Боавишта

Боавишта (порт.

Португалия Боавишта
Толық атауы

«Боавишта» футбол клубы (порт. Bоavista Futebol Clube)

Лақап аттары

Os Axadrezados (Шұбар түстілер)
As Panteras (Пантералар)

Құрылған жылы

1903 жыл (112 жыл)

Стадионы

Португалия Ду Бесса

Сыйымдылығы

28 263

Президенті

Португалия Жоау Лоурейру

Бас жаттықтырушы

Португалия Петит

Сайты

Ресми сайты

Жарыс

Лига Сагреш

2022/23

9 орын

Формасы
Форма
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Негізгі
форма
Форма
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Боавишта
Қонақтық
форма
Боавишта 2014/2015

Тарихы

Бастапқы жылдар (1934-1969)

Боавишта Жоғарғы лигада алғашқы рет 1935-36 жж. маусымда өнер көрсетті. Сол жылы-ақ клуб Сегундаға түсіп қалды. 1969 жылға дейін клуб Жоғарғы лигадан Сегундаға түсумен және керісінше көтерілумен болды.

Алтын ғасыр (1969-2003)

Клуб 1975-76 және 1998-99 жж. маусымдарда екінші орынға қол жеткізді.

1993-94 жж. УЕФА Кубогында ширек финалға дейін жетті (Олар ОФИ мен Лационы жеңді).

1999-00 жж. УЕФА Чемпиондар Лигасында клуб топтық кезеңде шығып қалды.

2000-01 жж. маусымда клуб алғаш рет Португалия чемпионы атанды. Келесі маусым клуб Спортингтен кейін екінші орынмен бітірді.

2001-02 жж. УЕФА Чемпиондар Лигасында қайтадан өнер көрсетті. Бұл кезде клуб жақсырақ өнер көрсетіп, өзінің жолында Боруссияны, Динамо Киевты жеңді. Келесі кезеңде клуб Бавария, Манчестер Юнайтед және Нантпен бір топқа түсті. Ол топта клуб жаман өнер көрсетіп, тек қана 1 ұпайға қол жеткізді.

2002-03 жж. УЕФА Кубогында клуб жартылай финалға жетті (Селтиктен жеңіліс).

Төмен жылжу (2003-2008)

2003 жылы клуб жаңа стадионын сала бастады. Бұл құрылыстан кейін клуб дағдарысқа ұшырады. Клуб чемпионатта кестенің екінші жартысынан аса алмады.

2008 жылы клуб Апито жанжалының (арбитрларды қорқыту) кесірінен Сегундаға түсіп қалды.

Қайта оралу (2008-қазіргі уақытқа дейін)

2008-09 жж. маусымда клубтың финанстық мәселелері жалғаса берді. Сол жылы-ақ клуб үшінші дивизионға түсіп қалды.

2013 жылдың маусым айында ұзақ келісімдерден кейін Боавишта Лига Сагрешке оралу құқығына ие болды. Сонымен қатар клуб кредиторлармен келіссөздер өткізіп, қарызды жартысына дейін азайтуға келісті.

2014 жылдың ақпан айында Боавишта кредиторларымен бірге SIREVE (Соттан Тыс Келісім Арқылы Жүйені Қалпына Келтіру Компаниясы) келісіміне қол жеткізді.

2014 жылдың сәуір айында Лига Атқару комитеті 2014/2015 маусым чемпионатында қатысу туралы декларацияны қабылдады. Мәлімдемесінде комиссия клубтың финансы, сондай-ақ техникалық қамтамасыздығы және аудиты қалпында деген шешімін қабылдады.

2014-15 жж. маусымда клуб 6 жылдан соң чемпионатқа қайта оралды.

Жетістіктері

    • Жеңімпаз (1): 2000–01
  • Португалия Кубогы
    • Жеңімпаз (5): 1974-75, 1975-76, 1978-79, 1991-92, 1996-97
    • Финалист (1): 1992–93
  • Португалия Суперкубогы
    • Жеңімпаз (3): 1979, 1992, 1997
    • Финалист (1): 2001
  • Сегунда Лига
    • Жеңімпаз (2): 1936–37, 1949–50
  • Порту Чемпионаты
    • Жеңімпаз (1): 1913–14

Дереккөздер

Tags:

Боавишта ТарихыБоавишта ЖетістіктеріБоавишта ДереккөздерБоавиштаПортуПортугал тіліПортугалияФутбол клубы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АнтивирустарАғашМысОтырарМұхтар Омарханұлы ӘуезовСпартак көтерілісіТөтенше жағдайРаушангүлділерНегіздерХиуаз Қайырқызы ДоспановаҚатерлі ісікМұражайСалалас құрмалас сөйлемБауыржан МомышұлыБалқашКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыКөлікШанхай Ынтымақтастық ҰйымыИзомерияАманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевВаршава келісімі ұйымыОрганикалық затИспанияАқпараттық қауіпсіздікЭлектрокардиографияБұрыш (геометрия)ОттегіМәңгілік бала бейнеФариза ОңғарсыноваҰлы жүзӘлішер НауаиҚазақстанЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Америка–Жапон шарттарыАуыл шаруашылығыТұсаукесерҚолдан сұрыптауАралас құрмалас сөйлемБұқаралық ақпарат құралдарыҚазақстанның жеті кереметіМал шаруашылығы1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріБұлшық етРасул Ғамзатұлы ҒамзатовҚоғамЫңғайлас салалас сөйлемЕсім ханның ескі жолыТөлеген ТоқтаровҚажығали МұханбетқалиұлыИнтеграцияХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміСу көлігіТіршілік үшін күресКөмірсуларКарл ЛиннейЕскендір (поэма)Дін философиясыБалғынбек ИмашевБейбітшілікДемографияЖасушаЖылқы малының атауларыҚадыр Мырза ӘліҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіМәтінЕтісМонро доктринасыЭкономикаИнтернетТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріӘбу Райхан әл-БируниСалауатСаңырауқұлақтарЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАсан қайғы СәбитұлыЖоғары молекулалы қосылыстарДүниежүзінің табиғат ресурстарыМашинажасауПсихология🡆 More