Бассүйексіздер

Бассүйексіздер (Acranіa) – төменгі сатыдағы желілілер (хордалылар) типінің бір тармағына жататын ұсақ жануарлар.

Бассүйексіздер Жерорта теңізінде, Атлант мұхитының Еуропа және Африка жағалауында, сондай-ақ Атлант, Тынық, Үнді мұхиттарының экваторлық терең жерлерінде тіршілік етеді. Дене тұрқы 1,5 – 8 см-дей. Арқа қанаты тұтас әрі жұқа болып тікелей құйрық қанатымен байланысқан. Оларда желілі жануарларға тән белгілер (арқа желісі, жүйке түтігі, желбезек саңылаулары, т.б.) өмір бойы сақталады. Терісінің сырты басқа желілілерде болмайтын жұқа кутикула қабатымен, желбезек саңылауларының сырты терілі қатпармен қапталған. Ішкі қаңқаның қызметін денесінде ұзына бойы орналасқан серпімді желі атқарады. Кейбір мүшелер жүйесі (бұлшық еттері, жыныс бездері, зәр шығару) бір-біріне ұқсас жеке бөліктерден, сезім мүшесі қарапайым жарық сезгіш клеткалар тобынан (гессе көзшелерінен) тұрады. Қан айналымы тұйық, бірақ жүрегі болмайды. Оның қызметін құрсақтағы қолқа қан тамыры атқарады. Дара жынысты, сырттай ұрықтанады. Дернәсілдері денесіндегі кірпікшелері арқылы 3 айдай еркін жүзіп тіршілік етеді. 2 – 3 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Ересектері теңіздердің жағалауға жақын таяз әрі құмды жерлерінде 10 – 30 м тереңдікте құйрық бөлігі құмға батып, бір орында тіршілік етеді. Оларды жергілікті тұрғындар тағам ретінде пайдаланады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер


Tags:

АтлантАтлант мұхитыАфрикаДернәсілЕуропаЖануарларЖелбезекЖерорта теңізіЖүйке түтігіКутикулаСезім мүшелеріХордалыларҚаңқа

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сын есімЕсімдікҚазақстан өсімдіктеріШарын шатқалыБатыс Түрік қағанатыИнтеграцияЖалаң сөйлемИспанияПедагогикаӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыАлаш партиясыСалалас құрмалас сөйлемФариза ОңғарсыноваҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыӨзбекстанӨкпеМұнай экспорттаушы елдер ұйымыИталияЖұмбақтасАстық шаруашылығыЖұлынТыныс белгілеріЫбырай АлтынсаринҚазақстан 2050Жүрек ауруларыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіАлмазСептік жалғауҚазақтың ұлттық тағамдарыТұрар РысқұловЭволюциялық ілімҚазақстанның Қызыл кітабыРобототехникаАс қорыту жүйесіТегеран конференциясыЖай сөйлемҮш Жүз партиясыҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріТөлен ӘбдікМәдени өсімдіктерҚазақ батырлар тізіміГрузияМарқакөл қорығыҚоршаған ортаНаурыз мейрамыКүрішБір жасушалыларПиелонефритМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Еліктеу сөзҒабиден МұстафинОперациялық жүйелерБұрыш (геометрия)Азамат соғысыЭкспрессионизмБұлшық етАхмет БайтұрсынұлыЭндемикУнитарлы мемлекетҚазақ философиясыЖұқпалы ауруларЕскендір (поэма)Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыЭлектрокардиографияҚанСарматтарТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровҚытайКүн (жұлдыз)Саяси жүйеҒабит Махмұтұлы МүсіреповБалуан ШолақДенсаулықҚант диабетіФерромагнетиктерХалықаралық еңбектiк миграцияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыКүнделік.кз🡆 More