Омыртқалылар

Омыртқалылар, бассүйектілер (Vertebrata, Cranіata) – хордалы (желілі) жануарлардың тип тармағы.

Қазба қалдықтары ордовик – төменгі силур кезеңдерінен белгілі.

Омыртқалылар
Акула
Омыртқалылар
Жолбарыс
Омыртқалылар
Саламандра

Тарихы

Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағы хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер). Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда пайда болып, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен. Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, кейіннен теңіздерге таралған. Тіршілік еткен су қоймаларында оттектің жеткіліксіз болуы девонда олардың құрлыққа шығуына себепші болды. Алғашқы құрлыққа шыққан Омыртқалылар – ихтиостегилер. Бұлар саусаққанатты балықтардан шығып, қосмекенділердің; ал мезозойда жақсы дамыған бауырымен жорғалаушылардың, триаста сүтқоректілердің, юра кезеңінде құстардың арғы тегі болып саналады. Барлық Омыртқалылардың эволюциялық дамуы олардың дене құрылысының күрделенуімен сипатталады. Дене тірегі – хорда, эволюциялық даму процесінің барысында ересек жануарларда (төменгі сатыдағы балықтардан басқасында) хорда, көбінесе омыртқаға айналады (тип тармағының аты осыдан шыққан). Омыртқалылардың судан құрлыққа шығуына байланысты дене құрылысы күрделілене түсті. Төменгі сатыдағы Омыртқалылардың жүрегі екі камералы болса, жоғары сатыдағы Омыртқалылардың бұлшық етті төрт камералы жүрегі көптеген негізгі (құлақшалар мен жүрекшелер) және қосымша бөліктерден (венозды синус, артериальды конус) тұрады. Қан айналыс жүйесі тұйық біткен. Су Омыртқалыларының (бассүйексіздер, балықтар) тыныс алу органы – желбезек, ал құрлықтағы Омыртқалыларда қос өкпе болады. Көру, есту, сезім және иіс сезу органдары жақсы дамыған. Жүйке жүйесі ми, жұлын және шеткі жүйке түйіндерінен (ганглиялардан) тұрады. Зәр шығару органы – қос бүйрек. Омыртқалылардың барлығы да даражыныстылар, жыныс безі екеу, бірақ балықтарда гермафродитизм байқалады. Кейбіреулері жұмыртқа салып, екіншілері ұрпақтарын тірідей туып көбейеді.

Түрлері

Омыртқалылар 
Құстар

Омыртқалылардың 40 – 45 мыңдай түрі белгілі. Оларды 7 класқа жіктейді: дөңгелекауыздылар, шеміршекті балықтар, сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер. Омыртқалылар жер бетінде кең тараған, оларды әлемдік мұхиттардың түбінен бастап, биік таулы аймақтар мен сусыз шөлді жерлерден кездестіруге болады. Омыртқалылардың биосферада алатын орны зор, әдетте бұлар биоценоздағы трофиктік (қоректік) тізбекті аяқтайды. Омыртқалылардың адам өмірі үшін маңызы зор. Өйткені Омыртқалыларға кәсіптік аң және ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі көпшілігі жатады. Омыртқалылардың арасында ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы зиянкестері, ауру тарататын түрлері де жетерлік.

Сілтемелер

Дереккөздер

Tags:

Омыртқалылар ТарихыОмыртқалылар ТүрлеріОмыртқалылар СілтемелерОмыртқалылар ДереккөздерОмыртқалылар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жыныс қатынасынан жұғатын ауруларҚарлұқ қағанатыОңтүстік АмерикаЭлектромагниттік толқындарСын есімТамыр (өсімдік органы)1921-1922 жылдардағы ашаршылықЖалғаулық шылауларОралДамыған елдерДидактикаУнитарлы мемлекетҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЕкінші Мемлекеттік ДумаХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміАнтикалық философияДомбыраАбайдың қара сөздеріПедагогикаҚасым ханПублицистикалық стильҚыпшақ хандығыЖылқы малының атауларыЗат есімГормондарАдам қаңқасыТуризмСалауатты өмір салты1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісШәкәрім ҚұдайбердіұлыАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыБиосфераМәдени мұраБейішҚазақстандағы сайлау жүйесіЖүсіпбек АймауытовЖасуша ядросыҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевМұнай экспорттаушы елдер ұйымыАрал теңізіДепортацияЕсту мүшесіҚазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыруЕсімшеЖүрекАйнымалы токЭтикаЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыЖай сөйлем және оның түрлеріТүрік қағанатыҰлытау облысыАбай Құнанбайұлының шығармаларыӨтЗейінДінмұхамед Ахметұлы Қонаев16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыСпирттерЛипидтерТұтқырлықЖұтқыншақҚимақ қағанатыҚұлақБайтұрсыновтың ұрпақ сауатын ашудағы қосқан үлесіХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыЖаңа экономикалық саясатАдам атаҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныПайдалы қазбаларКәсіпкерлікҚазыбек биҚарақытай мемлекетіОрталық жүйке жүйесіӘбіш КекілбайұлыАлланың есімдеріЖарапазанОйлауЖеті қазынаКіші қанайналым шеңберіБесік жыры🡆 More