Телескоп Джеймс Уэбб

Джеймс Уэбб атындағы ғарыш телескопы (ағылш.

Жоспар бойынша Хаббл телескопының орнын алу керек.

Телескоп Джеймс Уэбб
JWST spacecraft model 2.png
Телескоп Джеймс Уэбб
Хаббл мен Уэбб айнасын салыстыру

«Джеймс Уэббте» диаметрі 6,5 м тең құрамалы айна болады, аймағы 22 м² және Күн мен Жердің инфрақызыл сәулесінен жылулық қалқанмен бүркемеленеді. Телескоп гало-орбитада, Лагранж L2 нүктесінде орналасатын болады.

Жоба 17 мемлекеттің халықаралық серіктестігі болып табылады. Жоба NASA-ның басқаруымен және Еуропалық және Канадалық ғарыш агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Жоспар бойынша телескоп 2021 ші жылдың 25 ші желтоқсанында, француздық «Ариан-5» ракетасы арқылы ұшырылады. Осындай жағдайда, алғашқы ғылыми зерттеулер 2022 ші жылдың жазында басталады. Жұмыс мерзімі шамамен 5 жылды құрайды.

Мақсаттары

2017 жылдың 15 маусымында NASA мақсаттар тізімін жариялаған болатын. Оның ішінде 2100-ге жуық бақылаулар қосылған. Олар Күн жүйесінің ғаламшарлары мен шағын денелерді, алыс экзоғаламшарлар мен олардың атмосфера құрамын, тіпті экзоғаламшарлардың табиғи серіктерін, галактикалар мен квазарларды бақылау, алғашқы галактикалардың пайда болуын зерттеу.

Тарихы

Басында ұшыру 2007 жылға жоспарланған болған, сосын 2014 пен 2015 жылдарға кейінге қалдырылған болатын, алайда айнаның бірінші сегменті телескопқа тек 2015 жылда орнатылған болатын, ал құрамалы айна толықтай 2016 жылдың ақпанында құрылған болатын. Сонымен оның ұшу уақыты көп жылдар бойы шегеріліп, соңғы шешім бойынша 2021 жылдың 25 желтоқсан күні ұшырылды.

Қаржыландыру

2011 жылдың маусымында телескоптың бағасы түпкі есептен 4 есе асқан болатын. Қаржыландыру туралы тұжырымды шешім 2011 жылдың 1 қарашасында NASA сенатымен қабылданған болатын. 2013 жылы телескоптың құрылысына 626,7 млн доллар бөлінген болатын. 2017 жылдың деректері бойынша жобаның бағасы 10 млдр долларға өсті.

Құрал-жабдықтар

JWST ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін келесі құралдармен жабдықталатын болады:

  • Жақынды инфрақызыл диапазонды камера (ағыл. Near-Infrared Camera)
  • Орташа инфрақызыл диапазонда жұмыс істеуге арналаған құрал (ағыл. Mid-Infrared Instrument, MIRI)
  • Жақынды инфрақызыл диапазонды камера спектрограф (ағыл. Near-Infrared Spectrograph, NIRSpec)
  • Дәлдік сенсоры (ағыл. Fine Guidance Sensor, FGS)
  • Жақынды инфрақызыл диапазонды бейнені қалыптастыратын құрылғы және тесіксіз спектрограф (ағыл. Near InfraRed Imager and Slitless Spectrograph, NIRISS)

УЭББ Телескобы 1.2 нүктесіне жетті

2022 жылы 25 қаңтарда Алматы уақытымен 01:00-де Уэбб ғарыштық телескопы қозғағыштарын 297 секундқа қосып, траекториясын үшінші рет түзеді. Осылайша Уэбб өзінің жұмыс орнына — Күн-Жер жүйесінің екінші Лагранж нүктесі (L2) айналасындағы гало-орбитаға шықты.

L2 Жердің Күнге қарама-қарсы жағында, планетамыздан 1,5 миллион км қашықтықта орналасқан. Бірақ Уэбб телескопы дәл осы нүктеде тұрмайды, оның өзін 832 000 км-ге дейін жететін алып орбитамен айналып жүреді.

Бұл орбита телескопқа кез келген сәтте ғарыштың жартысын бақылауға және оптикасы мен ғылыми аспаптарын суықта ұстауға мүмкіндік береді. Уэбб мұнда отынын барынша үнемдеп жетті, бұл оның жұмыс мерзімін ұзартпақ.

Сілтемелер

Tags:

Телескоп Джеймс Уэбб МақсаттарыТелескоп Джеймс Уэбб ТарихыТелескоп Джеймс Уэбб ҚаржыландыруТелескоп Джеймс Уэбб Құрал-жабдықтарТелескоп Джеймс Уэбб УЭББ Телескобы 1.2 нүктесіне жеттіТелескоп Джеймс Уэбб СілтемелерТелескоп Джеймс УэббАғылшын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Керей ханҚадыр Мырза ӘліМәдениетТеодолитАстрономияҚатерлі ісікГаз өнеркәсібіХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыМодификациялық өзгергіштікЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріОрганикалық затҚызмет көрсетуДүниежүзілік сауда ұйымыБуддизмАцетиленҚазақстанның мемлекеттік құрылымыЖылқыҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіЖалғаулық шылауларОттегіЛеонардо да ВинчиЗат алмасуТамыз бүлігіҚазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіТұрар РысқұловЭссеҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіРеформацияНаурыз мейрамыҚазақ хандығының құрылуыҚазақстанның Қызыл кітабыҚазақстан өсімдіктеріЗәр шығару жүйесіҚабанбай батырКенесары ханКітапханаТеатрСоленоидӘлемнің жеті кереметіТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровЭкологиялық жүйеҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріАнемияҒарышҰрықАвторлық құқықКүн жүйесіТабиғи газТуризмШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновҚорықАқбілек (роман)Тыныс алу жүйесіҚазақстандағы көмір кеніЭкологиялық проблемаАлаш қозғалысыЖердің айналуыҚаратпа сөзТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевБарсакелмес қорығыӘлеуметтік инфрақұрылымЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріҰрықтануҚытайАлкандарДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевСәулетҚазақстан мәдениетіАналық жыныс безіҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеСәкен СейфуллинМенің атым Қожа (повесть)Сөз табыҚазақстан аудандарыБабырАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріШикізатБейімделу🡆 More