Баланы Қиып Емдеу

Баланы қиып емдеу - баланың тамырларын күміс теңгемен баса отырып, қиып емдеу.

Балаға шыр бітпей, ыстығы біресе көтеріліп, біресе түсіп, іші өтіп мазасызданады. Баланың ұйқысы бұзылғандықтан, тәбеті де нашарлайды. Көз арасындағы, білектеріндегі, алақан, жауырын, бел омыртқаларының екі жанындағы, тобық асты және өкше тамырлары нәрестенің нәзік терісінен шодырайып көрініп тұрады. Қазақы ортада қариялар бұлай ауырған баланы «қой ауруына» шалдыққан деседі. Мұндай ауруға көбінесе бір жас пен үш жас аралығындағы балалар шалдығады.

Дәстүрлі ортада «қой ауруын» жоғарыда айтылғандай, күміс теңгенің көмегімен тамырларды баса отырып, қиып емдейді. Ем жел тимейтіндей жылы үйде, бір жақ қыры аздап егелген күміс теңгенің көмегімен жасалады. Баланы жөргегіне етбетінен жатқызып, жауырын омыртқаларының екі жағын жағалай және өкше тамырларын, содан соң шалқасынан жатқызып, екі көз аралық, алақан, тобық үстіндегі тамырларына күміс теңгені батыра басып шығады. Ем жасалып болғаннан соң, жел тисе жел ауруына ұласуы мүмкін болғандықтан, тез арада жылы орап, терлетуге тырысады. Егер бала терлесе, ауруынан тез айығып кетеді. Баланы қиып емдеу жаз айларында, күннің ыстық кездерінде жасалады. Мұндай емді емшіліктің қыр-сырын жақсы меңгерген, емшілік қасиеті бар дәстүрлі емшілер жасайды.

Дереккөздер

Tags:

КүмісТеңге

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Алтай тауларыЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Серік ҚалиевБалиғат жасыЖүсіпбек АймауытовТемірҰлы Отан соғысыАс беруЛейкоциттерЕсімшеҚазақстан көлдеріРахымжан ОтарбаевЛионель МессиБалықтарФерменттерКаспий теңізіA.Z. (Ninety One)ОмонимГерманияҚазанғап ТілепбергенұлыХимиялық элементтер тізіміҰлуларБатырлар жырыҚытайҰйықтатын дәрілерМәдени мұра1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновЕуразиялық Экономикалық ОдақДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруҚожаАдам даму индексі бойынша елдер тізіміТәңірРайымбек батырПневмонияБиотехнологияМанипуляцияДемократияСырдарияЖалайырЖылқыЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміНайманБерішДемографияАлты кәлимәЕскендір (поэма)Ахмет Қуанұлы Жұбанов1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықКорея РеспубликасыҚазақ жүздеріҚұранЖыныс мүшелерінің құрылысыҚанайналым жүйесіАуызашарМұстафа ШоқайЖеті қазынаТөлен ӘбдікРесей империясыҚасқырАлаш партиясының бағдарламасыСамаурынТәңіршілдікБүйрекӨсімдіктерСтолыпин реформасыСалауатты өмір салтыКәлимәШәкәрім ҚұдайбердіұлыБейбарыс ЖамақұлыАллитерацияГемоглобинҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚарақалпақстанТамаОтырарБату хан🡆 More