Антигуа Және Барбуда

Антигуа және Барбуда (ағылш.

61°48′00″ б. б. / 17.08333° с. е. 61.80000° б. б. / 17.08333; -61.80000 (G) (O) (Я)

Аумағы Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі Кіші Антиль архипелагының Антигуа, Барбуда және Редонда аралдарын қамтиды. Жер көлемі 442,6 км², халқы 81,4 мың адам (1994).

Антигуа және Барбуда
ағылш. Antigua and Barbuda
Антигуа Және Барбуда Антигуа Және Барбуда
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Each Endeavouring, All Achieving»
«Талпынатын, барлығына қол жеткізетін»
Әнұран: «Fair Antigua, We Salute Thee» (тыңдау )
Антигуа Және Барбуда
Тарихы
Тәуелсіздік күні 1 қараша 1981 жыл (Британ империясынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі ағылшын тілі
Елорда Сент-Джонс
Ірі қаласы Сент-Джонс
Үкімет түрі Унитарлы парламенттік конституциялық монархия
Патшасы
Генерал-губернаторы
Премьер-министрі
III Чарльз
Родни Уильямс
Гастон Браун
Мемлекеттік діні зайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 182 орын
440 км²
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

100 963 адам (199)
81 799 адам
186 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

2,731 млрд. $
29,298 $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

1,717 млрд. $
18,416 $
АДИ (2018) 0,780 (жоғары) (70)
Этнохороним Мемлекет және Антигуа аралы туралы болса антигуалықтар, Барбуда аралы туралы болса барбудалықтар
Валютасы Шығыс кариб доллары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .ag
ISO коды ATG
ХОК коды ANT
Телефон коды +1-268
Уақыт белдеулері -4

Мемлекеттік құрылысы — британ үлгісіндегі парламенті бар конституциялық монархия. Үкімет басшысы — премьер-министр. БҰҰ-ның және Ұлттар Достастығының мүшесі. Астанасы және негізгі порты — Сент-Джонс, онда 36 мың адам (1994) тұрады. Антигуа және Барбуда халқы негізінен арғы тегі африкалық зәңгілерден құралған.

Діни сенімі жағынан көпшілігі — протестанттар. Ресми тілі — ағылшын тілі.

Аралдардың климаты тропиктік, пассаттық. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 1000-1500 мм. Ұлттық табыс көзі — қант құрағы мен мақта өсіру және туризм. Оңтүстігінде жиһаз, тоқыма, тұрмысқа қажетті электротехникалық бұйымдарын шығару ісі дамыған.

Тарихы

Антигуа аралын 1493 ж. Х.Колумб ашып, әуелі Испанияның, 1632 жылдан бастап Ұлыбританияның отарына айналды.

1940 ж. Англия аралдардың біраз бөлігін әскери-әуе және әскери-теңіз базасы етіп пайдалану үшін 99 жыл мерзімге АҚШ-қа берді. 1977 ж. Антигуа және Барбуда елдегі соғыс базаларын сақтау туралы АҚШ-пен келісімге қол қойды.

1967 ж. “Ұлыбританиямен ассоциацияланған мемлекет” статусын алды. 1974 жылдан Кариб қоғамдастығына мүше. 1981 ж. қарашаның 1-інде Антигуа және Барбуда тәуелсіз мемл. болып жарияланды.

Экономикасы

Антигуа және Барбудада қант құрағы мен мақта өсіріліп, шетке шығарылады. Ұлттық табыстың негізгі көзі — туризм. Басты порты Сент-Джонс ел экон-сының кәсіпкершілік орталығы болып саналады.

Дереккөздер


Tags:

Ағылшын тіліКариб теңізіОрталық АмерикаРедондаХалықаралық фонетикалық әліпби

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыТөтенше жағдайҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыАмерикаЭволюциялық ілімАқсу-Жабағылы қорығыНұркен ӘбдіровҮш Жүз партиясыСалауатты өмір салтыБағыныңқы сөйлемТүркістан автономиясыӘбу Райхан әл-БируниМақалаТұсаукесерМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміМахамбет ӨтемісұлыҚатерлі ісікКартопОрбұлақ шайқасыБұқар жырау ҚалқаманұлыАналық жыныс жасушасыСөз таптарыАлғашқы көмекҚазақстанның мұнай өнеркәсібіАдамның табиғатқа әсеріКөптік жалғауАйдын Ақанұлы АйымбетовЛенинград шайқасыДәулеткерей ШығайұлыӨсімдіктерӘмір ТемірХалықаралық балалар күніҚуандық Уәлиханұлы Бишімбаев1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚаңлыларҚоршаған ортаҚоршаған ортаны қорғауҚожа Ахмет ЯсауиТемірХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміИталияДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевОңтүстік ҚазақстанМодификациялық өзгергіштікҰрықтануМәдениеттануМагмалық тау жыныстарыЭволюцияҰйқы безіБарсакелмес қорығыМашинажасауЖаңа білім беру жүйесіЭкономикалық интеграцияАндроново мәдениетіСабақтас құрмалас сөйлемСәулетҚазақстан астанасыДүниежүзілік сауда ұйымыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніҚазақ тіліЭлектромагниттік индукцияӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановАғашТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріЖайықИзомерияТұқым қуалайтын өзгергіштікРахат кондитер фабрикасыАуыл шаруашылығыМагнит өрісіДәнеш РақышевТуризмПысықтауышМюнхен келісіміЖүсіпбек АймауытовБауырымен жорғалаушыларАксонАбай жолы (роман)🡆 More