Еркін Ерік

Еркін ерік (ағылш.

Философияда бұл ұғымды адамның таңдау мүмкіндігін жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырады.

Адам баласы тумысынан еркін, өз тағдырын өзі шешуге тиіс. Бірақ оның көздеген мақсаттарына жету жолында әр түрлі кедергілер кездеседі. Әрине, дұрыс таңдау, әрекеттік шешім қабылдау үшін білім қажет. Еркін ерік — істі біле отырып, шешім қабылдау қабілеті. Алайда, еркін Ерік көп жағдайда түйсіктік-тылсымдық деңгейде жүзеге асады. Ол дұрыс шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру, бастаған істі соңына дейін жеткізу, тәжірибе, білім, мәдениет, т.б. алғышарттардан қуат алады.

Еркіг ерік - адамның дамып, жетілуі нәтижесінде қалыптасады. Көне рулық қоғамда Еркін ерік өрісі тар болды. Жеке адам үшін Еркін ерік белгілі бір қауымдастықтың мүшесі болып, жат бірлестіктерден азат болумен шектелді. “У ішсең — руыңмен” деген қанатты сөздің мәні осында. Тоталитарлық қоғамдарда да ерік бостандығының аясы тар, шектеулі болады. Себебі, бәрін де жеке тұлғадан тыс тұрған әлеуметтік күш, мемлекет, партия, көсем, т.т. шешіп отырады. Еркін ерік шын мәнісінде адам құқыларын қастерлейтін қоғамда ғана жүзеге асады. Тек азаттық бар жерде жеке тұлға өз еріктілігін көрсете алады. Философиялық әдебиетте еркін ерік сан түрлі пікірталастың нысанасы болды.

“Адамның еркі сыртқы себептермен айқындала ма, әлде адам өз әрекетінде толық азат па” деген сұрақтың жауабы әр түрлі. Детерминизм теориясы бойынша, әрбір әрекеттің жеке себебі бар, ерік еркіндігі әрине шектеулі. Барлық әрекет сыртқы күштердің әсерімен алдын ала айқындалып қойылған делінген пікірді фатализм деп атайды. Тағдыр, жазмыш сияқты ұғымдар осыған сүйенген. Шексіз еркін ерікті дәріптейтін көзқарасты волюнтаризм деп атайды.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

Tags:

Ағылшын тіліФилософия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Лаңкестік әрекетӘйтеке биҚазақстанның сыртқы саясатыХристиандықАрал теңізіАлматы облысыЛатын АмерикасыХалықаралық еңбектiк миграцияАлкиндерЖақсыз сөйлемӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Монро доктринасыҰрықБіржан ҚожағұлұлыОм заңыҚазақ-Жоңғар соғысыСырым ДатұлыҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіҚазақстанның Қызыл кітабыАқпараттық қауіпсіздікТабиғатҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміМұхаммедОтын1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚазақ батырлар тізіміҚасым ханБір жасушалыларСыбайлас жемқорлықЖыныссыз көбеюМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваАуыл шаруашылығыТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріКөктемКәсіпкерлікОнтогенезҚұстарҚорқыт атаФариза ОңғарсыноваРайымбек батырБұқаралық мәдениетЭндокриңді бездерЖеңіс күніФотосинтезДүниежүзілік көрме (2017)Еуразиялық Экономикалық ОдақОрбұлақ шайқасыҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеТұмар ханшаМэйдзи жаңғыртуыҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевҒаламдық экологиялық проблемаларАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріРесейҚазақстан өсімдіктеріОтбасыМемлекеттік басқару формасыЖеті жарғыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЕжелгі Рим өнеріӨсімдік шаруашылығыШикізатТәттімбет ҚазанғапұлыСөйлем мүшелеріСемей полигоныИосиф Виссарионович СталинҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыКүн (жұлдыз)МиграцияКонституцияӨзбекстанАй (серік)Өнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыАлтынемел ұлттық паркіАғзалардың жеке дамуыСаяси партияҚазақстанның пайдалы қазбаларыЖыныс қатынасынан жұғатын аурулар🡆 More