Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев

Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев (1860, Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылы — 26 тамыз 1934, Ақтөбе қаласы) — қоғам қайраткері, заңгер, ағартушы-демократ.

Қазақтардың арасындағы саяси және ұйымдастырушылық жұмыстарға белсенді араласты. 1919 жылы мамыр және шілде айларында қазақ атты бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі, 1921-1924 жылдары Ақтөбе губерниялық алқаның төрағасы болып тағайындалды. Одан кейінгі жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік мұрағатына жұмыс істеді. 1926 жылы партиялық тәртіпті бұзғаны үшін Ақтөбе қалалық партия комитетінің шешімімен партия қатарынан шығарылды. Қазақ АКСР Кеңестерінің 1-2 съездерінің делегаты болды.

  • Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі.
  • 1890 ж. оны 2-дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді.
  • Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды.
  • 1907 ж. 2-Мемлекеттік Думаға кадеттер тобынан Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген.
  • Ол өзін большевиктер партиясының қатарындамын деп есептеді.
  • 1907-16 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі.
  • 1918 ж. Орал облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды.
  • 1918 ж. наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін, (ішінде Қ. та бар) тұтқынға алды.
  • 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облысы ревкомның қүрамында ұлттар коллегиясын басқарды.
  • 1919 ж. 24 шілдеде Қазәсревкомның мүшелігіне тағайыңдалды.
  • 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан.
  • Қазақ АКСР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің 2-Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.
  • 1927 жылы діни көзқарастары үшін большевиктер партиясының қатарынан шығарылған. Өмірінің соңына дейін ғылыми - зертханалық жұмыстармен шұғылданған.
Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев
Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев

Дереккөздер

Tags:

1860 жыл1934 жыл26 тамызАқбақайАқтөбеЗаңгерҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚаратөбе ауданы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бауыржан МомышұлыШиеЖәңгір-Керей ханТүпті жуаҚасым ханның қасқа жолыШарын шатқалыХалықаралық ұйымдарИспанияАктинЫбырай АлтынсаринЖалғауИнфрақұрылымРайымбек батырСалауатОғыз мемлекетіЭмбриогенезХимия өнеркәсібіМұнай өнеркәсібіҚазақстандағы «қайта құру» саясатыБерлин операциясыФерменттерЕсімшеНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіШымкентКүн жүйесі1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріТүрксібТөле биКеңес Одағының БатырыАқбілек (роман)Өңдеуші өнеркәсіпМәскеу шайқасыМикеланджелоҚазақстан географиясыДара сөздер мен күрделі сөздерБурабай ұлттық паркіБалдырАсқорыту мүшелеріҚуыршақ театрыЖапырақТранспортирСолтүстік АмерикаГалактикаИталияГидросфераКартоп2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріСюрреализмАлтай тауларыАдам ағзасындағы химиялық элементтерЕгемендікҚалқанша безСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыБауыр (орган)Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануҚаныққан көмірсутектерЖеңіл атлетикаҚазақстан 2030АтомТүйелерӘбу Райхан әл-БируниЕсім ханның ескі жолыӘлішер НауаиӨсімдіктердің көбеюіГенСөз табыАлюминийҚасым ханҚытайБидай (астық)Әлем елдерінің тізіміӘл-Фатиха сүресіСозХордалыларАҚШ президенттерінің тізіміАлаш автономиясыРесейБақбақҒабит Махмұтұлы Мүсірепов🡆 More