Барлыбек Сыртанов (1866 жылы бұрынғы Жетісу облысы, Қапал уезі, Арасан болысы - 26 қазан 1914 жыл) — Қоғам қайраткері, тіл жанашыры, ағартушы, публицист, түркітанушы, шығыстанушы, болашақ тәуелсіз Қазақстанның алғашқы құқықтық құжатын жасаушы, Алаш Орда партиясының жетекшісі, Әлихан Бөкейхановтың досы, құрдасы.
Найман ішінде Матай руының Қаптағай атасынан шыққан.
Барлыбек Сыртанов | |
Барлыбек Сырттанұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Қызметі | Түркітанушы, шығыстанушы, қоғам қайраткері |
Әкесі | Сырттан |
Әкесі Сыртан халыққа беделді болған. Оған арнап Жамбыл 1881 жылы «Сыртанға» атты өлең шығарған. Сыртанов Верный ер балалар гимназиясында орта білім алып, 1886 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Ол студенттік шағында сондағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген М.Сералин, Б.Қаратаев, А.Теміров, Б.Құлманов секілді қазақ жастарымен бірлесіп, «Жерлестер» атты үйірме құруға атсалысты. Бұл үйірме мүшелері студент жастарға көмек көрсетуді ұйымдастырумен бірге саяси-әлеуметтік мәселелерді қызу талқыға салды. Университетті аяқтағаннан кейін Б.Сыртанов 1891-1894 жылдары Ташкент қаласында Түркістан генерал-губернаторының қазыналық палатасында қызмет етті.
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Барлыбек Сыртанов, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.