханұлы ӘуезовҚазақстандағы минералды ресурстарШөгінді тау жыныстарыШығыс ҚазақстанДемографияПедагогикаЕтеккірАлматы38-атқыштар дивизиясыMicrosoft ExcelТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚаныш Имантайұлы СәтбаевШешендік өнерКөмірсуларЕтісКанадаЖаңа білім беру жүйесіОтынҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЖамбыл ЖабайұлыКірпітәрізділерАдамаралық қарым-қатынасЖұлынПсихологияЫбырай АлтынсаринҚазақстан мемлекеттік рәміздеріБатыс Түрік қағанатыТегеран конференциясыАстанаБейбітшілік және келісім сарайы16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыАлғашқы көмекИтҚоректік тізбекСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҒаламшарСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайАлтын ОрдаЕуразиялық Экономикалық ОдақИнеліктерИнтеграцияКөмір өнеркәсібіТүркістан (қала)Әлем елдерінің тізіміҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріАлмаАралас құрмалас сөйлемСоленоидҚой шаруашылығыАвтокөлік шығаратын елдер тізімі🡆 More