Жанат Тұқымдасы

Жанат тұқымдасы (лат.

Жанат тұқымдасы
Қазбалық ауқымы: 20–0 Ma Төменгі миоцен to Holocene
жанат
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Жыртқыштар
Кіші сабы: Иттәрізділер
Ұлы тұқымдасы: Musteloidea
Тұқымдасы: Procyonidae
Джон Эдуард Грей, 1825
Тектері

Angustictis
Bassariscus
Probassariscus
Edaphocyon
Arctonasua
Cyonasua
Amphinasua
Chapalmalania
Protoprocyon
Paranasua
Procyon
Nasua
Nasuella
Bassaricynoides
Parapotos
Bassaricyon
Potos


Бұлар негізінен Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда тараған. 8 туысы, 15 түрі бар. Көпшілігінің дене тұрқы ұзынша келген (30 – 120 см, ал алып панда – 180 см-дей). Салмағы 1 – 160 кг-ға дейін. Құйрығының ұзындығы 20 – 70 см. Аяқтары қысқа, бес башайлы, тырнақтары жиырылғыш, табанын толық не жартылай басып жүреді. Қылшықты түктері қалың, құйрығы ұзын (алып пандадан басқасы), көпшілігінің қара жолақтары болады. Кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді. Ал кинкажу құйрығымен жармасып, бар тіршілігін ағаш басында өткізсе, алып панда тек жерде ғана жүреді. Бұлар жәндіктер, бақа, шаян, түрлі кемірушілермен, сондай-ақ жеміс-жидек, шошқа жаңғақ, т.б. өсімдіктермен қоректенеді. Қар түсісімен қысқы ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 1 – 8-ден (көбіне 2 – 4) күшік табады. Бір жасында жыныстық жағынан жетіледі. Жанат тұқымдасының терісі бағалы бір түрі – жанат (Procyon lotor) – Қазақстанға 1930 жылдардың аяғында әкелініп, Оңтүстік Қазақстан облысында Піскем өзенінің бойындағы жаңғақты-жидекті орманда жерсіндірілген. Оның дене тұрқы 41 – 60 см, құйрығының ұзындығы 20 – 40 см-дей, салмағы 7 – 8 кг. Басы, көзі үлкен, тұмсығы қысқа. Жүні қалың, сарғылт сұр, қара қошқыл. Күндіз ініне не ағаш қуыстарына паналап, түнде қорегін аулайды. Қысқы ұйқыға жатады. Қорек талғамайды. Түрлі жәндік, өсімдікпен де қоректене береді. Ақпаннаурыз айларында ұйығып, жылына бір рет 2 – 8-ден (көбіне 3 – 6) күшік табады. Түрлі ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылықтарына пайда келтіреді. Жанат бағалы терісі үшін ауланады. Оның терісі өте берік және жылы, одан әйелдерге тон, ұшқыштардың сырт киімі (комбинезон) тігіледі.

Дереккөздер

Tags:

Жыртқыш аңдарЛатын тіліСүтқоректілер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Түйе малының атауларыАқ Орда (мемлекет)БиотехнологияЕртісАнтонимБұлшықеттердің маңызы мен құрылысыОрынборГүлді өсімдіктерБайұлыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЗат есімХадишаХристофор КолумбДүниежүзілік шаруашылық жүйесіКарта ойыныҚазақстанның мемлекеттік құрылымыТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҚазақстанАқтабан шұбырындыТалақАлты кәлимә1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысҮстеуАрыстан баб кесенесіОтырар апатыДәрігерДомалақ анаАлланың есімдері1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҚазақстан қорықтарының тізіміҚазақстан көлдеріТотығу-тотықсыздану реакцияларыТеріҚадыр Мырза ӘліМінезЖамбыл облысыГастритӘмір ТемірЖұрнақИнвестицияЖанқожа НұрмұхамедұлыЭстетикаЭволюцияАлтын Орданың хандарының тізіміАдам ағзасындағы химиялық элементтерМеталдарҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерМексикаДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруГалогендерКөсемшеСақ мәдениетіАдам даму индексі бойынша елдер тізіміТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріБөкей ОрдасыІштің қатуыҚазақша жыл санауЭпитетТоғыз-құмалақФилософияАбылай ханХромосомаларҒылым2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыБактерияларБасты бетҚатерлі ісікІлияс ЖансүгіровЛиберализмЖүйке жүйесіМанипуляцияБауыр (орган)Шығыс Түрік қағанатыЖиенТуберкулезҚұқықтық мемлекетМарксизмЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміУнитарлы мемлекет🡆 More