Ащы Ермен

Ащы ермен (ащы жусан лат.

Қазақстанда жусан туысының 84 түрі өседі.

Ащы ермен
Ащы Ермен
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Сабы: Тамырсабақтылар
Тұқымдасы: Күрделігүлділер
Тегі: Artemisia absinthium
L.

Билогиялық сипаттамасы

Ащы ерменнің биіктігі 50-100-125см. Сабағы тік, көп қырлы, өсімдіктің жерүсті мүшелері бозғылт-сұр түсті, басқа өсімдіктерден оңай ажыратуға болады. Себебі, жерүсті мүшесі күмістей жалтыраған, қалың, жұмсақ, әрі жабысып тұратын қысқа түкті болады. Өсімдікті саусақпен сипағанда мақтадай жұмсақ екенін сеземіз. Сабағы ұшына жақындаған сайын жиі бұтақталған. Ащы ерменнің жапырақ пішіндері де әр-түрлі. Сабақ түбіндегі жапырақтары ұзын сағақты, тақтасы да қаурсын тәрізді салаланған, сабақ ұшына жақындаған сайын кішірейіп сағақсыз бола бастайды, тақтасының жиектері де тегістеледі. Гүлдері өте ұсақ түтікшелі гүл, себеті д сары, әрі ұсақ, диаметрі 3мм, шар тәрізді. Барлық себеті сабақ ұшында сыпыртқы гүлшоғырына жиналған. Гүлшоғырлары өте күрделі, жеке гүлдері алдымен себет гүлшоғырын құрайды да, барлық себет гүлшоғырлары жиналып сыпыртқы гүлшоғырына орналасады. Сөйтіп ащы ерменнің негізгі гүлшоғыры- себет болса, себетгүлдің топтанып бірігуі- сыпыртқы гүлшоғыры болып есептеледі. Жемісі -тұқымша. Ащы ермен республиканың барлық аймақтарында кең таралған, ерменді білмейтін адам жоқ деуге болады. Хош иісі жақындай бергенде-ақ білінеді, дәмі өте ащы, егер қолға алып саусақпен ұқаласа иісі көбірек сезіледі. Жерүсті мүшесінде эфир майы, глюкозид, абсинтин, ащы зат абзинтин С витамині және т.б. бар. Ерменді мал сүйсініп жейді, ермен жеген малдың сүті ащы болады, себебі ерменнің құрамындағы ащы заты қан мен сүтке сіңеді.

Жинау мерзімі

Жерүсті мүшесін(шөбін) жазда гүлдеп тұрған кезде 25см етіп кесіп алады, тек жапырақтарын гүлдемей тұрғанда жинайды, көлеңкелі жерде кептіріледі. Жуан сабағы бар жеріндегі шөбін жинамайды. Шөбін сақтау мерзімі 2 жыл.

Халық медицинасында қолданылуы

Ащы ерменді ата-бабамыз ертден-ақ әр түрлі ауруларға қолданған. Бастың сақинасына, аяқ-қол сырқырағанда буланған. Асқазан ауруына тұнбасын ішкен. Халық медицинасында:

1. Тамаққа тәбет ашуға; 2. Асқазан бүріп ауырғанда; 3. Аяқ астынан дене құрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка); 4. Әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп тұрғанда; 5. Қан жасушалары азайғанда; 6. Бауыр, көкбауыр ауырғанда; 7. Суық тигенде; 8. Ұйқы қашқанда; 9. Іштегі паразит құрттарды түсіруге және т.б. Ветеринария саласында қоюлау тұнбасын паразит жәндіктерді құрту үшін жағады. Күйіс қайыратын малдардың күйіс қайыруы бәсеңдесе ұнтағын ұнға, тұзға, суға араластырып береді.

Тұнбасын дайындау тәсілі

1 қасық шөбін 5 асқасық спиртке (1/5) салып 7күнге қояды. Дайын болған тұнбаны астан 30мин бұрын 15 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Судағы ерітіндісін дайындау үшін шөбінің 1 шай қасығына 2 стакан қайнап тұрған ыстық су құйып 20мин тұндырады. Дайын болғанда асқа дейін 30мин бұрын стаканның 1/4 бөлігіндей мөлшерде күніне 3 рет ішеді. Ерменнің дәрісін қабылдауды бір айдан асырмай арасында 1-2 апта үзіліс жасау керек.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Peganum harmala

Tags:

Ащы Ермен Билогиялық сипаттамасыАщы Ермен Жинау мерзіміАщы Ермен Халық медицинасында қолданылуыАщы Ермен Тұнбасын дайындау тәсіліАщы Ермен ДереккөздерАщы ЕрменАщы жусанЛатын тіліҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЛиберализмҚожа Ахмет Ясауи кесенесіӘміре ҚашаубаевАустралияФёдор Михайлович ДостоевскийАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміҚызылша (медицина)БерішРобототехникаALEM (Ninety One)Абай облысыҚазақша УикипедияҚазақстанның экологиялық проблемаларыТуризмТаразСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Жанар АйжановаҮш Жүз партиясыБатыс Түрік қағанатыАнықтауышМиокард инфарктыЕділ қағанКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысМал атауларыЖалғаулық шылауларПариж бітім конференциясыНоғай ордасыКүкіртТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыОтырар апатыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақ руларыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваУақытҚазан төңкерісіМіржақып ДулатұлыЖүсіп БаласағұниҚасым ханТүйелерҚожаТері ауруларыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҚожа Ахмет ЯсауиПольша Халық РеспубликасыҚазақстан астанасыДауысты дыбыстарТуыстық атауларыЖиенШығыс ҚазақстанЭпитетҚазақша жыл санауЖанысРуБалиғат жасыАуғанстанҚұрманғазы СағырбайұлыФранцияПессимизмХолецистит1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріМүшел жасМоңғолияҚырғызстанҚазақстан Республикасының КонституциясыӨскеменБесеудің хатыТұрар РысқұловХристофор КолумбҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіДомалақ анаЖанқожа НұрмұхамедұлыҰйқы безіТәуекел ханБиотехнологияЖетісу облысыАнтикалық философияБайқоңыр (ғарыш айлағы)🡆 More