Телесериал Вампир Күнделіктері

«Вампир күнделіктері» (ағылш.

Вампир күнделіктері
The Vampire Diaries
Вампир күнделіктері (телесериал)
Жанры жасөспірімдік драма
триллер
фэнтези
Идея авторы Джули Плек
Кевин Уильямсон
Рөлдерде Нина Добрев
Пол Уэсли
Иэн Сомерхолдер
Стивен Р. Маккуин
Сара Каннинг
Катерина Грэхэм
Кэндис Аккола
Зак Рериг
Кайла Юэлл
Майкл Тревино
Мэттью Дэвис
Джозеф Морган
Майкл Маларки
Мемлекет Телесериал Вампир Күнделіктері АҚШ
Тілі Ағылшын тілі
Өндіріс
Продюсер Лесли Моргенштейн
Боб Леви
Кевин Уильямсон
Джули Плек
Хабар тарату
Телеарна The CW
Бейне форматы 1080i (16:9 HDTV)
Таратылым кезеңі 10 қыркүйек 2009 жылдан — қазіргі уақытқа дейін

Сынамалы эпизод «The CW» телеарнасында 2009 жылы 10 қыркүйекте көрсетілді. 2 бөлім тұсаукесері 2010 жылдың 9 қыркүйегінде өткізілді. Ал 26 сәуірде The CW телехикаяны 3 сезонга созып, 15 қыркүйекте алғашқы эпизодын көрсете бастады. 2012 жылдың 3 мамырында созылған 4 бөлім 11 қазанда алғаш рет көрсетілді. 2013 жылдың 11 ақпанында шоу 5 сезонға, 2014 жылдың 13 ақпанында 6 сезонға , 2015 жылдың 11 қаңтарында 7 сезонға созылып, соңғы бөлім бірінші эпизоды 8 қазанда көрсетіле бастады.

Оқиға желісі

Оқиға табиғаттан тыс жаратылыстар өмір сүретін, Вирджиния штатының шағын қалашығы – Мистик Фоллста өтеді. Телехикая 162 жастағы Стефан Сальваторе (Пол Уэсли) атты қансорғышқа ғашық болған 17 жасар Елена Гилберттің (Нина Добрев) өмірі туралы. Стефанның ағасы Деймон Сальваторе (Иэн Сомерхолдер) інісінен кек алу үшін қалаға қайта оралғанда Елена мен Стефанның қарым-қатынастары күрделене түседі. Ағасы мен інісі де Еленаға бұрынғы махаббатары – Кэтрин Пирске сырттай ұқсастығының әсерінен ғашық болады. Ал Кэтрин болса, осы үштікке қатысты өзіндік жоспарымен қалаға кері оралады.

Шығарылуы

Алғашқыда Кевин Уильямсон шығарманың оқиға желісі өзге де оқиғаларға ұқсас деп танып, телехикаяны шығаруда аса қызығушылық танытпады. Дегенмен Джули Плектің талабымен романдар оқып, қызыға бастады: «Оқи келе, мен бұл оқиғаның сырттан қарағанда байқалмайтын сырға толы шағын қалашық туралы екендігін түсіндім.» Уильямсон негізгі назар орта мектепте емес, қала тарихында болатынын түсіндірді. Сынамалы эпизод Британдық Колумбия, Ванкувер қаласында түсірілді. Ал басқа эпизодтар ойдан шығарылған қалашық Мистик Фоллстың көшірмесі – Джорджия штатындағы Ковингтон қаласында түсірілген болатын. Алғашқы сезонның мықты рейтингтерінен кейін телехикая 2009 жылдың 21 қазанында толықтай 1 бөлімді аяқтады.

Актерлік құрам

Фильм кітап топтамасы бойынша пайда болғанымен, көптеген кейіпкерлер өзгерген. Ал кітаптың негізгі сюжеттік линиясы сақталған. 1 бөлімінен бастап, негізгі 10 кейіпкер таңдалғанымен, 2 кейіпкер шоудан шыққан болса, 1 еуі қосылды. Нина Добрев ең басты кейіпкерлердің бірі – Елена Гилбертті, Катерина Петрова ретінде белгілі негізгі антагонисттердің бірі – Кэтрин Пирсті және Сайластың 2000 жастағы ғашығы – Амараны ойнайды. Пол Уэсли Сайлас, Том және мейірімді, сезімтал қансорғыш рөлдерін ойнайды. Деймон – Стефанның қатыгез ағасы, телехикая басында антагонист болғанымен, кейінірек Еленаға ғашық болған соң қамқор және мейірімдірек бола бастайды. Бұл кейіпкерді Иэн Сомерхолдер ойнайды. Өзге әртістердің қатарына Еленаның інісі – Джереми Гилберттің рөлін ойнайтын Стивен Р.Маккуин да кіреді. Ал Сара Каннинг ойнайтын Джеремидің тәтесі – Дженна олардың қамқоршысы болып табылады. Дегенмен ол екінші бөлім соңында қансорғышқа айналған соң қайтыс болады. Катерина Грэхэм Еленаның мыстан құрбысы – Бонни Беннетты ойнайды. Кэндис Аккола екінші бөлімді қансорғышқа айналатын Еленаның жақын құрбыларының бірі –Кэролайн Форбсты ойнайды. Ал Зак Реригтің рөлі – Еленаның балалық шақтағы жолдасы және сүйген адамы Мэтт Донован. Майкл Тревино Джеремидің қарсыласы, Мэттің жан досы, Мистик Фоллстың әкімінің баласы және қасқыр адам – Тайлер Локвудты ойнайды. Оның жанұясының барлық мүшелерінде адам өлтіргенде байқалатын қасқыр адам гені бар. Кайла Юэлл Мэттің әпкесі және Джереми мен Тайлердің сүйген қызы – Вики Донованды ойнайды. Ол 1 бөлімнің 7 эпизодында Деймонның қансорғышқа айналдырып, Стефанның оны өлтіруінен қаза болады. Кейінірек Мэттью Дэвис те тарих мұғалімі, қансорғыштар аңшысы және Дженнаның ғашығы – Аларик Зальцман ретінде актерлік құрамға қосылды. Ал Джозеф Морган екінші бөлімде негізгі антагонист – Клаус ретінде қосылады.

АҚШтағы рейтингтер

2009 жылы 10 қыркүйекте тұсаукесері өткізілген телехикая The CW-ға 4,91 миллион көрермен құраған аудитория сыйлады. DVR қосқан соң сынамалы эпизод рейтингі ресми түрде 5,7 миллион көрермендерге жейін жетті. Төменде көрермендердің жалпы орта бағасы есептелген әр түрлі бөлімдердің кестесі көрсетілген. «Ранк» «Қансорғыш Күнделіктерінің» өзге телехикаялармен салыстырғандағы рейтингін көрсетеді.

Сезон Таймслот (ET/PT) Эпизодтар Тұсаукесер (Премьера) Финал Ранк Көрермендер
(миллион)
Дата Тұсаукесер (Премьера)
Көрермендер
(миллион)
Дата Финал
Көрермендер
(миллион)
Сезон 1 Бейсенбі

20:00

22 10 қыркүйек 2009 4,91 13 мамыр 2010 3,47 #118 3,66
Сезон 2 22 9 қыркүйек 2010 3,36 12 мамыр 2011 2,86 #193 3,17
Сезон 3 22 15 қыркүйек 2011 3,10 10 мамыр 2012 2,53 #166 2,81
Сезон 4 23 11 қазан 2012 3,18 16 мамыр 2013 2,24 #133 2,97
Сезон 5 22 3 қазан 2013 2,59 15 мамыр 2014 1,61 #147 2,68
Сезон 6 22 2 қазан 2014 1,81 14 мамыр 2015 1,44 #160 2,25

Номинациялар мен марапаттар

Бұл шоу марапаттау кезінде көптеген номинацияны иеленді. Халық көзайымына айналып "Халық тандауы" және "Teen Choice Awards" байқауында 7 рет марапаталып,оған қоса 2010 жылы "Жыл үздігі" кешінде 3 рет,және де үздік фантастикалық сериал марапттарына ие болып,"Үздік әртістер","Зұлым" номинациясын 2 рет иеленген.

Жыл Премия Категория Номинанттар Нәтиже
2010 Teen Choice Award 2010 «Жыл жетістігі; телехикаядағы әйел рөлі» Нина Добрев Жеңіс
«Жыл жетістігі: телехикаядағы ер рөлі» Пол Уэсли Жеңіс
«Жыл жетістігі: телехикая» Жеңіс
«Ең үздік қиял-ғажайып телехикая» Жеңіс
«Ең үздік қиял-ғажайып телехикая актеры» Пол Уэсли Жеңіс
«Ең үздік қиял-ғажайып телехикая актрисасы» Нина Добрев Жеңіс
«Зұлым» Иэн Сомерхолдер Жеңіс
«Екінші дәрежедегі әйел рөлі» Катерина Грэхэм Номинация
Халық таңдауы 2010 «Сүйікті жаңа драмалық телехикая» Жеңіс
«Сүйікті қиял-ғажайып телехикая» Номинация
«Сатурн» премиясы «Телетрансляцияға арналған ең үздік телехикая» Номинация
2011 Teen Choice Award 2011
«Ең үздік қиял-ғажайып телехикая» Жеңіс
«Екінші дәрежедегі әйел рөлі» Катерина Грэхэм Жеңіс
«Екінші дәрежедегі ер рөлі» Майкл Тревино Жеңіс
«Қиял-ғажайып телехикаяның ең үздік актеры» Пол Уэсли Номинация
«Қиял-ғажайып телехикаяның ең үздік актеры» Иэн Сомерхолдер Жеңіс
«Қиял-ғажайып телехикаяның ең үздік актрисасы» Нина Добрев Жеңіс
«Зұлым» Джозеф Морган Номинация
«Ыстық әйел» Нина Добрев Номинация
«Ыстық ер» Иэн Сомерхолдер Номинация
Қансорғыш Иэн Сомерхолдер Номинация
Қансорғыш Пол Уэсли Номинация
Қансорғыш Нина Добрев Номинация
Халық таңдауы 2011 «Сүйікті драмалық телехикая» Номинация
«Сүйікті қиял-ғажайып телехикая» Номинация
«Сүйікті драмалық телеактер» Иэн Сомерхолдер Номинация
2012 Халық таңдауы 2011
«Сүйікті драмалық телехикая» Номинация
«Сүйікті драмалық телеактер» Иэн Сомерхолдер Номинация
«Сүйікті драмалық телеактер» Иэн Сомерхолдер Жеңіс
«Сүйікті қиял-ғажайып телехикая» Номинация

Қызықты фактілер

Vampire күнделіктері мен ымырт - бұл тәуелсіз жобалар. Сериалды жасаушылар фильмдердің идеясын бір-бірінен алды деген сыбыстар көп болды. Бастапқыда ағайынды вампирлердің тарихы Эдвард Каллен туралы дастандар сәтті шыққаннан кейін бірден пайда болды деп айтылды. Содан кейін Лиза Джейн Смиттің өз кітабын Стефани Мейерге қарағанда ертерек жазғаны белгілі болды. Соңында олар сериалдар құрды және олардың жанкүйерлері «Сумерки» және «Вампир күнделіктері» - бұл әртүрлі жобалар, және ешкім плагиат жасамайды деп келіседі.

Дереккөздер

Tags:

Телесериал Вампир Күнделіктері Оқиға желісіТелесериал Вампир Күнделіктері ШығарылуыТелесериал Вампир Күнделіктері Актерлік құрамТелесериал Вампир Күнделіктері АҚШтағы рейтингтерТелесериал Вампир Күнделіктері Номинациялар мен марапаттарТелесериал Вампир Күнделіктері Қызықты фактілерТелесериал Вампир Күнделіктері ДереккөздерТелесериал Вампир Күнделіктері

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ хандарыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыЖаһандануМашинажасауИнфрақұрылымҚазақстанның кен ресурстарыҰйғырларАлпамыс батырҚазақстанның сыртқы саясатыКөзӨнеркәсіпБалқашЭлектр энергетикасыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыҚызылша (медицина)Алматы қорығыЖошы ханТабиғи радиоактивтікДНҚҚазақстан мәдениетіТеріӨкпеСпортҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыАналық жыныс безіШылауТұздар (химия)Дін философиясыХолециститӘмір ТемірОрталық ҚазақстанҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыМэйдзи жаңғыртуыЖалғауҚазақстанда генетика және селекция ғылымдарының дамуыАлаш партиясының бағдарламасыРасул Ғамзатұлы ҒамзатовХалықаралық балалар күніҚазақстан 2030Леонардо да ВинчиЕтеккірЕтістікАналық жыныс жасушасыЕсімдікҚайыңАңырақай шайқасыМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Нұралы ханСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовҚазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бірінші санатты жануарларТоқырау жылдарындағы ҚазақстанСоқырішекҚадыр Мырза ӘліТегеран конференциясыҚазақстан экономикасының тарихы38-атқыштар дивизиясыӨсімдік шаруашылығыЭмбрионБастауышЭкологиялық пирамидаТүсті металлургияКөкжөтелҚазыбек биЖеті қазынаҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіАқбілек (роман)Жалпы ішкі өнімДәруменЕсімшеҚант қызылшасыОм заңыҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміҚазақстан тарихыМорфология (лингвистика)Оңтүстік ҚазақстанШәкәрім Құдайбердіұлы🡆 More