Армения Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Арменияның намысын қорғайтын ұлттық құрама.
Басқарушы орган - Армения Футбол Федерациясы.
Армения Ұлттық футбол құрамасы | |||
Конфедерация | |||
---|---|---|---|
Федерация | Армения Футбол Федерациясы | ||
Бас бапкері | Артур Петросян | ||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны | Саркис Овсепян (132) | ||
Үздік бомбардир | Генрих Мхитарян (25) | ||
Үй стадионы | "Раздан", Республикалық | ||
Формасы | |||
| |||
Бірінші ойын | |||
Армения 0:0 Молдова | |||
Ең ірі жеңіс | |||
Гватемала 1:7 Армения | |||
Ең ірі жеңіліс | |||
Чили 7:1 Армения | |||
КСРО тараған соң басқа да посткеңестік елдер секілді өз алдына ірі турнирлерге қатыса бастады. Алғаш қатысқан ірі турнирі - ЕУРО-1996 іріктеуі.
ЕУРО-2012 іріктеу кампаниясында құрама екінші орын үшін соңғы сәтке дейін айқасты. Соңғы турда Ирландия құрамасымен ойнап, 1:2 есебімен ұтылды да, үшінші орынға түсіп кетті. Солай тарихта тұңғыш рет ірі турнирлерге қатысу мүмкіндігінен айрылып қалды.
ӘЧ-2018 іріктеуінде 6 ұпай жинап, бесінші орынмен турнирді аяқтады.
Құрама 2017 жылдың 11 маусымына дейін 170 кездесу өткізген. 41 кездесуде ұтып, 33 ойында тең түскен. 96 кездесуде жеңіліске ұшыраған.Доп айырмасы: 156 — 291 (-135)
Екі мемлекет көптеген жылдардан бері Таулы-Карабах автономиялық республикасына өзара таласып келеді. Осы кикілжіңнің салқыны футболға да тиіп, екі қүраманың немесе екі мемлекет клубтарының арасындағы матчтар жанжалсыз, төбелессіз өтпейді. Тыныштықты көздеген УЕФА басшылар қазір Бұл екі құраманы да, екі елдің клубтарын да мүмкіндігінше бір-бірімен ойнатпауға, бір топқа түсірмеуге тырысады.
ЕУРО-2008 іріктеу кампаниясында Армения мен Әзірбайжан клубтары бір топқа түсіп қалады. Соңында екі тарап та бір-бірімен ойнаудан бас тартады да, өзге құрамалар 14 матчтан ойнаса, бұл екі құрама 12 матчтан ғана ойнайды. Айта кетейік, осы топта Қазақстан құрамасы да бар еді.
# | • | Футболшы | Туған күні, жылы | Дебюті | Гол | Матч | Соңғы матчы |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | • | Генрих Мхитарян | 21. 01. 1989 | 14.01.2007 | 23 | 68 | 10.06.2017 |
2 | Артур Петросян | 17. 12. 1971 | 14.10.1992 | 11 | 69 | 13.10.2004 | |
3 | • | Геворг Казарян | 5. 04. 1988 | 22.08.2007 | 10 | 55 | 26.03.2017 |
4 | Юра Мовсисян | 2. 08. 1987 | 11.08.2010 | 10 | 35 | 29.03.2015 | |
5 | • | Эдгар Манучарян | 19. 01. 1987 | 19.02.2004 | 9 | 53 | 10.06.2017 |
6 | • | Маркос Пиццелли | 24. 07. 1985 | 22.05.2008 | 9 | 54 | 10.06.2017 |
7 | Ара Акопян | 11. 04. 1980 | 21.11.1998 | 7 | 42 | 11.02.2009 | |
8 | • | Артур Саркисов | 19. 04. 1987 | 10.08.2011 | 6 | 38 | 10.06.2017 |
9 | Армен Шахгельдян | 28. 08. 1973 | 14.10.1992 | 6 | 53 | 06.06.2007 | |
10 | Арман Карамян | 14. 11. 1979 | 09.01.2000 | 5 | 49 | 03.03.2010 | |
11 | Роберт Арзуманян | 24. 07. 1985 | 18.03.2005 | 5 | 74 | 13.06.2015 | |
12 | • | Араз Озбили́з | 9. 03. 1990 | 29.02.2012 | 5 | 30 | 04.06.2017 |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Армения Ұлттық футбол құрамасы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.