Калахари

'Калахари (kalaharі, бечуа тілінде karrі – жан азабы деген сөз) – Оңтүстік Африканың орталық бөлігіндегі табиғи атырап.

Африка платформасының Калахари синеклизасында орналасқан. Ангола, Замбия, Намибия, Ботсвана, Зимбабве және ОАР жерінде, батысы мен шығысында баспалдақты үстірттермен, солтүстігінде Луанда – Катанга жақпарлы тауларымен шектелген аса кең ойпаң. Солт-тен оңтүстікке қарай 2000 км-ге, батыстан-шығысқа қарай 1200 км-ге созылған, аум. 630 мың км². Абсалют биіктігі 1000 м. Ойпаңды басып жатқан құм төбелердің биіктігі 100 м-ге жетеді. Климаты, негізінен, тропиктік. Жылдық жауын-шашын оңтүстігінде 150 мм-ден солтүстігінде 1000 мм-ге дейін. Калахаридың солтүстігінен Замбези, оңтсүтігінен Оранж өзендері орай ағады. Көпшілік бөлігі ағынсыз, тұйық. Ішкі бөлігіндегі ең ірі өзені – Окаванго. Неғұрлым ылғалды Солтүстік бөлігінде (1000 мм-ге дейін) сирек орман, орталығында саванна, оңтүстігінде шөлейт пен шөл ландшафтысы орын алады. Оңтүстігіндегі Бакалахари көтеріңкі жазығын астық тұқымдас өсімдіктер мен жабайы қарбыз (тсамма), жабайы зәйтүн, сүттіген және сирек те болса қарағаннан тұратын құрғақ саванна алып жатыр. Аса ірі Калахари – Хемсбок, Ботсвана және Этоша ұлттық саябақтары бар. Жануарлар дүниесі Эфиопия биогеографиялық аймағының Оңтүстік Африка тармағына жатады. Халық өте сирек қоныстанған (1 км²-ге 1 адамнан келеді). Көпшілігі бушмендер.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том


Tags:

АнголаБотсванаЗамбияЗимбабвеЛуандаНамибияОкавангоЭфиопия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Тұздар (химия)Қазақстан экономикасының тарихыАлкендерЕркіндікКөші-қонҚожа Ахмет Ясауи кесенесіСутегіАғзалар арасындағы байланыс түрлеріШешендік сөзАлғашқы көмекДәретҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЖүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуЖүрек ауруларыАқбілек (роман)Жеті қазынаТырысқақСарматтарҚоғамАңырақай шайқасыҚазақ әліпбиіКүкірт қышқылыМұқағали Сүлейменұлы МақатаевЖау тылындағы балаАлтын ОрдаҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыҚиялДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевСалауатты өмір салтыҰшқан ұяҚасым АманжоловАллергияТуризмАйқапИнтеграцияАс қорыту жолдарынан қан кетуЗәрдің түзілуі және шығарылуыАсқар СүлейменовАммиакФранцияСалықҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚылмысҰлт-азаттық көтерілістерСайлау жүйесіДауыссыз дыбыстарКСРО ыдырауыПсихологияЭритроциттерТірек-қимыл жүйесіБіріккен сөздерДауысты дыбыстарАлаш автономиясының құрылуыҚазақстан ұлттық парктерінің тізіміТүрік қағанатыҚазақстанның Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуыЭндокриңді бездерӨсімдіктерӨзбекәлі ЖәнібековЖарапазанҚозы Көрпеш - Баян СұлуМорфология (лингвистика)СпирттерҮндістанАтеросклерозҚазақ хандығыКүнделік.кзАдам қаңқасыЭкологияШизофренияҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіНамазды бұзатын нәрселерОдағайҚажымұқан МұңайтпасұлыТабиғат зоналарыЕтістікУкраинаАвторитаризм🡆 More