Үлгі:Infobox disease Аналық безі обыры (ісік) - эпителиалды дамитын аналық бездердің қатерлі ісігі.
Бұл мақалада дереккөздер жетіспейді. Ақпарат тексерілмелі болу керек, немесе мақала жойылуыға ұсынылады. Сіз бұл мақаланы өндеп үлес қосуыңыз мүмкін: ол үшін сенімді дереккөздерге сілтеме жасауыңыз қажет. |
Аналық бездің барлық қатерлі ісіктерінен эпителиалды қатерлі ісіктер 80-90% құрайды. Эпителиалды ісіктердің көзі болып аналық бездің тері эпителиі.
Аналық бездің екіншілік обыры қатерленген целиоэпителиалды кистомалар нәтижесінде дамиды (онкология институтының мәліметтері бойынша, барлық целиоэпителиалды кистомалардың 45,8% қатерленеді), псевдомуцинозды кистомалар, герминогенді ісіктер (дермоиидты кисталар), жыныс стромасының ісіктері (гранулезожасушалы ісіктер, андробластомалар, текомалар).
Құрсақ қуысы бойынша ісіктердің жайылуы серозды сұйықтықпен өтеді, жиі құрсақ қуысының ішкі қабырғасы зақымдалады, әсіресе оң жақ диафрагмаасты кеңістік, сонымен қатар, имплантационды жолмен зақымдалатын үлкен сальник. Сондай-ақ, ісіктердің диссеминациясы парааорталды және паракавалды түйіндерге лимфа жолымен өтеді.
Лимфалық дренаж және лимфогенді метастаздану, жатырдың кең байламына және жамбастың құрсақ қабырғасында болады, сыртқы мықын, жабылатын және құртасты қосады. Ісік сирек жатырдың дөңгелек айналымы жолымен түйіндерге жайылады, кейіннен шап лимфа түйіндері қосылады. Көптеген жағдайда асқынған кезде науқастарда ретроперитонеалды лимфотүйіндер де анықталады.
Аналық бездің эпителиалды қатерлі ісіктерінің негізгі жіктелуін БДҰ және FIGO өндеген. Номенклатура жасушаның түрін, ісіктің орналасуын, қатерлену деңгейін көрсетеді.
Эпителиалды жүретін аналық бездің қатерлі ісіктері:
Карцинома:
Жиі симптомдары болып іштегі, белдегі ауырсынулар, іштің кебуі, асцит, гидроторакс табылады. Бірақта бұл симптомдар аналық бездің қатерсіз ісіктеріне де жатады. Тек кеш сатысында ғана жалпы астенизация, жалпы дефекацияның және зәршығарудың бұзылуы байқалады.
Міндетті тексеру:
Қосымша тексеру:
I* I Процесс кіші жамбас бойнша таралған бір немесе екі аналық безді қамтыған.
I* V алыс метастаздар
Негізгі ем әдісі болып хирургиялық табылады. Аналық бездің қатерлі ісігі болған кезде жатырдың қынапүсті ампутациясы немесе жатыр экстирпациясы жатырды, қосалқыларымен, үлкен сальникті біруақытта алып тасталынады. Жатырды толығымен алып тастау жатыр мойнының қынапты бөлігіне қосымша процесстер енген кезде жасалынады.
Жатыр қосалқыларын екі жақты алып тастау ерте ме кеш пе процесс екі аналық безі зақымданғанда болады. Аналық безі обырының метастаз беруінің негізгі көзі болғандықтан сальник резекциясы міндетті түрде жасалынады. Хирургиялық ота кезінде экспресс-биопсия міндетті және негізгі болып табылады, өйткені ісіктің құрылымы мен сипаты жайлы нақты ақпарат береді.
Аналық без обырын емдеуде химиотерапияда маңызды рөл атқарады және оперативті еммен бірге жүргізіледі. Аналық без обыры кезінде жиі платиналар, циклофосфан, таксол, метотрексат, лофенал, фторурацил және басқа да цитостатикалық препараттар қолданылады.
Препараттарды таңдай кезінде келесі факторларды ескеру қажет:
Гормоналды терапия қосымша мағыналы болады. Науқастар менопаузадан кейін тестостерон пропионат қабылдайды күніне 50 мг бұлшықет ішіне 2 ай бойы, содан кейін тілдің астына метилтестостерон күніне 30 мг, біртіндеп мөлшерін 10 мг дейін түсіреді.
Аурудың болжамын анықтайтын негізгі факторлар болып келесілер табылады:
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Аналық без обыры, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.