Алхоры

Алхоры — раушангүлділер тұқымдасына жататын, жемісі сүйекті бұта және ағаш тәрізді өсімдік.

Еуропада, Солтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, Шығыс және Орта Азияда өседі. Ағашынан 40-100 кг-ға дейін өнім алынады. Жемісінен тосап, сусын, шырын, шәрбат және т.б. дайындалынады. Құмдақ, жақсы ылғалданған, қызыл-қоңыр топырақты ыңғайлы көреді. Диқандар оны телімдеу, көзбақтау, балапан бұтақшалар, көзқалемшелер әзірлеу әдістері арқылы өндіріп, өсіреді.

Алхоры
Алхоры
Алхоры
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Тегі: Алхоры

Өсімдік туралы

Алхоры – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын ағаш және бұталы өсімдік. Отаны – Кіші Азия, Кавказ және солтүстік Иран. Қазіргі кезде мәдени алхорының 2000-ға жуық түрі бар. Жер шарының барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарында таралған. Ағаштың биіктігі 3-12 м аралығында болады. Кейбір түрлерінің бұтақтары тікенекті болып келеді. Жапырағының жиектері аратісті. Сұрпына қарай гүлі ақ, қызғылт түсті болады. Жемісі ірі. Жемісінде салыстырмалы үлкен сүйегі бар. Түсі алғашында жасыл, кейін піскенде күлгін болып өзгереді. Түсі сары, күңгірттеу сарғылт, жасыл, қоңыр-көк алхорылар да бар. Жемістің пішіні сұрпына қарай сопақша, сопақша-домалақ және домалақ болады. Дәмі де сұрпына қарай тәтті, қышқылтым-тәтті және қышқылдау болып келеді. Еті тығыз, шырынды, сүйегінен оңай ажыратылады.

Қолданылуы

Алхорының құрамында су, қант, пектиндік заттар, өзектер, органикалық қышқылдар, В1, В2, РР, С,А дәрумендері, сонымен қатар натрий, калий, магний, фосфор, йод, мыс, мырыш сияқты минералды заттар бар, әсіресе, темірге бай. Және де алхорыда Е дәрумені шие, апельсин, мандарин, алмұрт жемістеріне қарағанда көбірек болады. Алайда С дәрумені аз, бірақ бұл оның пайдалылығын кемітпейді. Өйткені құрамында Р дәрумені көп, ол қан қысымын түсіруге және қан тамырларын нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар алхорының құрамында темір көп болғандықтан, ағзаны темірмен қамсыздандырушы деп атауға болады. Темір – қан аздықтың алдын алу және емдеу үшін қажет. Алхоры ағзаны холестериннен тазалауға жақсы көмектеседі. Кептірілген алхорыны ішті жүргізуге, несеп айдағанға қолданады. Алхорыдан компот, шырын, тосап, қақ жасайды.

Алхоры туралы тақпақ

Мекен еткен Мысырды,

Ұнатпайды қысыңды.

Ерте гүлдеп алхоры,

Сәл суыққа үсінді.

Бүйректі емдер адамдар

Дәрі жасап дәнінен.

Шыдамайды суыққа,

Өзгелерден нәзіктеу.

Күтімі

Алхоры 10-15 жыл жеміс береді. Алхорыны тұқымнан және вегативті тәсілмен – қаламшалау, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызылғаннан кейін сұрыпына қарай 2-7 жылдан бастап жеміс бере бастайды. Бір ағашы 100 кг-ға дейін жеміс беретін түрлері бар. Алхоры желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Қырқу жұмыстарын жапырақтары шыққан кезде жүргізеді. Құрғақшылыққа шыдамсыз. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.

Сілтемелер

Дереккөздер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8


Tags:

Алхоры Өсімдік туралыАлхоры ҚолданылуыАлхоры туралы тақпақАлхоры КүтіміАлхоры СілтемелерАлхоры ДереккөздерАлхорыЖемісОрта АзияРаушангүлділерСолтүстік АфрикаСусынШырын

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ОнкологияІш өтуСалт-дәстүрҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріТәуелдік жалғауТұқым қуалаушылықЖалпы ішкі өнімҒылымДемократияМахамбет ӨтемісұлыШерхан Мұртазаұлы МұртазаЗалалсыздандыруАқпан төңкерісіҚызыл Жұлдыз (Жамбыл облысы)1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісАзотОтырарКүрделі эфирлерИса МәсихҮстеуНаурыз төлДулат БабатайұлыТың игеруСенсорлық жүйеОңтүстік АмерикаКәлимәҚожа Ахмет Ясауи кесенесіҚорқыт атаҚазақстан қорықтарының тізіміӘбу Насыр Әл-ФарабиКөшпенділер (трилогия)Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевМобильді қосымшаларҚазақстан және БҰҰҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіЕңлік — Кебек (пьеса)БразилияИсламдағы жыныстық өмір әдебіШешендік сөздерҰлыбританияТранспирацияМәдениетӨзбекәлі ЖәнібековДаун синдромыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаТүркістан автономиясыЭндокриңді бездерОбаФонетикаМузыкаҚытайБұлтты технологияЕсік Алтын адамыГалогендерҚазақстан аудандарыКөлденең жолақты ет ұлпасыМультимедиаҚұрманғазы СағырбайұлыКіші жүздің Ресейге қосылуыБүйрекүсті безіҚиялКарбон қышқылдарыӨсімдіктер гормондарыПиелонефритҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміВолейболАсан қайғы СәбитұлыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныСан есімИслам күнтізбесіОперациялық жүйелерҚазақ философиясыТірек-қимыл жүйесіҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыНьютонның бірінші заңыАқуызАтрофияӘлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов🡆 More